Мақала тақырыбы: Мұхтар Мағауиннің "Әйел махаббаты" әңгімесіндегі пасихологизм



Pdf көрінісі
Дата28.05.2023
өлшемі131,13 Kb.
#177861
Байланысты:
мақала
annotation213653, ҚАЗАҚ ТІЛІ ТОЛЫҚ ЖАУАП, 200-285, әдебиет тест, 172521, нұсқа, Өндірістік практика 3 курс Жұмабекова дұрыс


ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 
МАҚАЛА 
Тақырыбы: Мұхтар Мағауиннің "Әйел махаббаты" 
әңгімесіндегі пасихологизм
 
 
 
 
Авторы:
ҚФ-401 Жұмабекова З.
Тексерген:Обаева Г.С 
Ақтөбе,2022 ж. 


Қазақ прозасында «Аласапыран», «Жармақ», «Мен» сынды шоқтығы биік 
шығармаларды жазып, қазақ тарихы мен әдебиетіне үлес қосқан М.Мағауиннің 
шығармашылығы сан қырлы. Туындыларында психологизм элементтерін кеңінен 
қолданып, өткен мен бүгінгі күннің мәселелерін анық көрсетеді.
Әсіресе, бүгінгі күндер суретін сұлбалаған, ұлттық діліміздің қақ жарылған 
қасіретін таңбалаған «Жармақ» романы ұлттық прозамыз ұмтылар заманауи 
межені меңзейді. Осы жайында академик Сейіт Қасқабасов бір сұхбатында: 
«Тәуелсіздік тұсындағы әдебиетіміздің аяқ алысы жаман емес. Жаңа леп, жаңашыл 
көзқарастар баршылық. Постмодернизм нышандары байқалуда. Мысалы, жаңа 
әдебиеттің үлгісі деп Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романын айтар едім» [1], - деп 
пікір білдіреді. Көркемдік әсерінің қуаттылығы жағынан «Шахан Шерінің» орны 
бөлек. Мұнда адамдарға қастандық жасаған тарғыл терілі жолбарыс тұқымы мен 
аңшы, қаһарман Шаханның қалай айқасқа түскендігі көркемдік шеңберінде әсерлі 
суреттеелді. «Шақан-шері» жинағына енген «Бір нәзік сәуле», «Қылмыс», «Екеу», 
«Подонок», «Жүсіптің қызы», «Тазының өлімі», «Тағдыр жазуы», «Ақыр-дүние», 
«Елес», «Оралу», «Құмырсқа-қырғын», «Камикадзе» сынды әңгімелеірнде 
қазақтың ұлттық мифологиясы, философиялық-эстетикалық танымы, тауқымет пен 
қасіретке толы тарихы жазушының кеңінен ой толғауына негіз болады. Бәрінде де 
қазақтың зәузаттық танымы, өзгелерден даралап тұратын ешкімге де ұқсамайтын 
өзіне ғана еншілі ойлау жүйесі, соған лайық сөйлеу мінері көзге оттай басылады. 
М.Мағауиннің 1983-1990 жылдар арасында жазылған туындыларында 
тәуелсіздіктің келбеті мен Сталиннің саясатын ашық айтқаны сол кезде жазған 
шығармаларының тақырыбынан-ақ көруге болады. Мысалы: «Климмен күрес», 
«Абақтыда өлген Уан атай», «Ең әділ сайлау» сынды шығармалары бар. «Доңыз 
жылғы балалық» туындысы өзі айтқандай «тақырыбы тым өткір» туынды болмақ. 
Ал, «Пуркоралдың көк аты» сатиралық шығармасында жетім Шарипаның 
«Америка менің әкемді өлтірген жоқ!» деп айтқаны үшін кіналайды. Яғни, оның 
әкесін Америка өлтірмесе, онда кеңес үкіметі өлтірді деген ой жасырын жатқаны 
баяндалады. «Абақтыда өлген Уан атай» мотиві туындысында сталиндік 
репрессияға ұшыраған адамдар мен олардың түрмеде өткізген аянышты тағдыры 
суреттеледі. Әр түрлі тақырықа жазылған шығармалардың қай-қайсы да кезінде 
әдеби ортаның назарын өзіне ерекше аударып, оқырмандарын қатты сүйсіндірген 
туындылар болды [2, 117]. Осылайша, әдебиет зерттеушісі А.Мұсаевтың 
М.Мағауин жайындағы пікірін келтіре отырып, қаламгердің қазақ әдебиетіне 
қосқан үлесін танып, алғашқы қадамынан бастап биік заңғарға айналуына дейінгі 
уақытын көрдік.
А.Шаяхмет М.Мағауиннің «Мен» шығармасы жайын талдай келе, «Мен» - 
тұлғаның талантын танытатын философиялық категория екенін, өзге ге де таныту 
екенін, тек өзін таныту еместігін, көптің мені жекенің мені арқылы көрінетінін 
айтады. Сонда, сол арқылы қоғамдағы келеңсіз құбылыстардың себебін, салдарын 
көрсетуге болатынын жеткізеді. Жазушы өзінің кім екенін білгендіктен, «менге» 
жүгінетінін баса айтады» [3, 3], - дейді. Сонда жазушының қандай да болсын 
шығармасының 
өзектілігі 
барын 
анық 
байқауға 
болады. 
Жазушы 
шығармашылығында анық аңғарылатыны – ұлттық мінез. Бұл тақырып аясында 
зерттеген зерттеуші А.Тоқсамбаеваның пікірінше, М.Мағауин туындыларында 


ұлттық ерекшелік анық көрінеді. Ұлттық бояу, этникалық ерекшеліктер қай 
шығармасының негізі ретінде танылады [4, 12]. Осы негізден М.Мағауиннің 
шығармашылығы жоғары бағаланатынын, туындыларында ұлттық мінезді 
психологизмнің 
элементі 
ретінде 
қарастырғанын 
көреміз. 
Жазушы 
шығармаларының арасында тақырыбы жағынан да, көтерген мәселесі де 
оқшауланатын бір туындысы бар. Ол – Әйел махаббаты. Екі кейіпкерді ғана 
сөйлетіп, бүтін қоғамның мәселесін көтерген шығармада психологизм элементтері 
көрінеді. Қазақ прозасындағы психологизмді зерттеген ғалымдардың бірі
Б.Майтанов. Зерттеушінің пікірінше, қазіргі қазақ әдебиеті аталатын 1970-1980 
жылдардағы әдебиет өкілдері туындыларында кейіпкерінің жан-дүниесін 
сипаттауда, ішкі сезім мен күйді беруде шеберлік танытып, психологизм 
элементтерін 
пайдаланғанын 
айтады 
[5, 
27]. 
Мәселен, 
М.Мағауин 
шығармаларында ұлттық психологиямен қатар, әйел психологиясы да танылады. 
Сондай-ақ, психологизмнің элементтері ретінде танылатын еске алу, өткеннің 
басты кейіпкерге әсер етуі сынды детальдар шығармада көрініс тапқан. Зерттеуші 
Г.Піралиеваның пікірінше, бұл детальдардың психологизмнің баяндау құралдары 
ретінде танылады [6, 10].
«Әйел махаббаты» шығармасын бір оқыған адам ешқашан ұмытпайды. 
Шығарма желісі Д.Исабековтің «Қарғын», С.Шаймерденовтің «Сәмбітал», 
Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы желілерімен ұқсас. Дегенмен, 
шығарманың аталған туындылардан ерекшелігі психологизмнің еске алу элементі 
қолданыс тапқан.
Әлем әдебиетінде әйел тақырыбын қозғап, шын сүйе алатын тек қана әйелдер 
деген Мопасанның пікіріне қарсы «шын сүйе алатын да, сол сезімімен жандырып, 
естен алжастыратын да әйелдер» деген жазушының ойы аңғарылады. Шығармаға 
назар аударатын болсақ, арадағы өткен он жылды аңғарамыз: «- Құдай-ау, біз 
көріспегелі он шақты жылдан асып кетіпті ғой! 
- Иә, Бәтимаш, ол кезде біз қыз едік… Бес биенің сабасындай толық, етжеңді келген 
қара торы әйел Бәтима өзінің бір кезде қыз болғанына шынымен таңырқай сәл 
аңырып қалды да, диванда шалқайып жатқан күйінде, сағынып көріскен досы 
Зияны құшағына қыса түсті. «Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан 
шығады» деген осы екен-ау, қазіргі түріміз мынау, - деп қойды. 
- Сені айтпаймын, - деді аздан соң Зияға күле қарап, бойың өсіп, бет бейнең 
ашаңданып, денең толысыңқырағаны болмаса, сол уылжыған қалпың, әлі кыздан 
арықсың. Мектепте жоғарғы кластарда оқып жүргенде өзімізді бойжеткен санаушы 
едік, бала екенбіз онда. Студенттік жылдар ғой, шын дәурен сүрген кезіміз. Бір 
қалада оқымағанымызды айтсаңшы... Сенімен бірге осы Алматыға келмегеніме әлі 
өкінем» [5, 75], - деп басты кейіпкер Зияның құрбысы Бәтимамен кездесуі 
оқиғаның барлығы дерлік осы кезден басталатынын аңғарамыз. Солай, Зияның 
қиялындағы жанды кезіктірсе де, мінезі үйлеспегендіктен екіге айырылғаны белгілі 
болады.
«- Бәтима, - деді Зия жалынғандай дауыспен.
- Мені тағы азаптағың келіп отыр ма? Сенен неше рет сұрадым, осыны сөз қылмай-
ақ қояйық деп... Сағынып кездескен құрбысынан мұндай ренішті сөз күтпеген 
Бәтима тосылып қалды. 
- Өзгергеніміз ғой, - деді аздан соң жәбірленген кейіппен.


- Сыр жасырушы ма едік бұрын… Бірақ менің анық білетінім – сен оны әлі ұмытқан 
жоқсың. Ұмыта алмайсың… 
- Кімді? - Зия селт етіп Бәтиманың аузына қарады. 
- Кімді болушы еді, Арыстанды-дағы. Сол кісіні жамандаған бір адам көргем жоқ. 
Өзі де құдай берген жігіт қой, жұлдызы жанып-ақ тұр. Бұл - бастағаны ғана, әлі 
жас, отыздың ішіне жаңа енді. Доктор... профессор! Не керек, Зия, бақытыңды 
басқа тептің. 
- Бақытымды... - Зия ауыр күрсініп алды. – Бақытымды басқа тептім ғой шынында 
да… 
- Құдай маңдайыңа жазған қосағың емес пе еді Арыстан! 
- Туу, Бәтимаш-ай, тағы да Арыстаныңды әкелдің бе! 
- Зия денесін суық қарығандай, құшақтасқан қолын жазып, Бәтимадан 
алшақтаңқырап отырды. - Сенің маңдайыңа жазылған Арыстан еді дедің бе? 
Айтайын енді» [5, 77], - деп диалогтен Зияның өтіп кеткен жайтты, не болмаса 
өткен жараны қайта еске алады. Арыстанның салған жарасы емес еді ол. Арыстан 
да емес, Төлеген еді ғой. Зия Төлегенді былайша сипаттайды: «Ол композитор еді. 
Жүрек толқытар сырлы әндері ауыздан-ауызға көшіп жаңа тарай бастаған кезі. 
Атағы шықпаған, бірақ әнін естіген, өзін білетін адамдар тегіс оның болашағынан 
үлкен үміт күтетін. Жүріс-тұрысымен, сөйлеген сөзімен Төлеген қыздардың бәрін 
де баурап алды. Алғашқы күні ілме сөз, қақпа қалжыңдар жайына қалды. Орынсыз 
бірдеңе айтып қоймайық деп ойлана, имене сөйлейміз. Қыздардың әрқайсысы-ақ 
Жібек болғысы келеді. Маған да ұнады Төлеген. Бірақ менде әйелдің, әлі өмірді 
білмейтін, әлі ләззаттың дәмін татпаған парықсыз әйелдің такаппарлығы бар еді. 
Кезекті репетициядан тараған соң қыздардың бәрі у-шу болып ананы-мынаны 
айтысып жатқанда мен сөздеріне көп араласпай, әрнені қиялдап, өзімнен-өзім 
отырамын. Төлегеннің көзі маған алғашқы күні-ақ түсті. Мен аңғармаған, аңғарсам 
да елемеген қалып таныттым» [6, 80], - деп нәзік қана Төлегеннің жайын аңғартады. 
Шашы, көзі жалпы психологизмге тән элементтер ретінде кейіпкердің суреттелуі 
басты кейіпкердің өз сөзімен танылады. Автордың баяндауы жоқ. Он жылға 
шегініс жасап, Төлегенді нағыз махаббаты деп тануы да шығарманың негізі ретінде 
анықталады. Сондай-ақ, жазушы мынадай жайтты кейіпкердің сөзімен аңғартады: 
«Сол жас сыптай жігіт кезінде қазіргісінен де ебедейсіз еді сорлы. Өзін онша ұната 
да қойғам жоқ, әйтеуір біреумен бас қосу керек болған соң… Қазіргі кезде махаббат 
дегеннің өзі... Қозы мен Баянның заманы өтіп кетті ғой. Бірақ Бекеңді кейін қалай 
жақсы көріп кеткеніме таң қалам. Енді сол малтабарымды ешкімге айырбастамас 
едім» [5, 85], - деп Бәтиманың күйеуімен қосылғандағы ниетін аңғартады. Бұл 
кейіпкердің ішкі психологиясын аңғартса керек. Адам баласының ішкі құпиясы 
бітпейді ғой. Адам психологиясы да сол ішкі құпиясының бірі ғой. Зияның ішкі 
қүпиясы болатын, өзін қызғанған сезімді бастан кешкісі келді. Зияның танымында 
махаббат қызғану арқылы келеді деп біледі, солай қадірін одан айырылғанда ғана 
таза махаббаттың не екенін ұғынады. Солай Зия Арыстан мен Төлегенді 
салыстырады. Арыстанның батылдығын ұнатады. Төлегеннің адал сезімін 
батылдыққа айырбастайды. Солай, Зияның екі жігіт жайындағы ойы былайша 
көрінеді: «Арыстанмен сол Төлеген келмей жүрген шамада таныстым. Бұл екеуі 
дүниенің екі шеті сияқты еді. Біріне-бірі мүлде ұқсамайтын. Төлеген көркемөнерге 
табынса, Арыстан әдебиет, музыка дегендердің бәрін еріккеннің ермегі санайтын» 
[5, 87], - деп бір-біріне қарама-қарсы екі жігіттің образын, ақырында кімді 


таңдағанын бәрімізде білеміз. Арыстанның батылдығы баурап, ақырында 
Төлегеннің сезімін аңғармаған Зия уақыт өткен соң ғана барып, өзінің кімді шын 
сүйгенін аңғарады. Мына тұста Зияның ғана емес, барша қыз баласына тән мінез 
көрінеді: «Мен Төлегенде қызғаныш сезімін тудырғым келді. Білсін дедім онсыз да 
өмір сүре алатынымды [5, 89]. Ақырында, Төлеген осы әрекетінен соң Зияға хат 
жазып, енді көріспейтіндерін жеткізеді. Зияның сезімі осы жерде анық байқалады 
және былай дейді: ««Төлеген, - дермін деймін, - өзіңнен басқа ешкімім де жоқ. 
Сенсің менің қалғаным». Еркелей, наздана жазғым келеді. «Төлеш, неткен төзімсіз 
жігітсің, менің шалдуар қалжыңымды да көтере алмағаның ба? Қызғаншақ екенсің 
ғой. Кім ол сенің қасыңда! Дүниедегі барлық жігітке сені айырбастармын ба?!» 
Қайғыны ұмытып, бір сәт бақытқа қайта кенелдім» [5, 91], - деп айтатынын 
елестетеді. Тағы да психологизм элементі қолданылады. Төлегеннің сезімге толы 
жан болғаны, бір айтса сонысында міз бақпай тұратыны, бұдан соң Зиямен бір де 
болсын кездеспегенінен байқаймыз. Оқуын бітірген Зия Төлегенді қанша күтсе де, 
оралмайтынын түсінеді. Іздесе де, таппаған сүйгені көзден кетіп, көңілден ұмыт 
болады. Сөйтіп, соңынан қалмаған Арыстанмен қосылады. Ерлі-байлы болғанмен, 
араларында Төлегенмен кешкен сезімнің ұшқыны да жоқ. Іштей өзін мүжу де бар. 
Бір күні қаладағы жындыхананың қасынан өтіп бара жатқанында байқаусызда 
Төлегенді жолықтырады. Әрине, шашы өсіп кеткен, түрі әбіржіп кетсе де, жазбай 
таниды. Арада төрт-бес күн өткен соң жындыханаға барып, Төлегенмен көрісуді 
ойлайды. Солай, Төлегеннің жындыханада болғанын, дүниеден өткенде төс 
қалтасынан өз суретінің шыққанын көріп, осы жылдарда Арыстан жанында 
болғанда, өз суретінің Төлегенде болғанына таң қалған. Солай, шығарма әйелдің 
махаббаты мықты екенін, не шексіз бақытқа, не шексіз қайғыға жеткізерін 
баяндайды.
Шығармадағы Зия мен Бәтиманың диалогы де психолгизмнің элементі ретінде 
қарастырылған. Мәселен, Б.Майтановтың пікірінше, қаламгер кейіпкерлерінің 
пікірлерін авторлық баяндау арқылы беруге болатынын, алайда өмір 
заңдылығында диалогтың басым екендігін айтады [5, 245]. Солай, жазушының Зия 
мен Бәтиманың диалогы арқылы өткенді еске түсіреді.
Қорытындылар болсақ, қаламгердің шеберлігі психологизмді шебер 
пайдалана білгенінде. Автор екі кейіпкермен тұстасып кеткендей көрінеді. Сайрап 
тұрған тек қана екі-ақ кейіпкер. Екі кейіпкер арқылы махаббат хикаясын жеткізеді. 
Өмірде махаббат сезімін бағалау керектігін анық жеткізеді. Өткеннің елесі, өткенді 
еске алу сынды психологизм элементтерін детальмен пайдаланған жазушының 
даралық сипатынан махаббат тақырыбының формасы қаншалықты өзгергенін 
жеткізеді. Фольклорда ұшырасатын ғашықтардың құрбан болу деталы 
қолданылып, Қыз Жібегінен айырылған Төлеген, кейінгі заманда Зиясынан 
айырылды. Қазаның себепкері Бекежан болса, біздің Төлеген ғашығының 
кесірінен, қолдау таппай жарық дүниемен қоштасты. Адал сезімді сыйлауды, 
қорғауды жеткізетін шығарманың оқырманды бей-жай қалдырмауы да жазушының 
кейіпкер психологиясын жетік меңгергенінде. Сондай-ақ, шығармада Зия мен 
Бәтиманы қарсы қоюда бар. Басынан осындай ұлы сезімді өткерген Зия Бәтимаға 
қарағанда әлдеқайда биік. Алайда қолындағысын бағалай алмауы Бәтимадан 
төмендетеді. Қарама-қарсы кейіпкерлер арқылы жазушы шығарманың дамуы 
көрінеді. Солай, жазушының даралығы көрінген шығармасы ретінде “Әйел 
махаббатының” орны биік екенін аңғарамыз.


Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Аманжол Қ. Классик немесе М.Мағауиннің мәңгілік күйі. Егемен Қазақстан, 
2010. 2-ақпан. 
КЛАССИК НЕМЕСЕ МҰХТАР МАҒАУИННІҢ МӘҢГІЛІК КҮЙІ 
(egemen.kz)
  
2. Мұсаев А. Қазіргі қазақ әдебиеті: Оқу құралы. Алматы: ССК, 2019. – 284 бет
3. Шаяхмет А. «Мен» дегенің – мына біз. Мағауитану мүйісі. «Қазақ әдебиеті», 
2020. 7-маусым.
4. Тоқсамбаева А. М.Мағауиннің хикаяттарындағы ұлттық характер: монография. 
Алматы: CyberSmith, 2019. – 224 бет 
5. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау: Оқу құралы. Алматы, 
Санат, 1996. – 336 бет 
6. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері: Монография. 
Алматы: Алаш, 2003. – 328 бет
7. Мағауин М. Тазының өлімі. Алматы: «Атамұра», 2004. – 256 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет