Лекциялық материалдың мазмұны


Ы.Алтынсарин мұражайының тарихына тоқталу



бет4/5
Дата23.08.2017
өлшемі0,92 Mb.
#24827
түріЛекция
1   2   3   4   5

2. Ы.Алтынсарин мұражайының тарихына тоқталу.


Әдебиеттер: Н-1,2, Қ-9,10

14-15. Тақырыбы: Мектептегі мұражайлар.


Мақсаты: Мектептегі мұражайлардың түрлерін анықтап, маңызы мен рөлін көрсету.

Жоспар:

1.Мұражайлардың түрлері

2.Мұражайлардың маңызы мен рөлі.

Әдістемелік нұсқаулар: 1-ші сұрақта мұражайлардың түрлерін анықтап, сипаттама беру.2-ші сұрақта мұражайлардың маңызы мен рөлін көрсету,әсіресе мектеп мұражайларына тоқталу. Олардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын көрсету.


Бақылау сұрағы:

1.Қандай мектеп мұражайларын білесіңдер.

2. Мұражайлардың маңызы мен рөлін атаңдар.

Әдебиеттер: Н-1,2, қ-9,10.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы



Лекция материалдары

Қостанай , 2009 .


Лекция сабағының мазмұны
№ 1. Тақырыбы: Кіріспе

Мақсаты: Пәннің мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру, басқа пәндермен байланысын көрсету.

Жоспары

1.Пәннің мақсаттары мен міндеттері.

2.Басқа пәндермен байланысы

Мектептік мұражай танымдық және тәрбиелік құндылығы бар материалдарды жинау, зерттеу, дайындау және насихаттау үрдісінде оқушылардың өзіндік қызметтерін, белсендігін дамытатын қосымша білімнің бір түрі болып табылады.

Қоғамның әлеуметтік диферанциялау, рухани құндылықты девальвациялау ел халқының әлеуметтік және топтық қоғамдығын құруға кері әсер еткенін соңғы уақыттағы оқиға көрсетті, патриотизімді қалыптастырудың маңызды факторы ретіндегі өнер және білім, ресей мәдинетінің тәрбиелік әсері төмендеді. Ресейлік патриотизмді құруға біздің қоғаммен бірте-бірте жұмсаулар байқала бастады.

Тәрбиелеу жүйесін құруда мұражайдың қызметіне маңызды рөл жатады.Ол әлеуметтік маңызды құндылықты қалыптастыру және дамытуды қарастырады. Отан соғысындағы батырлық, мәдениет, саясат, ғылым айналасында елдің жетістіктерін көрсеткен уақиғалар өнегелік идеялардың сапасын сақтаған.

Мұражай оқушылардың азаматтық-патриоттық сапасын қалыптастыруға, ойлауларын және тәрбиелеу танымдықтары мен қаблеттерін кеңейтуге, оқушылардың зерттеу қызметтері мен іздену практикасын меңгеруге қосымша білім құралы арқылы білім үрдісін жетілдіру мақсатында қызмет етеді.

Сабақтың тиімділігін арттыру үшін, оының тәрбиелік мәнін ашу үшін мұғалім оқу жылына немесе жарты жылға жоспарлағанда оқушылардың мұражайдағы жұмыстарын қарастырған жөн.

Мұражай өзінің жұмысын өзін-өзі басқару негізінде ұйымдастырады. Мұражай жұмысын мұражай кеңесі бағыттайды. Кеңес оқушылардың белсендігін тарта отырып:


  • Мұражайды әрі қарай дамыту және толықтыру үшін жинақталған жұмыстарды жібереді.

  • Қолдағы қордың есебін және сақталуын ұйымдастырады, мұражай экспозициясы бойынша экскурсия өткізеді,

  • Жұмыс жоспарын жасайды.

Мақсатты бағытталған жүйелі педагогикалық жетекшілікті іске асыру- бұл оқыту –тәрбиелеу үрдісінде мұражай қызметінің шарттарын арттырудың маңыздысы.Мектептік мұражайдың жұмысына, одақ пен шығармашылық ұйымдастыруды және ардагерлікті белсенді қолдану ұсынылады.

Мектеп мұражайының жұмысын ұйымдастыру және дамыту бойынша қызметтің басты координациясын гимназия директоры, оның орынбасары – қосымша білім мен тәрбие бойынша кафедра меңгерушілері іске асырады. Олар мектеп мұражайының материалы оқу, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарында қолданылуын, барлық құжаттардың, ерекше түпнұсқалардың ұқыпты сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.


Бақылау сұрағы:Пәннің мақсаты мен міндеттері қандай.

Әдебиет:Н-1,2.

№ 2-3. Тақырыбы Мұражай және мұражай қызметінің дамуындағы жаңа тенденциялар

Мақсаты: Мұражай және мұражай қызметінің дамуындағы жаңа тенденциялармен таныстыру және талдау.

Жоспары:

1.Мұражай және мұражай қызметінің дамуы.

2. мұражай қызметіндегі жаңа тенденциялар

Қазіргі кездегі әлеуметтік мәдени ахуалды талдауда, олар барлық аяда, оның ішінде мәдениет пен ғылым аясында көрініс табатын кең ауқымды және жергілікті жерлердегі өлшемдердің күрделі жағдайдағы өзара әсер етулерін жоққа шығаруға болмайды. Білімді дифференциалау және интеграциялау үрдісінің жылдам өтетіндігі сондай, бұл мәселенің маңыздылығын есепке алмайынша, білім алудың кез-келген ауқымын дамытудың философиялық, логико-әдістемелік, ғылыми тұрғыдан даму туралы айтудың өзі артық болар еді. Жаратылыстану және дәл ғылымдардың аса жылдам дамуы әлемнің ғылыми бейнесі туралы пайымдаулардың көбеюі гуманитарлық, әлеуметтік, тарихи, мәдениет зерттеу білімдері бойынша жаңа салалардың қалыптасуы, қазіргі әлемдегі техника және ақпараттың алар орнының маңыздылығы, ғылымды барлық деңгейде, тіпті әлемдік шеңберде ұйымдастырудағы әлемдік нысандардың күрделене түсуі, білімнің, түсініктердің, әдістердің, пәндердің кешенді пәнаралық салаларының қалыптасуы. Ғылыми кеңістікті айтарлықтай қайта құруға әкеліп соқты. Қалыптасудағы ғылыми пән есебіндегі мұрағаттану орны әзірге анықтала қойған жоқ. Сонда да болса, оның ғылыми білмдердегі өзіндік орны қалыптаса бастауын айтпай кетуге болмайды. Олар көп жағдайда әлемдегі мәдени үрдістерді, олардың қозғалыстары арта түсуіне, және жан-жақты аса кең, әлемнің көпполярлы антиномияларынан бас тартуына орай, мәдениеттердегі алуан түрлілік, көпқұрамдық және бірегейлік мәселелері қайыра қараумен айналысатын әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда көрініс табатын күрделі рефлексияға тәуелді болып келеді. Мұражайтану қалыптасып кел жатқан әлеуметтік-гуманитарлық пән ретінде біртіндеп «шекаралық» парадигмаға ене түсуде, яғни мәдениеттің феномендерін теориялық-интеллектуалдық тұрғыдан талдай отырып, мәдени-тарихи сараптаудан өткізудің плюралистік тәсілін көрсетеді.

Қоғам мен мәдениетте болып жатқан түбегейлі өзгерістерді көрсету арқылы, мұражайлар қазіргі кезде айтарлықтай өзгерістерді бастарынан өткеруде. “Өзгеріске ұшырап жатқан әлемдегі мұражайлар” қазіргі кездегі шындықтың көрінісі болып табылады. Шындығына келгенде мұражай қызметінің қазіргі таңда әлеуметтік-мәдени маңызы арта түсуде, мұражайлардың мәдени мұраларды сақтау әрі оларды көпшілікке түсіндірудегі, әлеуметтік бейімделу мен мәдени біртектілендірудің күрделі үрдісіндегі, білім алу, бос уақытты ұйымдастырудағы рөлі арта түсуде. Қазіргі заманғы мұражайлар білім, коммуникация, мәдени ақпараттар алумен қатар шығармашылық иновациялардың орталығына айналуда.

Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени ахуалдар мұражайлардың өзіндік жол іздеулерін, жаңа білімдерге ұмытуларын, жаңа ойлар, рухани құндылықтарды пайдалануға итермелейді. Қоғамдық сананың қол жеткізген деңгейін есепке алатын институттан мұражай сол сапаны алға бастыратын мәдениет көрінісіне айналады. Соңғы кездерге дейін мұражай экспозицияларының сапасы мұражайға қойылған заттар мен коллекцияларында көрсетілген дәстүрлі ғылыми үлгілерге сәйкестігіне орай белгіленетін, ол қазір мұражайлар құндылықтарды жаңа тұрғыдан қарап, мұражайда қойылған заттарға ерекше көзқарас қалыптастырады, жасалып жатқан экспозициялар мен көрмелер, мәдени-білім беру жобалары ғылыми тұрғыдан зерттеу нәтижесін көрсетсе, сонымен қатар жеке тұлғалардың шығармашылық ізенулеріне жол ашады. Бұл көп жағдайларда мұражайлық қатынасты “декларация” және “монолог” саласынан “диалог” немесе “полилог” саласына ауыстыратын қазіргі заманғы мәдениет және мәдениетаралық қатынастардың әсерінен іске асырылды. Мұражайда жинақтанған ақпаратты түсінірудің алуан түрлілігі, біржақты түсіндіруге қарағанда асқан маңызға ие болды, ал ол өз кезегінде мұражай-педагогикалық белсенділікті арттыра түсті және мұражайлық жобалаудың рөлін күшейтті.

Осылармен қатар түрлі, оның ішінде виртуалдық мұражайлардың пайда болуы, сондай-ақ мұражай қызметіндегі жаңа бағыттар мен нысандардың дамуы көп жағдайларда ешбір жанарсыз, мұражай қызметінің тереңде жатқан бірлігі мен олардың түрлі деңгейдегі байланыстарын ескерусіз жүзеге асырылуда. Практиканың теориядан озып кетуі белгілі бір деңгейге дейін ғана қалыпты жағдай болып саналуы мүмкүн.

Қазіргі заманғы мұражайтану ісі мұражайлық қажеттіліктің жалпы пайда болуы мен оның дамуының заңдылықтарын, әрі мұражайдың қоғам және мәдениеттегі жаңа ролін түсінуі қажет. Бұл бір жағынан алғанда мұражайтанудың дербес пән болып қалыптасуына, екіншіден қалыптасқан нақтылы практикалық міндеттерден туындайды. Қазіргі заманғы мұражайлардың тұғырнамасын жасаған кезде мұражайға айналып отырған нысанның тарихи немесе мәдени маңыздылығын ғана ескеру жеткілксіз болып табылады. Мұражай қажеттілігінің әлеуметтік және мәдени-тарихи заңдылықтарын, сондай-ақ мұражайдың әлеуметтік-мәдени феномені ретінде жұмыс істеу негіздерін түсіну қажет.

Осыған байланысты ғылым пен практиканың векторларын анықтайтын мұражай ісін дамытудың жетекші тенденцияларына тоқталмақпыз. ХХ ғасыр бойына мұражайдың жаңа түрі ашық аспан астындағы мұражайлар кең тарады және көпшіліктің ықыласына бөленді. Осыған байланысты мұражайтану ісінде жаңа бағыт скансенология пайда болды. Мұражайлардың кеңістіктегі белсенділігі институционалдық тар шеңберге бағынбайды, әлеуметтік экспансиямен бірігіп кетеді де «ашық мұражай» феноменінде айқын көрініс табады. Олардың қызметі жинақтау, зерттеу, қорларды консервациялау және оларды көпшілікке көрсету шеңберінен шығып кеткен тәжірибе жүзіндегі мұражайлық мекемелердің пайда болуы, дәстүрлі мұражайларды жаңарту жолдарын іздеуден ғана емес, сондай-ақ, «мәдени мұра» түсінігінің күрделене түсуі және оның уақытының ұзаруына бұрындары оларға байланысты қолданылмаған салалар мен тарихи кезеңдерге тарауынан келіп шығады. Осыған орай, қазіргі заманғы мұражайтануда мұражайға қаланы, аймақты, тұтас елді дамытудың маңызды ресурсы ретіндегі мәдени мұра ретінде қарау кең тараған. Тұтас аймақтағы мұражайлардың жиынтығы дәстүрлі түрде мұражайлар желісі ретінде белгіленетін, жеке мұражай бірлік болып саналады. Соңғы кездері мұражай саласы дейтін жаңа термин кең етек жайды. Оның пайда болуын зерттеушілер мұражай кеңістігінде мұражаймен байланысты (оқу орындары, зерттеу, талдау, ақпараттық, консалтингтік, үйлестіру орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың, қорлар мен басқалардың) ұйымдардың жарыққа шығуларымен түсіндіріледі.

Қазіргі мұражайлар қызметінің ең маңызды өлшемдерінің бірі – мұражай айналасындағы және мұражай ішіндегі құрылымдарды қалыптастыру болып табылады. Мұражайлар ішінде және олармен бірлесе отырып, қалалар мен аймақтарда мұражайлық педагогиканың орталықтары, дәстүрлі мәдениет орталықтары, қоғамдық өмірдің орталықтары, клубтар, қоғамдар құрылуда. Мұражай мен әлеуметтік өзара іс-әрекеттердегі өзгерістер мұражайларды басқару жөніндегі функциялардың бір бөлігін түрлі қауымдастықтарға, қорларға, қоғамдық және жеке ұйымдарға беруде көрініс табады. Түрлі елдерде, оның ішінде, Ресейде де, олардың дамуына ықпал ету мақсатында мұражайлар достарының клубтары мен қоғамдары құрылуда. Меценаттық, демеушілік біртіндеп нақтылы нысанға ие бола бастауда; бүгіндері әлемдік тәжірибеде кең тараған және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде де белгілі бола бастаған мұражай достарының клубтары немесе қоғамдары құрылады, олар тек қана қаржылық қолдау көрсетіп қоймайды.



Бақылау сұрағы:

1.Мұражай қызметінің дамуына сипаттама беру.

2.Жаңа тенденцияларды атаңдар

Әдебиеттер Н-1,2, Қ-1,3
№ 4-5. Тақырыбы Мұражайлардағы мәдени мұра.

Мақсаты: Мұражайлардағы мәдени мұраны сипаттау, оның негізгі ерекшеліктерін көрсету.

Жоспары:

1.Мұражайлардағы мәдени мұра.

2.Мәдени мұралардың категориялары.


Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностық тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Ә. Х. Марғұлан өз зерттеулерінде баса көрсеткен. Ол – қазақ фольклорын, оның ішінде қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйеніп, тарих пен этнографияны байланыстыра отырып, тарихи фольклорды алғаш реткешенді түрде зерттеген ғалым. Сонымен қатар ол осы тарихи жыр-аңыздарында қазақ халқының генезисін және өсіп-өрбу жолдарын кеңес дәуірінде нақтылы айқындап, алғаш ашқан ғалымдар қатарына жатады.

Ә. Х. Марғұлан шашырап жатқан сан ғасырлық мұраларды, замана айғақтарын типологиялық және нақтылы тарихи аспектіде зерттей отырып, халықтың рухани игілігіне айналдыруды мақсат еткен.

Мәдениеттің барлық түрлеріне, оның ішінде, мәдени мұра мәселесіне көңіл бөлудің тағы бір себебі ол: дүниежүзілік өркениеттің негізін құрайтын ұлттық мәдениет, қол өнері және олармен тығыз байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің азайып, «технизация», «урбанизация» деп аталатын үрдістермен алмасуы.

Италияның халықаралық мұражайлар комитетінің төрағасы Дж. Пинна осы материалды емес рухани мәдени мұраларды үлкен үш категория етіп қарастырады.



Бірінші топ: ата кәсіп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, халықтың би өнері, тұрмыс ерекшіліктері, т. б.

Екіншші топ: тілі, әндері, халық ауыз әдебиеті.

Үшінші топ: халықтық тәрбие, ағартушылық, тәлімгерлік тәрбие.

XIX ғасырда шеберлер, ісмерлер дайындаған тұскиіз, сырмақ сақталған болса, пайдаланған ою үлгілерін, бояуды, жіпті, матаның түрлерін немесе жүн тауып сол сырмақты немесе тұскиізді жаңғыртып, қайта жасауға болады. Ал, ауыз әдебиеті үлгілерін, өзгеріссіз дәл сол қалпында қайталау мүмкін емес. Осы ғана дәлел бір ғана «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының он бес, он алты вариантының болуы. Бірақ жыр сақталған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» көп жырлаған ақындардың бірі – Шөже. Шөже ақын жырды 1820 жылға дейін 50 жылға дейін жырлап келген. Оның айтқан нұсқалары Ақмола, Семей, Торғай облыстарында кең тарғандығын зерттеп жазған Әлкей Хақанұлы еді.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ерте кезде жазылған қазақша бір нұсқасын уақ Баян батырдың ұрпағы Абылхайыр Дербісалин жырлаған. 73 жасында жырдығ ең жақсы варианттарының бірін жырлап өткен Найман Қаракерей елінен, Айтбай Дандыбайұлы туралы, сондай-ақ «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» - Сыбанбай ақын, Қатпа ақын, т. б. орындаған. Әсіресе, көп орындаушылары Аягөз бен Лепсі бойы ақындары екенін және олардың қолжазбаларының сақталмағанын айтады.

Рухани мұраны сақтаудың бірден-бір жолы – тәлімгерлік, әке жыршыдан – бала жыршыға мирас етіп қалдыру деген пікірді Әлкей Хақанұлы жазған еді. Өйткені тарихи жыр-аңыздарда үлкен тарихи хабарлы оқиғалар сақтаулы, оны ересек кісіден бірден ұғып түсіне алу қиын, сондықтан бірізділік болмай тарихи фактілер бұрмаланып дұрыс баяндалмайды. Осы себептерге байланысты ақын-жыршы өз баласын немесе шәкіртін кішкентай кезінен бастап үйретеді. Бала жасынан жыр аңызды жатқа оқып үйрене бастайды да, өз жадын, өз елі хақында ой өрісін әрқашан дамытып отырады.Ал, қандай да болсын мұражайладың зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстарын толық мәнді іске асыру үшін археология, тарих, этнография, мәдениеттану, өнертану, әдебиет, көркемсурет, т. б. (мұражайлардың профиліне байланысты) қай салада болсын тұрақты және нақты ғылыми зерттеу жұмыстары қажет болса, сол зерттеу жұмыстары мүмкіндігінше, Әлкей Марғұлан ұсынған этнотарихи тәсілмен жүргізілсе, Қазақстан мұражай ісі жаңа белестерден көріне аларына шек келтіре алмаймыз.



Бақылау сұрағы:

1.Мұражайлардағы мәдени мұраларға сипаттама беру

2.Категорияларды талдау

Әдебиеттер: Н-1,2, Қ-3,8,15
№ 6-7. Тақырыбы Орталық мемлекеттік мұражай.(ХХ ғ 20-40 жж.)

Мақсаты: Орталық мемлекеттік мұражайдың дамуын көрсету, негізгі қызметімен танысу.

Жоспары

1.20 жылдардағы Орталық мемлекеттік мұражайдың дамуы.

2.30-40 жылдардағы дамуы.

Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы мұражайлардың рөлі тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті арта түсті. Қазақстан мұражайларының ішіндегі ең алғашқыларының бірі – Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайы.

1927 жылы 2 наурыз күні Қазақ АССР-і Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комисарлары Кеңесі республика астанасын Қызылорда қаласынан Алматыға көшіру жөнінде қаулы қабылдады. Осыған орай, 1928 жылы 13 желтоқсанда Халық ағарту комиссариаты алқасы Орынбордағы Қазақстан орталық мұражайын және жаңа астанада қызмет етуге ерік білдірген мамандарды шұғыл түрде Алматы қаласына көшіру шешімін қабылдады. Сөйтіп мұражай қызметкерлері бөлістен қалған жәдігерлерді жинастырып, жаңа астанаға көшіруге дайындады. Көшіруді ұйымдастырумен оның тәжірибелі мамандарының Алматыға жұмысқа ауысуында мұражай директоры А.Махонинің еңбегі ерекше болды. Ол өзінің Халық ағарту комиссары О.Жандосовқа жолдаған хатында: «Алматыға жұмыс бабымен кешетін қызметкерлерге өкімет тарапынан беріліп отырған жеңілдіктерді музейдің ғылыми қызметкерлеріне де беру қажет. Алжаңа астанаға келген соң олардың жалақысы мөлшерін қайта қарастырмаса, алып отырған нерәрі 100 сом ақшалары күнделікті тамақ алуға да жетпейді»-деп жазды. Директордың осындай қамқорлығы нәтижесінде мұражайдың тәжірибелі мамандары А.Четыркина , П.Зарецкий, П.Рыжков, Г.Мотылев, И.Костиков Алматы қаласына жұмысқа ауысты.

1929 жылы 4 қаңтарда басталған көшуге айындық жұмыстары 20 наурыз күні аяқталды. Осы күні мұражай директоы: «Орынбор қаласындағы Қазақстан Орталық өлкетану музейі өзі жұмысын тоқтатты» деген бұйрығын шығарды.

1929 жылы шілде айында Қазақстан Орталық өлкетану мұражайы толығымен Алматы қаласына көшіп келіп, Вознесенск кафедералды соборы ғимаратына орналасты. Ал, 13 шілдеде мұражай кеңесі мәжілісі Қазақстан Орталық өлкетану мұражайын Қазақстан Орталық мұражайы қылып қайта атау жөнінде шешім қабылдады. Қазақстан орталық өлкетану мұражайы Алматы қаласына көшіп келген күннен бастап республикадағы мәдени ескерткіштерді қайта есепке алып, оларды қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың орталығына айналды.Осыған орай, 1929 жылы 22 шілде күні Қазақстан табиғат пен көне ескерткіштерді және өнер туындыларын қорғау комитетін құру жөнінде шешім қабылдады. Мәжіліс слнымен қатар, құрылатын комитет Орталық мұражай жанында ғылыми – зерттеумен айналысатын мекеме болып, құрамына тиісті мекемелерден 14 маман енуі тиіс деп шекшті. Комиетет жайындағы ережені жасау Орталық мұражайға жүктелді. Ереженің жасалуы ұзаққа созылған жоқ, осы жылдың 14 қазан күні ҚАКСР Халық ағарту комиссариаты алқасы, 5 қарашада ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі Орталық мұражай қызметкерлері қатысуымен жасалған Казкомпристарис жөніндегі ережені бекітті.

Осы жылы мұражайдың географиялық- тарихи бөлімін елдің оңтүстік батыс бөлігін бейнелейтін жәдігерлермен толықтыру маұсатында Арал теңізі маңында экспедиция ұйымдастырылды. Оған директор А.Махонин, лаборант П.Зарецкий және практикант Мотылев қатынасып, жинастырылған 100 ден аса құстан 26 тұлып жасалып, олар мұражай жәдігерлері және ғылыми қорынан орын алды. Сонымен қатар, 85 бауырымен жорғалаушылардың түрлері және ботаникалық материалдар жиналып, бірнеше фотосуреттер түсірілді. Олардың көпшілігі депозитивке айналдырып, мұражайдың дәрістік жұмыстарына қосымша құралдар ретінде пайдаланды.

Алайда, 1920 жылдардың соңынан соғысқа дейінгі уақытта Кеңестер Одағына екі бесжылдық жоспар «мерзімінен бұрын орындалып», үшінші бесжылдық жоспарының да жылдам орындалуы қолға алынды.

1931 жылы Қазақстан Орталық мұражайы құрамына Алматы қаласында орналасқан Жетісу өлкетану мұражайының барлық қорымен және қызметкерлерімен қосылуы еліміздегі мұражай құрылысы ісіндегі елеулі оқиға болды.

1934 жылы мұражай басшыларының жиі ауысуына және атқарылуға тиісті істерге толық көңіл бөлінбеуі салдарынан Орталық мұражай жұмысы нашарлап кетті. Тиісті өңдеу жұмыстарының жүргізілмеуі жәдігерлерді аздырып, олардың жекелегендерін күйлер жеп жарамсыз етті.

1935 жылы мұражай 271 күн жұмыс істеп, 69696 көрерменге мәдени-ағарту қызмет көрсетіп, олардың 44116 ер, 25500 әйел адамдар болды. Олардың ұлттық құрамы жағынан 25218 қазақтар, 42452 орыстар, басқа ұлт өкілдері 8519. Оның әлеуметтік құрамы жағынан жұмысшылар 8519, колхозшылар 3813, қызыл армия жауынгерлері 4279.

1936 жылы Орталық мұражай қызметкерлері ұйғыр мен дүнген халықтары бөлімін ұйымдастыру мақсатында Алматы маңындағы аудандарға экспедиция ұйымдастырып, көптеген жәдігерлер алып қайтты. Ал, зоология мен ботаника бөлімшелері жәдігерлері санын ұлғайту мақсатында мұражай қызметкері Ақмоланың Қорғалжын ауданына іс сапарға шығып Орталық Қазақстанды мекендейтін бірнеше құстардың тұлыптарын алып келді. Бөлім жәдігерлері санын көбейтумен қатар осы жылы мұражай қорындағы аса құнды жәдігер қайта өңделіп, арнайы суретке түсіріліп, оларға ғылыми түсініктемелер жазылды. Мұражай қорын күтуге және қажеттіліктерге қосымша қаражат табу мақсатында ересектерден , оқушылардан 30 тиын ақысы алынды.

Орталық мұражайдың осында ішкі құру жұмыстары нәтижесінде оның халықтық мәдени-ағарту қызмет көрсетуі сапасында түсті.

1937 жылы Орталық мұражай өз қызметкерлерін Мәскеу, Ташкент, Самарқанд, Самара, Саратов мұражайларына қызметімен танысты және байланыс орнату мақсатында іс сапарларын жіберді. Осы іс сапар нәтижесінде бөлімдер экспедициялары мұражай ісіндегі соңғы жаңалық өзгерістерге қарай қайта құрылды.
Бақылау сұрағы:

1.Мұражайдың дамуына сипаттама беру.



2. 30-40 жылдардағы мұражай дамуының ерекшеліктеріне тоқталу.

Әдебиеттер: Н-2; Қ-5,6,15
№ 8-9. Тақырыбы Мұражай концепциясының негізгі коммуникациялық ережелері.

Мақсаты:Негізгі ережелерді талдау.

Жоспары:

1.Мұражай жұмысының дамуында ұйымдастыру, ғылыми және проектілі жүйенің дамуы.

2.Мұражай қызметінің әлеуметтік ортасы.


  1. Коммуникациялық ережелер мұражай сферасының даму коммуникация жағдайындағы жалпы ғылыми ережелер формасына ауысу болып табылады, ол мұражайды дамыту біліміне мұражай практикасына жүйелі әсер етеді.

  2. Коммуникациялық ережелердің концепциясын сынау әсіресе жаңа дағдайларды қарастыруға әкеп соғады. Негізгі талаптар дәрежесінде ол былайша мінезделеді. Мұражай коммуникациясының теориялық дәрежелерінің фундаментальды бірлігі ретінде келесідей сызбанұсқа ұсынылған.

  3. Мұражай коммуникациясының актылы сызбанұсқасы:

  1. Теориялық

  2. Тарихи

  3. Институционалды

  4. Проектілік интерпретация.

Осыған сәйкес мұражай жұмысына коммуникация тұрғысынан қараудың негізгі құрылымдық бағыттары жасалынды.

4. Теориялық интерпретация арнасында коммуникациялық ережелерді жаңаша тұрғыдан қарауға жол ашады, Комуникациялық ережелердің жағдайаттары мұражай дамудың және мұражайлық салт-дәстүрдің коммуникациясының дамуында үлкен рөл атқарады.

5. Мұражай тілінің дамуы интепретацияның тарихи фундаментальды шығу тегіне аса маңызды көңіл аудартады. Онда ол мұражай поэтикасының концепциясының негізінде шешімін табады. Сондай-ақ тарихи интепретация арнасына коммуникациялық дағдарыс деген ұғым енеді.

6. Коммуникациялық ережеледрдің қосымша дауы аймағы, мұражай дамуының негізгі зерттеу жұмысын жолға қоюды жүзеге асыруға септігін тигізеді, ол жұмыс мұражай коммуникациясын және мұражай дамуының интерпретациясын зерттеуді және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мұражай концепциясының дамуында жаңа құрылымдар жүзеге асуда. Осы жерде мұражай құрылымының негізгі блоктарына қысқаша түсініктеме.

Бірінші блокты мұражай жұмысының іс-әрекетін әкімшілік-шаруашылық және басқа да көшекші құрылымдармен қамтамассыз ететін мұражай әкімшілігі құрады. Бұл блоктың дамуы екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншісі, мұражайдың жеке экономикалық даму дәрежесімен, қосымша қаражаттық және материалдық ресурстарың дамуымен байланысты. Бұл тенденция күн тәрібіне біріншіден мұражайдың қаражат менеджмент қызыметін құруды қояды, оның құрамына бухгалтерия қызметкерлерінен басқа экономикалық мәдени қызмет мамандары кіреді. Осы қызметті мұражай дың бас экономисті басқара алады, оған коммерциялық директордың міндеті жүктеледі.

Екінші бағытқа мұражайдың техникалық базасының дамуы енеді. Осы жерде мұражайдың бас инженерінің арғы жұмысы анықталады. Осы қызметтің құрамына жөндеу жұмастарынан, мұражай ғимаратын сақтаудан басқа мұражай жұмысын барлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету және ғимаратты талапқа сай пайдалану, сонымен қатар – аудиовизуалды техника, есептеуіш техника, электрондық коммуникациялық техникалар кіреді.

Екінші блок, бас сақтаушымен басшылық етіледі, құрылымға жауапты, яғни, сақтау, жұмыс барысында қолданылатын негізгі ресурстарды дайындау сияқты құрылымдар комплексінен құрылады.

Үшінші құрылымдақ блок, ғылыми жұмыс жөнендегі директордың орынбасарымен басщылық етіледі, мұражайдың негізгі функционалды құрылымы болып табылады.Ол мекеменің жаңа даму сатысын қамтамассыз етеді.Бұл құрылымнаң негізгі ядросы ғылми жұмыс жөнендегі директордыңорынбасары мен мұражадйың ғылыми хатшысының арасындағы тығыз байланыс.

Төртінші құрылымдық блок, бұл құрылымды мұражайдың қоғам байланыстар жөніндегі директордың орынбасары басшылық етеді. Бұл құрылымдық комплекс мұражай өнімдерін «тарату» жұмысымен, яғни мұражайдың барлық жұмысының қорытындысымен айналысады. Бұл жұмыс екінші блоктың дайындаған жұмысының негізінде үшінші блоктың орныдуымен жүзеге асады.

Мұражайдың жаңа концепциясын қабылдай отырып, біз инновациялық жобамен жұмыс жүргіземіз, осы жұмыс барысында келесі принциптерді ұстанған жөн:


  1. Мұражайдың дамуы тәуелсіз қадамдар бойынша жүзеге асырылады. Мұражайдың әрбір проектісінде білгілі бір қысқамерзімді немесе ұзақмерзімді арқауы болуы тиіс. Әрбір проектіде өзінің жеке басшысы болуы тиіс.

  2. Проектіні жасаған кезде өз алдыңңа қойған міндеттің барлық қыр сырын, дәл осы кезде оның қандай нәтижесі пайдалы не пайдасыз екенін жетік білген жөн.

  3. Әрбір проек зерттеушілік мазмұнға ие болуы тиіс, осы мазмұнды толық зерттеуден өткізу керек. Бірақ өкінішке орай осы жұмыс негізінен қолға алынбайды, негізінен мұражай 3 жылда бір рет осы жұмысқа тексерулір жүргізу керек.

  4. Өз қателеріңмен жұмыс істеу білген жөн, жасаған қателіктеріңді пайдалы етіп пайдалануға үйрену керек. Ол үшін коллективте түсінушілік, бір-біріне деген сенім болу керек.

Мұражай қызметінің әлеуметтік ортасы

Мұражайдың көпқызметтілігі әлеуметтік институт ретінде қоршаған ортамен көпаспектілі қызмет құрады. Мұражай қоғамдық ортада дами отырып сол отраның өзіне деген қытансын сезінеді. Мұражайдың мәдени коммуникациялық жүйесінің негізінде басқа да мұражайлармен байланысын, олардың әлеуметтік-мәдени жағдайатын білуі қажет.

Мұражай аудиториясы:

Мұражай қызметінің арасына көптеген сфералармен бірге, балалар мен қатысушыларға да көңіл бөлінген бұл әрекет мұражай үшін дәстүрлі іс-әрекет. Осы әрекетте мынандай факторлар қолданылады:

Жаңа заман талабына сай жұмыс формаларын қолдану; Мұражай аудиториясына жас ерекшелікке сай дифференциялы көзқарас қалыптастыру


Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет