Лекцияның мазмұны -тақырып. ЕҚта туралы Қазақстан Республикасының заңы



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата20.09.2023
өлшемі482,3 Kb.
#181731
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лекция ЕҚТА (1)



ЛЕКЦИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ 
 
1-тақырып. ЕҚТА туралы Қазақстан Республикасының заңы (2006 жылғы 7 шілде).
Қазақстан аумағындағы биоалуантүрлілік және оларды қорғау 
 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленуде (2020 3 
маусым). 
О
л құжатта ЕҚТА аумағын сақтау (26.2 млн га-9,3пайыз) және кеңейту, туризм объектілерін 
және ерекше стратегиялық маңызы бар құрылыстарды салу, олардың жұмыс істеуі үшін бұрын 
шығарылған, мақсатты пайдаланылмайтын жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына 
қайтару( Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Іле-Алатау мемлекеттік-ұлттық табиғи паркінің 
жерлері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кірмегендіктен бұл жерлер тиісті түрде 
қорғалмайды)
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) деген ұғым қоршаған табиғи ортаны 
ерекше қорғау мақсатында мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлінетін 
құрлықтағы және су айдынындарында жер телімдерінің жүйесі деген түсінікті білдіреді. 
Бұл ұғым белгілі бір аймақтағы табиғаттың бастапқы қалпы сақталған немесе адамның 
шаруашылық жұмыстарының әсерінен әлі де болса өзгере қоймаған құнды экологиялық 
жүйелерді сақтап қалу және оларды қорғау мақсатында ұйымдастырылатын арнайы 
мемлекеттік мекемелер жүйесін қамтиды. ЕҚТА негізінен табиғи байлықтардың 
алуантүрлілігін сақтап қалу және оларды қатаң түрде қорғау мақсатында 
ұйымдасытырылады, яғни қазіргі кездегі тірі организмдердің гендік қорының жиынтығын 
сақтап қалуды көздейді.Соңғы жылдары ЕҚТА-дың көлемін ұлғайту шаралары дүниежүзі 
бойынша кеңінен өріс алуда. Тек ХХІ ғасырдың бас кезінде мұндай ЕҚТА-дың саны 
дүниежүзінде 13 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш Жер шарының жалпы көлемінің 8,5 пайызына 
сәйкес келіп отыр. Жалпы әлемдік стандарт бойынша ЕҚТА-дың жер көлемі Жер шары 
көлемінің 10-12 пайызын қамтуы тиіс.
Биологиялық алуантүрлілік терминін ғылымға алғаш рет енгізген ағылшын ғылымы, 
әрі саяхатшысы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет