М. А. Молдашева


V тарау  АҚША ҚАРАЖАТЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ



Pdf көрінісі
бет37/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105
Байланысты:
Молдашева

тарау 
АҚША ҚАРАЖАТЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ 
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 
 
 
5.1. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР  
ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ 
Қолма-қол  ақшаны  қабылдау,  сақтау  және  жұмсау  үшін 
кәсіпорында  касса  болады.  Қолма-қол  ақшамен  жұмыс  істеу 
ережелері ҚР-сы Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген. Нұсқау 
мыналарды ұйғарады:  
- ҚР банк мекемелерінде барлық ақша қаражатын сақтау
-  Чекке  көрсетілген  мақсаттарға,  банктерден  алынатын 
қолма-қол ақшаларды жұмсау; 


 
55 

Банк  мекемелерімен  бекітілген  лимиттер  шегінде 
кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау
-  Кассалық  құжаттарды  дайындау  және  қолма-қол  ақшаны 
қабылдау мен беру тәртібі; 
-  Ақша  қаражаттарын  сақтау  мен  тасымалдау  кезінде 
олардың түгендігін қатамасыз ету бойынша көрсетулер
- Кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі. 
Кассир  жұмысқа  орналасқан  кезде  кассалық  операцияларды 
жүргізу  ережелерімен  танысып  және  кәсіпорын  әкімшілігімен 
толық  жеке  материалдық  жауапкершілік  туралы  келісімшартқа 
отыруға тиісті 
Кассалық операцияларға төмендегі құжаттар пайдаланылады: 

Кіріс кассалық ордерлар

Шығыс кассалық ордерлар

Кіріс пен шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы

Кассалық кітап. 
Кассаға  қолма-қол  кіріс  кассалық  ордер  бойынша  қабыл-
данады,  ал  шығыс  етілуі  –  шығыс  кассалық  ордерлері  арқылы 
жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар 
қоса тігіледі. 
Ақша  өткізетін  тұлғаға  кіріс  кассалық  ордердің  бөлігі 
болатын жыртылмалы квитанция беріледі.  
Қолма-қол ақша  беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе 
оған  қоса  тігілетін  құжаттарда  қаржы  басқарушының    қолдтаң-
басы  болуы  тиіс.  Құжаттарға  келсек,  олар  қайта  пайдалану 
мүмкіндігін  болдырмайтын  күні,  айы,  жылы  белгіленген 
«Алынды»  немесе  «төленді»  таңбасымен  жойылады.  Кіріс  және 
шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге 
жол берілмейді.  
Кіріс  және  шығыс  ордерлер,  оларға  кезекті  нөмір  беріледі, 
тіркеу журналында есепке алынады.  
  Кассалық  операциялар  бухгалтерлік  кітаптарды  жүргізу 
жөнінде  алдын-ала  қарастырылған  барлық  талаптарға  сай  
келетін кассалық кітапта жазылады. 
Беттер нөмірленіп, кітап түптеліп, ал ондағы парақтарға саны 
басшы  мен  бас  бухгалтердің  қолтаңбалары  және  кәсіпорынның 
мөрі қойылуы тиіс.  
Кассалық  кітаптағы  жазулар  көшіргіш  арқылы  екі  данадан 
жазылады.  Екінші  данасы  –  жыртылмалы,  оға  тіркелетін 


 
56 
құжаттарды  қоса,  ол  кассирдің  есебі  болып  саналады.  Есеп 
күнделіктьі  қолма-қол  ақшаның  келуі  мен  шығыс  етілуі  барысы 
бойынша жазылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет