М. А. Молдашева


ІІІ тарау  АЙНАЛЫМНАН ТЫС АКТИВТЕР ЕСЕБІ



Pdf көрінісі
бет14/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Байланысты:
Молдашева

ІІІ тарау 
АЙНАЛЫМНАН ТЫС АКТИВТЕР ЕСЕБІ  
 
 
3.1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР, ОЛАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ  
МЕН БАҒАЛАНУЫ 
Кәсіпорының  қалыпты  өндірістік-шаруашылық  қызметін 
қамтамасыз  ету  үшін  негізгі  құралдар  қажет.  Кәсіпорынның 
өндірістік  шаруашылық  қызметіне  бірнеше  жыл  бойы  қызмет 
көрсететін  басқа  мүліктің  бағасы  мен  еңбек  құралдарының 
бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.  
Ұзақ  пайдалану  процесінде  негізгі  құралдардың  құрамы 
өзгереді:  олар  кәсіпорынға  келіп  түседі  және  пайдалануға  бері-
леді,  пайдалану  процесінде  тозады,  жөндеу  жолымен  қалпына 
келтіріледі,  кәсіпорын  ішіне  өтеді,  ескіру  немесе  одан  әрі 
пайдаланудың  мақсатсыздығы  нәтижесінде  шығарылып  таста-
лады,  сондай-ақ  басқа  кәсіпорындарға  беру.  Барлық  аталған 
өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады. 
Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:  
1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару 
үшін,  басқа  компанияларға  жалға  беру  үшін  немесе  әкімшілік 
мақсаттар үшін қолданылатын; 
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.  
Негізгі  құралдар  дегеніміз  -  ұзақ  уақыт  бойы  (бір  жылдан 
астам) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада 
да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.  
Негізгі  құралдар  «Жылжымайтын  мүлік,  ғимараттар  және 
жабдықтар»атты №16 ХҚЕСқа сәйкес төмендегідей жіктеледі: 
 


 
21 
 
 
 
 
 
Негізгі құралдар иелігіне  
байланысты 
Кәсіпорынның меншігіндегі 
Уақытша жалға алынған 


 
22 
 
 
 
 
 
МАҚСАТЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН 
ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРАЙ  
 
а) ҮЙЛЕР (тұрғын үй, кеңсе үйі, 
қойма т.б.) 
д) ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРАЛ-
ЖАБДЫҚ жиһаздар, креслолар, кілем 
ә) ҒИМАРАТТАР (көпірлер, аспалы 
жолдар, жасанды су қоймалары, 
скважиналар т.б.) 
е) ЖҰМЫС ЖӘНЕ ӨНІМ МАЛДАРЫ 
б) ӨТКІЗГІШ ТЕТІКТЕР (жұмыс 
машиналары, энергия бөлетін 
тетіктер, 
ж) КӨП ЖЫЛДЫҚ ӨСІМДІКТЕР 
МЕН КӨШЕТТЕР 
в) МАШИНАЛАР бумен жұмыс 
істейтін двигат/р,электроаппаың, 
трансформатор,грейдер,бульдезор,бет
он/арал.маш,көтер кран,аразы,касса 
аппар 
з) ЖЕР    Ұйымның сатып алған жер 
көлемінің құны 
г) ТАСЫМАЛДАУ ҚҰРАЛЫ 
жолаушы және жүк таситын көлік, 
прицеп, трактор т.б. 
и) БАСҚА ДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР     
(кітапхана қоры т.б.) 
ғ) ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР, 
ЖАБДЫҚТАР шкафтар,бактар, 
контейнерлер т.б. негізгі құралдар 


 
23 
 
Негізгі  құралдар  бухгалтерлік  есептің  жұмыс  жоспарында 
екінші бөлімде орналасқан №2400, 2410 шоттарда «Негізгі құрал-
дар»,  2420  «Негізгі  құралдардың  амортизациясы  және 
құнсыздануы»,  2430  «Негізгі  құралдардың  құнсыздануы»,  2600 
«Барлау  және  бағалау  активтері»,  2620  «Барлау  және  бағалау 
активтердің  амортизациясы»,  2630  «Барлау  және  бағалау 
активтердің құнсыздануы» шоттарда есептеледі. 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет