М. И. Лисина «Қарым-қатынас ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» деп көрсетеді. Л. К



бет1/5
Дата07.11.2022
өлшемі45,23 Kb.
#156821
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9-лекция
РК 2, 651573 2 (копия)

9-дәріс. Қарым-қатынас процесінің психологиялық ерекшеліктері
1. Қарым-қатынас туралы түсінік
Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан оның мәні ерекше, қарым-қатынас мәселесіпсихология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Қарым-қатынассыз топтың да, ұйымның да, қоғамның да болуы мүмкін еместігі мәлім. Өзара қарым-қатынас жасай алу – адамзаттың эволюция барысындағы басты жетістіктерінің бірі болып саналады. Мамандардың мәлімдеуінше, қарым-қатынас – ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің бірегей стратегиясына дағдылану, басқа адамды қабылдау және түсінуден құрылған және бірлескен қызметтің қажеттіліктерінен туындаған, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының көп жоспарлы, әрі қиын процессі. [Қысқаша психологиялық сөздік / А.В.Петровсийдің, М.Г.Ярошевскийдің редактырлығымен,. — М., 1985. — 213 б.]
5. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
М.И.Лисина «Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» — деп көрсетеді.
Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» — деп көрсетеді.
Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелейемес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекетету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.
Ғалымдар қарым-қатынасты адамдардың тіршілік әрекетінің рухани және материалды формаларының алуантүрлілігін біріктіретін, сонымен қатар оның маңызды қажеттілігі болып саналатын әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. «Қарым-қатынас» сөзі латынның «қоғам, қауым, ортақ» деген мағына білдіретін communis сөзінен шыққан. Әлдекіммен ақпарат алмасу үшін, ең алдымен байланысқа, қарым- қатынасқа түсіп, одан кейін бірлескен қызмет барысында ортақ көзқарасқа жетуге тырысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет