Лексикография теориясы


Қазақ лексикографиясы туралы



бет4/4
Дата03.06.2020
өлшемі21,91 Kb.
#72171
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (9)

Қазақ лексикографиясы туралы


Қазақ тіліне тікелей болмағанымен, оған қатысты сөздіктер орта ғасырлардан және XVIII –XIX ғасырлардан белгілі. Қазақ тіліне тікелей қатысты сөздіктер (аударма сөздіктер) XIX ғасырдың II-ші жартысы мен XX ғасырдың басында жасала бастаған. XX ғасырдың соңғы жартысында лексикография дұрыс жолға қойылып, дами бастады, әр түрлі сөздіктер пайда болды. Сөздік жасаудың XX ғасырдың II жартысында қалыптасқан үлгілері XXI ғасырда да жалғасып келеді.

Жоғарыда қазақ тіліне қатысты сөздіктер (аударма сөздіктер) XVIII ғасырдың II-ші жартысынан бері шыға бастады деп көрсеттік. Олардың ішіндегі ең көрнектілері В.В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий», (1888-1911) атты төрт томдық сөздігі мен Л.З. Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарких наречий» (1869, 1871) деп аталатын екі томдық сөздігі. Қазақ тілінің сөз байлығын аударма түрде сөздік етіп шығару тәжірибесі XIX ғасырдың II-ші жартысында Н.И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» (1861) еңбегіндегі сөздіктен басталады.

Бұдан кейін И. Букиннің, Ы. Алтынсариннің, И. Лаптевтың т.б. аударма сөздіктері шықты. Революциядан бұрын барлығы отызға жуық екі тілдік (орысша-қазақша немесе қазақша-орысша) аударма шағын сөздіктер жарық көрді. Бұлардың азды-көпті тәжірибелері революциядан кейінгі сөздіктердің дамуына белгілі дәрежеде себін тигізді.

Қазақ лексикографиясының шын мәнінде ғылыми тұрғыдан тексеріліп жан-жақты дамуы Кеңестік дәуірде екі тілді аударма сөздіктерден басталды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілді шағын нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ,1946 екі том «Орысша-қазақша сөздік», ал 1954 жылы бір томдық үлкен «Орысша-қазақша сөздік» (50000 сөз, редакциясын басқарған Н.Т. Сауранбаев), Х. Махмудов пен Ғ. Мұсабаевтың шағын “Қазақша-орысша сөздігі” (1954) [3, 224-225], “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі”, 1959; “Орысша-қазақша терминология сөздігі. Экономика, философия”, 1962), т.б. болып жалғаса берді.

Қазақ лексикографиясы соңғы жарты ғасыр ішінде тек сан жағынан ғана көбейіп өсіп қойған жоқ, сөздіктің түр-түрі де молайды. 40-50 жылдары шыққан сөздіктер мен соңғы жылдары жарык, көрген сөздіктер тек көлем жагынан ғана емес, сапасы жағынан да анағұрлым ілгеріледі. Өңделеп қайыра шығып жатқан терминологиялық, орфографиялық түсіндірме, синоним сөздіктерінің қай-қайсы болса да, соңғы басылымдары алғашқыларынан көш ілгері екендігі ешқандай күмән келтірмесе керек. Кеңес тіл мамандары лексикология мен лексикография теориясын, стилистика мен грамматиканы, сөз тудыру тәсілдерін тынбастан зерттеп, осы ғылымдарды үнемі жетілдірумен келді. Бұл ретте орыстың тіл білімі мен оны зерттеуші тіл мамандарының көшбасшылық рөлі айырықша.

Кеңес халқының бұрынғы құрамдасы – Қазақстанда шығып жатқан сөздіктердің бәрі де (барлығы 70-ке жуық) орыс сөздіктерінің үлгісімен жүзеге асып келе жатқандығы белгілі. Мәселен, үлкенді-кішілі аударма және терминологиялық сөздіктерді былай қойғанда, Д.Н. Ушаковтың төрт томдық “Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің” үлгісімен бізде екі том “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959, 1961) жасалса, А. С. Пушкин сөздігінің үлгісімен “Абай тілі сөздігі” (1968) жарық көрді. Ал көп томдық (10 том) “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” де 17 томдық “Қазіргі орыс әдеби тілі сөздігінің” жоба-жоспарының тәжірибелерін пайдалану нәтижесінде жүзеге асты.

Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Сөздіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зерттелуіне байланысты. Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары әрі жемісті болса, шығарылған сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктердің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына ерекше назар аударылады. Сондықтан сөздік кез-келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады.

Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбектердің тек әдістемесі мен құрылысын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. Қазан революциясы тудырған барлық жаңа ұғымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасақ, кейде өз сөзімізбен аударып алдық. Сол арқылы қазақ тілінің сөз байлығы шексіз молайып, жан-жақты кемелденді. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді, пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтежиесінде тіліміздегі сөз байлығын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіндік туды.

Қазақ тілі біліміндегі сөздіктердің құрылысы мен әдістемесі жылдан-жылға жақсарып келеді. Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бір нормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады. Бірақ сөздік жасауда қиындық, одан туған олқылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен сөздердің жазылуында бірізділік сақталмай келді. Әсіресе біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде бірыңғай көзқарас болмады. Лұғат (словник) жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтынын ескерсек, бір сөздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретінін түсіну қиын емес.

Көркем шығармада орын алған диалектизмдер мен жарыспа (вариант) сөздерді орынды-орынсыз кез-келген сөздікке ендіруге жол берілді. Әдеби тілдің сөздігіне алынатын грамматикалық тұлғалар бүгінгі күнге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түр-түрін жіктеп бөліп, оларға дәл түсінік беру сөздердің қолданылу жүйесін айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып көрсету т.б. – сөздік жасау ісіндегі жауапты мәселелер болып табылады.



Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы елу-алпыс жыл ішінде туып қалыптасты.Ұлт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркендеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің әр түрін шығаруға жағдай жасады. Революцияға дейін бізде не бары екі тілді шағын сөздіктер ғана болса, онан бергі кезеңде 10-15 түрлі сөздік түрлері пайда болды. Солардың ішінде ең көп шыққан түрі – екі тілді аударма сөздіктер. [2, 213-214].

Қазақ тілінің өзге салалары сияқты, қазақ тілінің сөз байлығы да революцияға дейін арнайы ғылыми зерттеудің объектісі болған жоқ. Қазақ тілінде қолданылатын сөздер есепке алынып, жүйеленіп, алфавит тәртібіне келтіріліп, қазақ тілінің сөздігі жасалған жоқ деуге болады.

Сөздік халықтың мәдени, рухани өмірінде үлкен рөл атқарады, одан белгілі бір дәуірдегі қоғамдық білім, таным көрінеді [3, 223].

Сөздік жасауда алдағы уақытта жүзеге асыруға болатын міндеттер аз емес. Мәселен, ғылым, техника, өнер саласына байланысты қазақ терминологиясының сөздіктерін жетілдіру; әртүрлі шаруашылық саласындағы кәсіби мамандыққа, әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа қатысты халықтық сөздерді жинап, лексикографияның нысанына айналдыру; біріккен сөздер мен бөлек жазылатын күрделі сөздер, т.б. емлесіндегі ала-құлалықты бір ізге келтіру; бұрын жасалған фразеологиялық, ономастикалық, т.б. сөздіктерді әлі де жетілдіру; тарихи, этимологиялық сөзжасамдық сөздіктер жасау; кейінгі кезде енген жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің сөздігін жасау, т.б. Бұл айтылғандар қоғамдық, ғылыми жұртшылық, әртүрлі салада еңбек ететін көпшілік қауым үшін зәру зерттеулер екені белгілі. Тіл мамандарының алдында лексикография теориясына байланысты зерттеулерді жетілдіру міндеті тұр [3, 224].

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет