Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Frame Relay технологиясы бойынша каналдарды ұсыну



бет66/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3

Frame Relay технологиясы бойынша каналдарды ұсыну


Frame Relay технологиясын пайдалану берілгендерді, дауысты және факстарды интеграциялау үшін ведомстволық желіні динамикалық басқару мен маршруттау арқылы каналдар ресурсына бөлу және өткізілу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл ресурсқа қосылу және локальдық басқаруды ұйымдастыру қосылған аймақтық түйіндер үшін ведомстволық Intranet желісін құрайды. "Интрасеть" термині (intranet) Internet технологиясы мен стандартына негізделген ведомстволық желілер үшін пайдаланылады. Осындай ашық технологияларды пайдалана отырып, қызметкерлер қай жерде болса да мекеме өз бөлімшелеріне бір сәтте-ақ қажетті ақпаратты жеткізе алады және ақпаратты осы тәсілмен жеткізу басқа тәсілдерге қарағанда арзанға түседі. Бөлімшелері әр жақта орналасқан көптеген ірі мекемелердің ақпаратқа кететін шығыны артады. Негізгі технологияларын интрасеть құрайтын желілердің арнайы платформалары және жалпы пайдаланылуы тәуелсіз болады. Нәтижесінде кез келген бөлімшесі интрасетьке қосылған мекеме ондағы ақпаратты стандартты бағдарламалық жабдық, факсимильдік хабарламалар жіберу көмегімен, сонымен қатар сапасы жоғары телефон байланысын орнату үшін пайдаланылады.
Жобаның негізі Frame Relay желісі негізінде ішкі Intranet желісін құруға мүмкіндік бертіндігінде болып саналады. Ведомстволық желі құрудың қолдануға ең тиімді технологиясы виртуальдық желі құру болып табылады. Frame Relay арқылы Internet желісіне қаржыны үнемдеу мақсатында қосылуға болады және Intranet пен Internet желілеріне қосылу үшін бір құрылғы қолданылады. Аймақтық бөлімшелерінде берілгендер мен тілдердің интеграциясын пайдаланатын және бір мезетте IP-маршрутизатор функциясын орындайтын, бағасы да қымбат емес FRAD - Frame Relay Access Device бағдарлмасын қолдануға болады. Тапсырыс беруші Frame Relay желісі қызметтерін және осы қызметтерге пайдалануға болатын жабдықтарды телекоммуникациялық компаниялардан сатып алуына болады. Осылайша ведомстволық (бөгде адамдар қолдана алмайтын) Frame Relay желісінің жалпы пайдалануға болатын және желіні бақылайтын әрі басқаратын қызметтерін пайдалана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет