Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет67/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Адам және экономика.

Адамның қажеттіліктері. Кез келген адамға қалыпты өмір сүру және жетілу үшін белгілі бір материалдық игіліктер қажет. Олардың қатарына азық, киім, баспана, көлік, тағы басқалар жатады. Сонымен қоса, адамның қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі. Оған өзге адамдармен жүздесу, танылу, сыйласу, сүйіспеншілік сезімдері де тән. Осының бәрін біз қажеттік дейміз. Қажеттіліктер адамның зауқын, эмоциясын, ойы мен еркінің бағыттарын айқындай отырып, оны белсенді әрекетке итермелейді.

Қажеттілік –ағзаның қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағаттандырылмауымен шартталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталған күй.Адамзаттың тарихи дамуының алғашқы кезеңінде адамдардың қажеттіліктері табиғатта кездесетін дайын азықтармен өтелді. Кейін қажеттіліктердің көпшілігі адамдардың өздері еңбек етіп өндіретін өнімдермен өтелетін болды.

Адамға тән қажеттіліктер алуан түрлі болады. Олар ағымдық және ұзақ мерзімге қолданылатын қажеттіліктер деп бөлінеді. Осыған орай адамның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған материалдық игіліктердің көпшілігі күнделікті тұтынатын заттар деп бөлуге болады. Бұлардың біріншісіне тамақ, ауыз су, киім, баспана және сол сияқтылар жатады. Екіншісіне қымбат және сәнді бұымдар, көпшіліктің қолы жетпейтін автомобиль маркалары, виллалар жатады.

Адам тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектеліп қалмайды. Қоғамның дамуы адамның әлеуметтік қажеттіліктерін үнемі алға тартып отырады. Адамның қажеттіліктерінің құрылымын мейілінше айшықты анықтап берген америкалық ғалым А.Маслоу болып табылады. Ол ұсынған жүйе бойынша, адамның қажеттіліктері бес топқа бөлінеді және маңыздылығының өсуіне сай ретпен орналасады.Олар мыналар:

1.физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, су, демалыс);

2.өзін қорғау қажеттігі (қауіпсіздік, қорғану);

3.әлеуметтік қажеттіліктер (адамдармен жүздесу, қарым-қатынас, билік, махаббат);

4.адамның тұлға ретінде танылу қажеттілігі (мәртебе, бедел);

5.өзін көрсету қажеттігі (өзін-өзі дамыту, бойындағы мен санасындағыны іске асыру).

Қажеттіліктердің бұл құрылымының мәні адамның нарықта өзін-өзі ұстау тактикасымен тығыз байланысты. Әр адам ең алдымен өзінің алдыңғы қатарлы, басым қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Осыған қолы жеткен кезден бастап қажеттіліктің бұл түрі адамның мінез-құлқындағы қозғаушы мотив болудан қалады. Алдыңғы лекке маңыздылығы жағынан келесі қажеттілік шығады.

Қоғам дамыған сайын адамға өзінің көптүрлі қажеттіліктерін өтеу жеңіл бола бастады. Енді адам бәрін өзі жасамайтын болды. Оған өнімнің бір түрін шығаруды меңгеріп алу жеткілікті. Оны ол өзіне қажетті өзге тауарларға айырбастап алады. Адам өзгелермен істес болуға мәжбүр болады. Нарықтың мәні осыдан туындайды. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам өзгелерге бірдеңесін айырбасқа ұсынады.

Нарықта айырбас жасаудың нәтижесінде өзінің қалағанын ала отырып, адам оны уақытша қанағаттандыратын, сонан кейін жаңа қажеттіліктерді тудыратын тікелей тұтынушылығын іске асырады. Енді ол тағы да өзінің жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыратын игілік үшін тағы бірдеңені өндіруге кіріседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет