Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №6. Әдіс-тәсілдерінің түрлері, мәні. Сабақтарда сөздік, көрнекілік әдістерін



бет8/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №6. Әдіс-тәсілдерінің түрлері, мәні. Сабақтарда сөздік, көрнекілік әдістерін

қолдану.

Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы. Білім беру Заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсартудың тиімді жолдарын нақты айқындауды талап етеді.

Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарыт ретінде тәрбиелеу мен білім берудің тұжырымдамалары жасалынып, соның негізінде оқыту, тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделуде. Бұрын қолданылып келген бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары қайта қаралып оларға толықтырулар енгізілуде.

Аталған құжаттарда басты назарда болған мәселенің бірі - адамгершілік тәрбиесі. Онда ұрпақты имандылыққа, адамдыққа тәрбиелеу шешуші орын алатыны сөзсіз.

Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінд» деп аталатын еңібегінде: ......елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ққастерлеуден, заңды үкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан «Менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын, - деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн»- деп көрсетті.

Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың ертеңгі қажетін өтерлік елін, жерін сүйетін, отаншыл, адамгершілігі мол, білімді, парасатты, ана тілін, ата-баба әдет -ғұрыпын, салт –дәстүрін бойына сіңірген, оны ққастерлей білетін азамат өсіруде ұстанатын басты тәрбие құралымыз - бағзы заманна бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған халық ауыз әдебиеті, ақын -жазушыларымыздың таңдаулы туындылары.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының қағидалары, «Білім туралы» Заңы «11.09.1999.», «Мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы» (1991ж.), «Үзіліссіз тәрбиенің тұжырымдамасы» (1995ж.). т.б. құжаттар негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге арналған төл туынды «Балбөбек» бағдарламасы дайындалып, 1991-19995 жылдар аралығында байқаудан өткізіліп, 1996 жылғы 22 қарашадағы Білім министрлігінің №11. 1 /1 алқа шешімі бойынша бекітіліп жаппай тәрбиеге енгізу ұсынылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет