Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


-дәріс.Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер



бет42/46
Дата07.02.2022
өлшемі468 Kb.
#85986
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
Nurgalieva A K, 1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
12-дәріс.Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер.
1.Теміртаудағы 1959 жылғы жұмысшылар көтерілісі.
2.Жаңа өзен оқиғасы.


13-дәріс. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңында басталған республика тұрғындары құрамын интернационализациялау Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта тіптен күшейе түсті. Қазір мұнда 100-ден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 1939 жылы қазақтардың пайдасына қалыптаспаған тұрғындар саны мен олардың меншікті салмағы елу жылдан кейін ғана өзгерді. 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы мынандай еді: қазақтар – 39,7, орыстар – 37,8, немістер – 5,8, украиндер – 5,4, өзбектер мен татарлар – 2, ұйғырлар мен беларустар – 1,1, кәрістер – 0,6, әзірбайжандар – 0,5, процент тағы сол сияқты. Сонымен, қазақтар 1926 жылдан кейін бірінші рет өзінің этникалық территориясында саны жағынан басқалардан озды. Міне, біз мұнан Қазақстан тұрғындары ұлттық құрамының соңғы жарты ғасырда этнодемографиялық дамуының және бір ерекшелігін көреміз.
Еліміздегі ұлтаралық қатынастардың күллі күрделілігін ұғыну үшін қоныс аударулардың тарихына қысқаша тоқталайық. XIX ғасырда Ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға көптеген қоныс аударушылар ағылып келіп жатты. Бұл лек 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін тоқтаған емес: ХIX ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті.Жыл сайынға көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жағылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі шет елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып осында мәңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар берген бағаға сайсақ , сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы бір миллион 200 мыңнан асады.
Бұл қоныстандырулардың жергілікті халықты орыстандыру барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресей тәжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті.
Шындығында дәл сол саясатты кеңес өкіметі одан әрі жалғастырады.
Сөйтіп, ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған бай-құлақ жер аударылған еді. Соғыстың алдындағы жылдары түрлі республикалардан өнеркәсіп құрылысын жүргізу сылтауымен тағы да бір миллион 200 мың адам қоныстандырылды.
Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе Кеңестік жүйеге қас деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын орынға айналады. Мұнда түрмелердің, лагерлердің және күштеп қоныстандыруға арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстандағы қаншы қамалғандардың, айдауымен әкеп қоныстандырылғандардың болғанында қисап жоқ. Олардың талай мыңы өмір сүрудің қиыншылығына шыдамай дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты құртты.
Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жөн-жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды. Бейбіт жатқан,бейкүнә жандаржы жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты.Ондағы мыңдаған қоныс аударған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан, суықтан және дерттен дүние салды. Тірі қалғандарының санасында қатыгез, қасақой жендеттердің қарекетіне адамның иманын қасым ететін үрей мәңгілік сақталып қалды.
Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қйыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Батыс аймақтарынан 100 мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын Қырым татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да еңес халықтарының өкілдері бастан кешті.
Ресми деректер бойынша сол кезде Қазақстан жұрты бір жарым миллионнан астам адамға көбейген екен. Алайда, бұл сан тым кемітіліп отыр. Соғыс кезінде әртүрлі өндірістермен бірге мұнда 350 мыңнан астам адамның әкелінгені де анық. Сол жылдарда республикамызда кеңес ғылымы мен мәдениеттің бетке шығар қаймағы – көптеген көрнекті ғалымдар, жазушылар, артистер аен сазгерлер жиналғанын еске түсірудің де артықтығы жоқ.
Амалсыздан қоныс аударушыларды қазақтардың қаншама қонақжайлықпен қарсы алғаны баршаға мәлім. Ұжымдастыру мен ұлт жұт діңкелеткен, өздері асқа жарымай жүрген халық қу дала, қу мекенде қалған жандарға баспана беріп, бауырына тартып, соңғы тілім нанмен бөлісті. Мұны дархандық көрсетіп, ақ, адал көңілімен жасағанына да дау жоқ. Аман қалып, адам қатарына қосылуына жәрдемдескен жандар оларға күні бүгінге дейін көрсеткен көмегі үшін дән риза.
«Ұлы қоныстандыру» мұнымен де тоқталған жоқ.60-шы жылдарға дейін Солтүстік және Орталық Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге екі жарым миллиондай адам келді. Олардың бір бөлігі көп ұзамай мұнда жердегі жұмақ орнайды деген ресми насихатқа сенгендер еді. Өкімет орындары «қызыл» көрсетіп, алдарқатумен қатар «қамшы» сілтеп те жіберді, алғашқы тыңгерлердің арасында Қазақстанға күштеп әкелінгендердің ішінде тікелей қамту орындарынан жеткізілгендердің болғаны да жасырын емес. Нақ сол 30-шы жылдардағы сияқты бұл жолы да қаптатып қоныстанушыларды жіберген орталық өкімет жергілікті басшылықпен де, республиканың қарапайым тұрғындарымен де ақыл қосып әуреге түскен жоқ.
Өлкенің мүмкіндігін мұқият зерделеп, іс-қимылдың айқын, ғылыми негізгі бағдарламасын әзірлеп барып жасаса, Қазақстанда астық өндірісін өркендетуге кім қарсы болсын! Соңынан адам күлерліктей аз түсім – гектарынан баржоғы 3-5 центнер астық алу үшін жер өңдеуге орасан зор ақша шашатын үкіметті ақылды қожайын деп айтуға ауыз барама? Ал солай болғанына куәміз. Қазақстанның құшақ толар «күлшелерінің» шамамен 40 миллион гектардан тұратын байтақ алқаптың есебінен «пісірілгені де» барщаға аян. Мұны мемлекет қазынасынан өлшеусіз жәрдем көрсетуді талап еткен аса қымбатқа түскен астық әрі үстірт экономикалық және демогрфиялық стратегия демеске лаж жоқ.
Соғыстан кейінгі жылдары тағы да 150 мың қоныстанушы республикада салынып жатқан әскери объектілерге, соның ішінде Семей ядролық полигоны мен Байқоңыр ғарыш айлағына келіп табан тіреді. Содан кейін де жұмыс күшін басқа құрылыстарға ұйымдасқан түрде іріктеу жөніндегі бітіп болмайтын шаралардың жүргізілгеніне куәміз. Сонымен бір мезгілде табиғи көші-қон да жүріп жатты: Қазақстанға басқа халықтардың өкілдері, негізінен алғанда , батыл да алғыр, көкірегінің оты бар, өлкенің келешегіне де, өзінің қайраты мен қарымына д сенетін адамдар ағылып келе бастады. Шындығын айту керек, тұрмыс қамын күйттеп келгендердің үміті де ақталмай қалған жоқ.
Қазақстанға күштеп көшіріліп әкелінген жандардың қаншама тақсырет шеккенімен, алайда, соның ішінде бәрінен бұрын қазақтардың өздері айтып жеткізгісіз ауыр жағдайда қалды десем шындыққа қиянат жасамаспын. Орталықтың ырқымен республика қатаң экономикалық және саяси тәжірибе жүргізетін бүкілодақтық сынақ алаңына айналды. Солардың қай-қайсысы, мейлі, «индустрияландыру» және «ұжымдастыру» үлгісін үйлестіру, немесе «сенімнен кеткен» халықтарды қоныстандыруды, тың игеруді немесе «ұлттық мәдениеттерді жақындастыруды» алыңыз, сайып келгенде қазақтардың тұрмысын қаңсыратқаны өз алдына, әсіресе, демографиялық ахуалға ауыр соққы болып тиді.
Ресей империясында 1897 жылы жүргізілген санақ сол кезде Қазақстан аумағында тұрған барлық жұрттың 90 пайызын қазақтар құрағанына айғақ. Жарты ғасыр өтер-өтпесте бұл көрсеткіш 29 пайыздың деңгейіне дейін төмендеді. Бұрынғы одақтың бір де бір республикасында жергілікті жұрттың үлес салмағы жалпы халықтың құрамында дәл біздің республикадағыдай төмен болып көрген емес. Елге есімін берегн қазақтар туған топырағында ұлттық азшылыққа айналды.
Мұндайда тоталитарлық мемлекеттің көсемдері жүргізген ұлттық-демографиялық саясаттың жазалаушылық сипатта болғаны туралы тұжырым жасамасқа амал жоқ. Большевиктік іс-әрекет қандай даңзаға идеологиялық ұрандарды желдеу еткенімен , олар патша заманында басталған істі одан әрі және көбінесе барынша қатал әрі сұрқия нысанда жалғастыра берді. Екі жүйенің екеуі де өз мүдделерін көздеп «ұлттық шет аймақтарға» қатысты қатаң бағыт ұстады. Екеуі де ешқашан және ешбір жағдайда жергілікті жұрттың мүддесін ескерген емес, олардың кез келген қарсылығы қашан да қатаң басып тасталып отырды.
Ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы нысаналы түрде құрту, ұлттық төлтұмалықты тұншықтыру қайда әкеліп тірер еді? Сөз жоқ ұлттық мәдениттің құлдырауы мен қоғамдық кері кетушілікке апарар еді. Орыс тілінің мысы тіпті қазақтар жұрттың 90-95 пайызын құрайтын жерлердің өзінде де басым тұрады. Қазақ зиялылапы , әсіресе, жазушылар, ақындар, драмашылар өздерін табан тірер тұғырсыз қалғандай сезінді. Шығармаларын тұщына, түсіне және бағалай білетін оқушылар мен көрермендер күннен-күнге азайып бара жатқан кезде, қазақ тілінде кітаптар жариялаудың ,қойылымдар жасаудың мән-мағынасы жоқтай көрінген. Туған тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін қорғауға тырысқан зиялыларды жүйе ұлтшылдық пиғылы үшін қаралады.
Мұның бәрі, сайып келгенде, қазақ халқының ашық наразылығын туғызбай қоймаса керек-ті. Шырқау шегіне жеткен наразылық бәріміздің жадымызда жатталып қалған 1986 жылғы желтоқсанда арнасынан асып төгіледі. Ызалы жастар Алматының көшесіне шығып, өз халқының абыройын бұлайша жаппай қорлауға ендігі жерде төзбейтінін , ұлттық төрлеуге қол жеткізу және өздерінің заңды құқықтарын қорғау үшін барлық оңтайлы әдіс – тәсілдерді қолдануға баратынын бүкпесіз жария етті.
Өкінішке қарай, өкімет орындары, ең алдымен партия орындары болған оқиғадан дұрыс қорытынды шығарып, ахуалды өзгертуге ықылас білдірді деп айту қиын. Есесіне , бүкіл қазақ халқы на ұлтшылдық күйесі жағылып, қудалау шаралары қолданылды, былайша айтқанда, «бұранданы қатайту» басталды. Милиция органдары сегіз жарым мыңдай манифестацияға қатысушыларды немесе өкімет «құқыққа қарсы әрекет жасажы» деп күмән туғызған адамдарды ұстады. Олардың көпшілігін тергеу барысында аяусыз ұрып-соқты.кейбіреулерін жалаңаш-жалпы қалпында желтоқсан аязында қаланың сыртына, айдалаға апарып тастады. Тергеу барысында да заң бұзушылық тоқталмай, прокурорлар «құлшына » жұмыс істеп, істің мән-жайына зерлеп қанығуға да құлық таныта қойған жоқ. Сөйтіп, «тәртіпсіздікке қатысқан» жүзге жуық адам сотқа тартылды, алайды көп ұзамай сот солардың 46-сын ақтап шығаруға мәжбүр болды. Әділетсіздік етек алды, сенімсіздер тізіміне іліккен800 бозбала мен бойжеткен комсомолдан шығарылып, 270 студент жоғарғы оқу орныдарынан қуылды, ондаған жұмысшылар мен қызметшілер жұмысынан шығарылды.
Қорыта айтсақ Социализмнің «гүлденуі» мен лениндік ұлт саясатының «салтанатының» мысалдары Қазақстан тұрғындарының көп ұлттары болуынан, түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы аралас некенің көбеюінен, қазақ жастарының орыс тіліне, өзге мәдениетке көбірек ден қоюынан ізделініп, насихатталып жатты. Қоғамдық ой тұтасымен әміршіл әкімшіліктің көздеген саяси мақсаттарын діттеу жолына түсті. Үстемдік етіп отырған коммунистік идеологияның талаптарына қарай бейімделу, қоғамдық ғылымдарды сңаржақ, насихаттың құралына айналдырып жіберді. Әсіресе, қазақ тарихы қатты бұрмаланды. Әміршіл әкімшілікке Қазан төңкерісіне дейінгінің бар жақсысын жоққа шығарып, қазақ халқының жетістігінің бәрін Компартия мен Кеңес өкіметінің арқасында болды, делінді. Олар ондай «зерттеулерді » алды да.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет