Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Бала тілінің қызметі. Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланыстылығы



бет26/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
лекция

Бала тілінің қызметі. Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланыстылығы.

Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатынастық, танымдық, реттеушілік.

Қ а т ы н а с т ы қ қ ы з м е т – ертеректегі: өмірдің тоғызыншы айынан он сегізінші айына дейін түрленген былдырлауынан туындайтын баланың бірінші сөзі дәл осы қызметті атқарады. Айналасындағы адамдармен қарым - қатынас жасау қажеттілігі баланың сөйлеуін одан ары жетілдіруге сөйлеуін ынталандырады. Екінші жылдың аяғында бала айналасындағы адамдар анық түсінетіндей өз тілегін, бахылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне сөйлеген ересек адамның сөзін түсінеді.

Бала үш жастан аса іштей сөйлеуді меңгере бастайды. Дәл осы кезден бастап сөз ол үшін тек қарым – қатынас құралы ғана болудан қалады да, енді басқа да қызметті, ең алдымен т а н ы м қызметін атқарады: бала жаңа сөздерді және жаңа граматикалық формаларды меңгере отырып, өмір туралы, заттар туралы, өмірдің шындық құбылыстары мен олардың қарым – қатынасы туралы түсінігін кеңейтеді.

Балада қатынастық және танымдық қызметтердің қатар дамуымен бірге оның м і н е з – қ ұ л қ ы н р е т т е у ш і ретінде сөзді меңгеру басталады. Баланың мінез – құлқын реттеуші алғашқы сөздер – болады, болмайды және етістіктің бұйрық рай түріндегі іш жүр сияқты сөздер.

Болмайды! – ересек адам пышақтың жүзіне немесе жалынға қол салған балаға үрейленген дауыс сенімімен. Витяның қол ауырады.

Болмайды! – дейді ол ренішті дауыспенғ, егер бала саусағымен оның көзін түртіп қоймаса. – Ауырады ғой. Онда да сен мені аяп қолыңмен сипа.

Болмайды! – дейді анасы кесімді түрде, ол жыртпақ болған кітапты қолынан алып – Кітап Витядан кетіп қалады да: « Витя жаман екен » дейді.

Мұмдай сөздер баланың санасын өздігінен оятады, еркін машықтандырады, тәртіптендіреді. Жеке адамның қасиеті ретіндегі тәртіп, кейінірек болатын өзін – өзі тәрбиелеу – адамға қажетті мінез – құлық дамуының кепілі.

Әрине, болмайды деген сөз, баланың мінез – құлқын реттеуші сөздер сияқты, оның санасына дұрыс түсінікпен енуі керек, нақтылап айтқанда, шамамен жоғарыда келтірілген: ақылды, мейрімді, елгезек болу, айналадағы адамдардың мүддесін құрметтеп, өз адамгершілігін де сақтай білу керек деген дәлелге жақын болу тиіс. Болмайды деген сөзді баланың санасына қорқытып – үркітудің синонимі ретінде сіңірітін тәрбиешілер орны толмайтын қателіктер жібереді. Мұндай жағдайда, жаза алу қорқынышы жалған болғанда бала қауіпті ойынмен ойнайды, ол тыйым салған нәрсені қасақана жалғастыра береді.

Бала бұйрық етістіктерін де « болмайды » деген сияқты жағымды эмоциямен қабылдауы керек. Сонда бұл сөздер баланың еркін жаттықтыру құралы болады да, ол сөзді дұрыс қабылдай отырып: өзінің мінез – құлқын реттеуші қызмет атқаратын, өзі үшін жаңа сөздердің мәніне ой жүгіртеді. Аөырында, бала өзіндік мінез – құлқық жасау үшін өз тілімен сөйлеуге үйренеді. Бұл- тілді меңгерудің жоғары формасы.

Баланың қарым – қатынас жасау, өмірді тану, өзінің іс – әрекетін жоспарлау қабілеті мидың дамуына байланысты қалыптасады, бірақ даму процесі көбіне машықтануға, яғни оның осы кезге дейін меңгерген сөздеріне үнемі назар аударуына байланысты.


Тақырып №28. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық. Балабақшада әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Балалардың тілін дамытудағы балабақша меңгерушісінің, тәрбиешісінің басшылығы. Тәрбиешінің білімін көтеру. Озат тәжірибені тарату. Консултация, практикум, семинарлар өткізу әдістемесі.

Ауызекі сөйлеген екі адам бір біріне айтайын деген ойын, сезімін білдіргенде дауыс реңкін әлденеше құбылтады. Алуан түрлі дыбыстау әуені сөзді ашық, айқын, ширақ, нанымды етеді. Сөйлеген сөзінен адамның мінез-құлқын қарым-қатынасын аңғарасың.

Көркем сөз орындаушы мәнерлеп оқудың барлық тәсілін жете игеру үшін көп дайындалу керек, сонда ғана мәнерлеп оқуға төселеді, дағдыланады, сиқырлы сырын игереді.

Көркем сөз оқу өнерімен жаңа шұғылдана бастағандар радиодан, теледидардан, театрлардан көркем сөз айтатын шеберлерді мұқият тыңдап, көңіл зердесіне қою керек. Көркем сөз оқу өнерімен жаңа талаптанып жүргендер, балабақша тәрбиешілері әуелі мәнерлеп оқумен нақышына келтіріп әңімелеп берудің интонация (сөз сазы, айтылу мәнері), логикалық екпін, пауза (дауыс толасы кідіріс), дауыс күші және басқа тәсілдерін дәйектілікпен игеруі қажет.

Көркем сөз оқушы осы тәсілдердің біреуін ғана қолданбаған жағдайда оның сөзі, әңгімесі солғын шығады, тыңдаушыларды баурап әкете алмайды.

Мәнерлеп оқудың тәсілдері мыналар:

Негізгі дауыс сарыны

Негізгі дауыс сарыны дегеніміз көркем шығарманың ауызша естілу әуезі.

Негізгі даусы сарыны көркем шығарманың мазмұнымен түріне қарай түзіледі. Әдеби материалдардың, тақырыбына идеялық мазмұнына, стиліне қарай негізгі оқылуы айқындалады.

Балаларға арналған әңгімелердің көпшілігі қоңыржай бірқалыпты сарынмен оқылады.

Шаттық қуанышты сарынмен оқылатын шығармаларға көктемдегі жан-жануарлардың бой жазуы тірілуі, табиғаттың жандануы қуаныш сезімін туғызатын суреттейтін жатады.

Мұңды сарынмен оқылатын шығармаларға кейбір лирикалық өлеңдер жатады.

Сонымен дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұнына лайықты шығаруға тиіс. Негізгі дауыс сарынының құбылуына көркем туындының жанры, стилі, тілі де әсерін тигізеді.

Интонация және оның компоненттері

Интонация (айтылу мәнері) естілетін сөздің мәнерлегіш тәсілдерінің біріне жатады.

Олар (дауыстың қатты, жай шығуын құбылуы – дауыс күші, кідіріс, дауыс қарқыны, сарын т.б.) сөз дыбыстарымен қосақтала іліктесіп айтылады да үстеме мәнге ие болады, бірақ сөз дыбыстарындай жеке-жеке ажыратылмайды және сөздің материалдық қабығынан тыс өмір сүрмейді.

Сөз сазы – сөйлеудің мәндік, эмоциялық нақыш болуы. Ол көркем сөз орындаушының ішкі сезімін, ойын білдіретін, көркем образды бейнелерге көмектесетін алуан түрлі дауыс реңкі.

Интонацияның нақыш бояуы бірнеше компоненттерден тұрады. Олар: екпін, дауыс күші, кідірістер, қарқын тембр дауыстың саналы бояуы.

Бұл компоненттердің бәрі де сөйлеудің дыбыстың қабығы-оның естілді сөйлеудің заттық мазмұны мен мәнінің жүзеге асуы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет