М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет14/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы
Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
білді. Көшпенділердің дәл осы құнды қасиеттері қазақы ділдің 
анықтаушы белгілеріне айналды. 
Ежелгі көшпенділердің мемлекеттік-саяси құрылымы да ма-
ңызды рөлді ойнады. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, көш-
пенділердің мемлекеті болды деуге келмейді, себебі сол кезеңде 
олар отырықшы елдің мемлекет құруын сипаттайтын тайпалық 
қоғамнан феодалдық қоғамға да өту жолынан да өтпеген еді. Бірақ 
олар Батыс пен Шығыстың бізге белгілі қала мәдениетінен Дала 
мәдениетінің бірегейлігін, түбегейлі айырмашылығын ұмытып 
отыр немесе есепке алмайды. Тарихтың өзі тарихи фактілер арқылы 
көшпенділердің мемлекеттілігіне қарсы көзқарастарды жоққа 
шығарады – себебі бір жұдырық астына жұмыла қоймаған қалың 
халық, былайша айтқанда, «жабайы орда» парсылардың, кейіннен, 
Парсы мен Үндістанды бағындырған Александар Македонскийдің 
қолбасшылығындағы грек-македония әскеріне қарсы тұра алар ма 
еді? Тіпті әйгілі Томиристі «сақтар патшайымы» деп атаудың өзі 
ежелгі көшпенділердің мемлекеті болды деудің дәлелі емес пе? 
Ежелгі де, қазіргі де мемлекеттіліктің болуы өз негізінде құ-
қықтық қағидаларды қалыптастыратын үстем діннің болғанын 
меңзейді. Ислам дәуіріндегі, соның ішінде ежелгі түркілер үшін 
осындай дін тәңіршілдік болған еді, яғни көк аспанды мекен еткен 
Тәңірге деген сенім. Тәңіршілдіктің бойында Орталық Азияны ме-
кен еткен ежелгі халықтың ымырашылдық ділі айқын көрініс тап-
ты. Көк аспан – бәріне ортақ, ол түнмен алмасып отырғанымен
бірыңғай жүйе. Тәңір сенімімен қатар, әйел құдай Жер-су сенімі де 
кеңінен тарады. 
Қазіргі Қазақстанның территориясында буддизмнен бастап 
христиан дінімен аяқталған өзге де діни сенімдер болғанын жоқа 
шығармау керек, бірақ олар көбіне отырықшы халықтың арасына 
ғана тарап, тәңіршілдік сияқты асқан беделге ие бола қойған жоқ. 
Кейіннен тәңіршілдік ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен отырық-
шы халықтың діні болған ислам арқылы ығыстырылды, алайда 
ислам көшпенділер ортасына тарағанымен Тәңір сенімін тұтастай 
ығыстыра алмады. Тіпті қазірдің өзінде қазақтар мұсылмандық 
рәсімдерді орындау барысында ежелгі тәңіршілдік салттың бел-
гілері байқалады, егер екі сенімнің де монотеистік негізі бар қазақы 
ділдің ерекшеліктерін назарға алсақ, бұл таң қаларлықтай жағдай 
емес. 
Монотеизм сонымен қатар, түркілік суперэтностың әлеуметтік 
құрылымына айтарлықтай ықпал етті. Бүгінге дейін сақталып кел-
ген түркілердің жазба ескерткіштері халықты қаған мен бектер-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   471




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет