М. Әділов 1, Ш. Құрманбайұлы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата15.08.2023
өлшемі0,71 Mb.
#179851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тілтанымда мақала Абай русизмдер

Нәтижелер және талқылау
Абай орыс сҿздерін араб-парсы кірмелері секілді ҽр шығармасында қолдана бермейді, белгілі 
бір экономикалық, саяси, қоғамдық, ғылыми тақырыптағы қара сҿзінде ғана жҧмсайды, мҽселен, 
екінші, ҥшінші, жиырма бесінші, қырық ҥшінші, жиырма жетінші
, т.б. қара сҿздерінде 
русизмдер кездеседі. Ҿлеңдерінде де солай, русизмдер ҿте сирек кездеседі, ақын кҿбіне ішкі кҿңіл 
кҥйді барынша реңкті, эмоциялық тҥрде жеткізу ҥшін ҽдейі теріп қолданады. Орыс тіліндегі 
сҿздерді қолдану кҿптеген факторларға байланысты, солардың ішінде ойды жеткізудегі 
қаламгердің эмоциясын, кҿңіл кҥйін білдіруде, басқаша айтқанда, экспрессивтікті жеткізу ҥшін 
кейде орыс кірме элементтері пайдаланылады. Абайдың орыс сҿздерін қолдануы кҿбіне осы 
жағдаймен байланысты болса керек. Жоғарыда айтқандай, тегіс бҥкіл ҿлеңдерінде емес, 
«Интернатта оқып жҥр» ҿлеңі секілді орыс сҿздерін ойын жеткізу ҥшін қолдану керек тақырыпқа 
байланысты шығармаларында ҽдейі қолданады. 
Интернатта оқып жҥр
ҿлеңінде қолданудың 
себебі де осы шығарманың Абайдың қалаға барып келіп, орысша білім алып жатқан мектепті 
кҿріп келгендегі кҿңіл кҥйін аңғартады. 
Абай ҿзінен бҧрынғы дҽуірлерде кіріп, қазақ тілінің айтылымына қарай ҿзгерген ҽрі жиі 
айтылатын 
солдат, ояз

болыс
сияқты орыс сҿздерін қолданумен бірге, ҿзінен бҧрын немесе 
замандастары қолданбаған ғылыми қолданыстар мен сҿз тіркестерін сҽтті пайдаланады. Абайдың 
43-сҿзіндегі «подвижной элемент», «сила притягательная однородного», «впечатлительность 
сердца» деген қолданыстар – соның дҽлелі. Осыған қарап, хакімдегі орыс кірме атауларын «орыс 
тіліндегідей ҿзгертілмей сол қалпында қолданылған» жҽне «қазақ ауызекі тіліне қарай ҽдейі 
ҿзгертіп жҧмсаған» деп екіге бҿліп қарастыруға болады. Ҿзгертпей сол кҥйінде жҧмсаған 
терминдер ішінде 
закон, майор, подвижной элемент, сила притягательная однородного, 
впечатлительность сердца
, т.б. атаулар бар. Ал «қазақтың тымағын кигізіп» пайдаланған 
сҿздердің ішінде 
лҽпке, оязнай, кҽтелешке, мҽліш
, т.б. кірмелер қолданылады. Айрықша тоқталар 
мҽселе, осы кҥнгі Абай шығармалар жинақтарында бҥгінгі орыс тілінің орфографиясы бойынша 
жазылған 
счет, старшын
сияқты сҿздер кездеседі. Егер осы кҥнгі жинақтардағы жазылуына 
қарасақ, онда ақында орыс сҿздерінің едҽуір кҿп бҿлігі сол тілдің ережесіне сҽйкес жазылғаны 
аңғарылады. Ал тҥпнҧсқа қолжазбаға жҥгінсек, керісінше, қазақы нҧсқада жазылған сҿздердің 
ҽлдеқайда жиі кездесетіндігі анықталады. Ондай сҿздердің қатары тҿмендегідей.
Абразавание
«білім». Орыс тіліндегі
образование
термині қазіргі басылымдарда осы кҥйінде 
беріліп келеді. Шындығына келгенде, Абай шығармаларының басты қолжазба мҽтіндері (қазіргі 


ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
67
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
шығармалардың негізі осы қолжазбадан кҿшірілген) 1907 жылғы Мҥрсейіт жазбаларында ол атау 
абразавание
(«о» айтылуы бойынша «а» деп жазылған) деп тіркелген:
Қазақ балаларына 
абразавание
беруге ол да файдалы іс (ҒК 4/5). (ҒК: Ғақлия кітабы,
Мҥрсейіттің 1907 жылғы тҥпнҧсқа қолжазбасы). 
«О» дауыстысының «а» болып айтылып, хатқа солай тіркелуі бірнеше мысалда байқалады, 
олар: 
адвакат, винават, дазнание
, т.б.
Адвакат
. Орыс тіліндегі 
адвокат
сҿзі барлық жинақтарда тҥпнҧсқадағыдай беріліп жҥр. 
Алайда оның араб жазулы нҧсқасында 
адвакат
деп айтылуы бойынша «қазақы» формада 
берілгені назар аудартады:
Я тілмаш, я 
адвaкат
/ Болсам деген бҽрінде ой / Кҿңілінде жоқ санасы (Абай, 1909: 51).
Афлатҧн
«Платон». Абайдың Мҥрсейіт қолжазбасында кейбір кісі есімдері де қазақы 
нҧсқада жазылған. Мҽселен қазіргі, жинақтарда орыс тілінің емлесіне сҽйкес 
Платон
есіміндегі 
«п» дыбысы «ф»-ға, «а» дауыстысы «ҧ»-ға ауысып, оның алдына дауысты дыбыс қосылып келген:
Кҽркиден, філдей қуатлы / Тағы арыстан жҥректі.
Афлатҧн
, Сократ ақылды / Қаһарман Ғали білекті. 
Ертедегі қазақ тілінде жазылған шығармалардың барлығында 
Аплатон
деп жазылған сҿз 
Абайда да сол дҽстҥр жалғасын тапқан.
Бакалшік
. Абай қолданған ҧсақ саудагер мҽніндегі 
бакалшік
− арабтың 
бакал
жҽне орыстың 
-
шік
(щик) формалары арқылы жасалған туынды сҿз. Абай ҿлеңдері жинағында мҧны парсыша деп 
кҿрсеткен. Негізінде бҧл – арабтың
баққал
«кҿкҿніс, жеміс-жидек сатушы» сҿзі. Орыс 
тіліндегі 
бакалея
да арабтан алынған (арабтан тҥркіге, тҥркіден орысқа). Абайдағы «бакалшік» сол 
кезеңде орысшада қолданылған бір сҿз болса керек, ақын да тікелей сол қолданысты пайдаланған:
Ноғайды кҿрсе, оны да боқтап кҥлуші еді: «тҥйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе, шаршап, 
жаяу жҥрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, тҥкке ыңғайы келмейтҧғын, солдат ноғай, 
қашқын ноғай, 
бакалшік
ноғай деп (2-қара сҿз).
Осындағы 
бакалшік
сҿзін қолжазбадан 
бҧхалшік
деп те оқуға болады:
«Нoғaй дегенче нoхaй десеңчi, тҥкге ыңғaйы келмейдi, сaлдaт нoғaй қaчқын нoғaй, 
бҧхaлчiк
нoғaй деп» (Петек, 2020: 54). 
Мҥрсейіт қолжазбасына қарап оның 
бҧхалшік
деп оқылатынына кҿз жеткіздік. Десек те, 
Абай «дін кҥтуге де шыдайды» деп мақтаған татарға қазақтың «бҧхалшік» деп айтуы мҥмкін бе? Я 
болмаса татарлардың орыс елімен іргелес, кҿрші қоныстануымен байланысты олармен жақын 
аралас-қҧралас болып, мҽдениетін, ғҧрпын қазақтан ертерек сіңіргенін кҿрсетіп тҧрған болуы 
мҥмкін. Немесе ақын ҿлеңін хатқа тҥсіру, кҿшіру кезінде кеткен қателік те болуы ғажап емес. 
Жалпы бҧл сҿздің қолданысына қатысты тҧжырым жасауға дерек-дҽйегіміз ҽзірге жеткіліксіз 
болғандықтан, алдағы уақытта ҽлі де зерделеп, нақтылайтын тҧстар бар екенін айтуға тиіспіз.
Орысша «чик» жҧрнағымен жасалған осы мағынадағы басқа сҿз 
пияншік
те Абайда 
кездеседі: 
Барымта мен партия / Бҽрі мастық, жҧрт қҧмар.
Сыпыра елірме, сҧрқия / Кҿп 
пияншік
нені ҧғар? 
Ваенной


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет