Мaқcaты: Саралжын ауылы атауының шығуын, құрылуын, мектеп тарихын, ауылдан шыққан дарындар, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесін зерттеу. Мiндeттерi


Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте



бет4/11
Дата24.01.2022
өлшемі20,04 Kb.
#113899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тарих
Дiнислам семинар әлеуметтану, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 1 курс.British traditions and customs прав.2020, 1 курс.British traditions and customs прав.2020, Философия 6-тапсырма, Философия 5 тақырып Сағынбай Айзада 210Б, 1. Қабыну
1.2 Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте

Саралжын ауылы Батыс Қазақстан обылысы Бөкей Ордасы ауданы Сайқын ауылынан Солтүстік шығыста 210


шақырым қашықтықта, облыс орталығынан 430 шақырым қашықтықта орналасқан. Казталовка ауданы орталығынан 75 шақырым,бұрынғы Жалпақтал аудан орталығынан 80 шақырым жерде Саралжын көлінің жағасында орын тепкен ауыл. Солтүстікте Казталовка ауданының Көктерек ауыл округі, Оңтүстікте Т.Масин ауылы, Шығыста Жаңақала ауданы, Батысында Казталов ауданымен шекараласады. Саралжын ауылы 1930-62ж Жанақала ауданына, 1962-72 жылдары Казталов ауданына қараса, 1972 жылдан бері Орда ауданына қарайды.
XIX ғасырдың 80-90 ж осы өңірді 12 ата Байұлының әртүрлі рулары

Соның ішінде алаша руының Қуан деген байының жайлауы болған. 1918-23 ж. аралығында тұрғындар жеке малдарын ортаға салып, серіктестік құра бастаса,



1924-27ж Саралжын, Құрманкөл ауылдарында ТОЗ дар құрылып, Иімбидайық, Сарыой, Қызылой деген жерлерде жер жыртып, егін салып, шаруалар бірігіп жұмыс жасаған. Сол кездегі ТОЗ-дың жетекшілерінің бірі Әлиев Жаниман деген кісі болған. 1935-60ж колхоздар біріктіріліп «Энгельс» колхозы деп аталды. Колхоздың сол кездегі басқармалары Қалқаманов Әбдірахман, Ахметов Ким, Жакуов Сағын т.б болған. 1938 ж Саралжын ауылында МТС құрылып ауыл көлді айналып қоныстана бастады. Қаз ССР ауыл шаруашылық министірлігінің 1962 жылғы 10 қыркүйекте №69 бұйрығына сай Саралжын ауылында «Энгельс», «Құрманғазы», «Екпінді құрылыс» колхоздарының негізінде Құрманғазы атындағы совхоз құрылды. Совхоздың тұңғыш директоры болып СОКП ХХІІ
сьезінің делегаты шебер ұйымдастырушы Бейсенбі Ғұбашев тағайындалды. Совхоз құрылғанда жалпы жер көлемі 276,300 га болса, оның 250,491га- на ауыл шаруашылығына пайдалы жер яғни 7759 га егістік, 44,150 га шабындық, қалғандары жайылымдық жер болды. Ірі қара -3866, қой -20,305, жылқы – 4251, түйе - 630 бас болды. Техника 20 шынжыр табанды трактор, 40- дөңгелекті трактор, 28- автомобиль болды. Жаңадан құрылған савхоз бас мамандары мына құрамда болды: Партия ұйымының хатшысы Жақсығалиев Аксерік, Бас зоотехник – Байғазиев Әнес, бас мал дәрігері – Мұхаммедрахимов Батыр, бас инженер – Нұрғазимов Ғайнеден, бас бухгалтер- Нәукешов Болат, бас экономист – Еркінгалиев Ғұмар , жұмысшылар комитетінің төрағасы Берденов Тұрымтай, кадр бөлімінің меңгерушісі - Әбдірахманов Кеңес болды. Совхозда еңбекке жарамды 736 адам 5 бөлімшеде (орталықтары Саралжын, Бөрлі, Бескөл, Тереңқұдық, Бесқұдық) жұмыс жасады.
Совхоз кезінде жаңа тұрғын үйлер, кітапхана, шеберхана, мектеп, мектеп- интернат, аурухана, аэропорт, метеостанция, клуб, тұрмыстық қамту, робкооп, ауылдық кеңес жұмыс істеді.
1967 ж. көршілес Ұялы ауылынан Искра совхозы құрылып, Құрманғазы атындағы совхоздың № 3 бөлімшесін (Тереңқұдық) 500 сиыр, 7000- қой, 72 га жер жаңа шаруашылыққа берілді. Сол жылы Казталовка совхозына да 700 сиырдан көмек көрсетілді. 1977 жылы қаңтар айында Т.Масин атындағы совхоз ашылғанда оған
құрманғазылықтар №3,№4 бөлімшелерді (Бөрлі,Куйбышев)беріп 300,6 жылқы 13 мың қой 350 түйе 81 мың га жер берді. Кеңес өкіметі тарағаннан кейін Құрманғазы атындағы совхоздың да іргетасы шайқалып, нәтижесінде 1990 жылдың аяғында шаруашылық тарады. Сол кезеңнен бермен қарайғы уақытта жеке шаруа қожалықтар құрылып ауыл тынысы жаңа заманның ағысына қарай өзгерді. Халық шаруашылығын көркейтуде, өзі өмір сүрген кезеңде Энгельс атындағы колхоздың немесе Құрманғазы атындағы совхоздың еңбекшілері екпінді қызмет атқарып, ел экономикасын байытуға үлкен үлестерін қосты. Мысалы: Энгельс атындағы колхоздың аға шопаны Әбіл Меңдібаев (суретте) 1956-57 жылдары қой басын өз төлі есебінен көбейтуге қосқан зор еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. Сол сияқты жылқышылар: Иманғалиева Қ, Құтқожин Әмен сияқты азаматтар үкіметтің жоғары наградасы «Ленин» орденіне ие болды. Совхоз экономикасын байытқан 2 мәрте «Еңбек Даңқы» орденінің иегері механизатор Ермекқалиев Қойшекен, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері аға шопан Әлденов Амантай, «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Әбдірешев Жұмағұл, аға шопан Мұқанғалиев Қалиакпар, аға сауыншы Жардемова Мағрипа т.б. болды
Совхозды әр жылы басқарғандар:
1962-66 ж.ж. Бейсенбі Ғұбашев. 1966-75 ж.ж. Ақылбек Қалдышев. 1975-77 ж.ж. Байғұтты Сапарғалиев. 1977-87 ж.ж. Мұғадар Қаженов. 1987-94 ж.ж. Жамбыл
Насимуллин. 1994-98 ж.ж. Жасқайрат Ишанов.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет