Мақалада түркі тілдеріне ортақ жануарлар атауы қарастырылды. Жануарлар атауының түркі тілдері лексикасы жүйесіндегі орны ерекше



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата24.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#188239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Хабаршы №2, 2022-48-57

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№2 (124), 2022
 
52 
Түрік тіл білімінде зоонимдік лексиканы зерттеу Саадет Чағатай есімімен тығыз 
байланысты, оның «Türk Halk Edebiyatında Geyiğe Dair Bazı Motifler» (1956) атты еңбегі 
ғылыми мазмұны жоғары алғашқы еңбектердің бірі болуымен құнды, бұдан әрі зоонимдік 
лексиканы зерттеу түрік ғалымдарының еңбектерінде жалғасын тауып отырды, зоонимдік 
лексика тіл деңгейлеріне сай жан-жақты қарастырылды. Түрік ғалымдарын да жануарлар 
атауын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан талдау мәселесі де бей-жай қалдырмады. Аталған 
мәселе бойынша түрік ғалымдарының ғылыми мақалалары, зерттеулері жарық көрді. Атап 
айтқанда, түрік ғалымы Эртан Беслинің «Eskı̇ ve Orta Türkçe hayvan isı̇mlerı̇nı̇n etı̇molojı̇sı̇»
 
(2010) атты докторлық диссертация жұмысының ғылыми маңызы жоғары. Автор осы 
зерттеуінде ерте және орта ғасыр ескерткіштер тілі бойынша, сондай-ақ жануарлар 
атауының этимологиялық сөздіктердегі сипатына талдау жасайды.
Жалпы түркі тілдерінің тарихи сабақтастығын таныту үшін жоғарыда аталған 
зерттеулер бүгінгі күні де жалғасын табуы қажет. Бұл өз кезегінде этимологиялық сөздіктер 
үшін ғылыми дерекқор болып табылады. Жоғарыда біз атап өткен еңбектер түркі 
зоонимдерін зерттеудің, оны тіл деңгейлеріне сай жан-жақты қарастырудың маңызды 
екендігін көрсетеді. Аталған зерттеулер түркітану ғылымында маңызды және алдағы 
зерттеулерге бағыт көрсетуімен де құнды.
 
 
Талдау мен нәтижелер
 
Түркі тілдер жүйесіндегі ортақтығы мол лексикалық тақырыптық топтың бірі – жан-
жануарлар атауы. Түркі халықтарының қоршаған ортаны тануда жан-жануарлар әлемі 
маңызды рөл атқарған. Осыған орай түркі тілдерінде жануарлар атауы ортақ базалық 
лексиканың көне әрі ең мол қабаты болып табылады. Себебі осы тақырыптық топтағы 
атаулар барлық түркі тілдерінде бірдей тұлғада кездеседі. Түркі лексикасының көне қабатын 
құрайтын зоонимдердің жалпытүркілік ортақ лексикадан қалыптасуын көрсету үшін біз 
түркі тілдері бойынша кейбір жабайы аң атауларын кесте бойынша көрсетуді (кесте №1), 
нақты тұжырымдар жасау үшін кейбір зоонимдерге талдау жасауды жөн санадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет