Macromedia Flash ортасында векторлық графикамен жұмыс



Дата08.09.2017
өлшемі44,17 Kb.
#30449
Macromedia Flash – ортасында векторлық графикамен жұмыс” авторлық бағдарлама

Категориясы: Жаратылыстану / Информатика

Жарияланды: 31-01-2015, 12:29

Қарау саны: 732

  • 20

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қаралды»


№2 орта мектебінің
______________20___ жыл
ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында қаралған
мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
А.К.Сулейменова ______________________ «Бекітілген»
№2 орта мектеп директоры
Е.У.Ембердиев
______________________
Тақырыбы: “Macromedia Flash – ортасында векторлық графикамен жұмыс”

Авторы: Тарбақов.Б.


ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі
2013 – 2014 оқу жылы
Кіріспе
Бүгінгі таңда “Жаңа технологиялар” адамдардың өмірін, қарым-қатынасын және жұмысын өте аз уақыт ішінде қатты өзгертті. “Жаңа технологиялар” адамдардың жаңа бір қоғамын қалыптастырды Жай ғана үй тұрмысына арналған техникаларды бірнеше жыл бұрынғы модельдерімен салыстыру өте қиын. Мысалға, телефон аппаратының өзгеруін алайық, ол кем дегенде екі құрылғыдан тұратын еді, ал қазіргі өлшемі кішкентай сымсыз ұялы телефонғға дейін өзгерді. Оның жарты ғасырдан кейінгі өзгерісінің қандай болатынын елестету қиын . Жаңа технологиялар осындай өзгерістерді қоғамның басқа да салаларына енгізуде. Солардың ішінде негізгі рөлді компьютер атқарады. Ауқымды, көп уақытты алатын есептеу жұмыстарын компьютердің арнайы программалары арқылы тез арада жасауға болады. Компьютерлік программалардың ішінде өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқандары “Объектілерге бағытталған программалау” және компьютерлік графика. Олардың көмегімен әртүрлі электрондық қабықша құруға болады. Бұған көптеген аниматорлар, программалаушылар және дизайнерлар өз үлестерін қосуда.
Мультипликациялық бейнелер жасауға арналған Macromedia Flash программасы өндірушілер арасында кеңінен қолдау тапты.Future Splash графикалық программасы 1997 жылы Macromedia компаниясында пайда болған. 10 жыл ішінде Flash программасының векторлық графикасы мен анимациясы барлық Web-беттердің, браузерлердің және операциялық жүйелердің модульдер құрамына енді. Flash программасының жыл сайын жаңарып отыратын мүмкіндіктері қолданушыларды қызықтырып, олардың санын жылдан-жылға арттыруда. Қазіргі таңда өңдеушілер Flash-тың көмегімен мультимедиалық жарнамалар, Web-беттер, ойын программаларын және электрондық оқулықтар құруда.

Түсінік хат


Macromedia Flash программасының құрылымы. Macromedia Flash программасын алғаш рет жүктегенде ол WEB-беттерді жасауға арналған векторлық графикалық программаға ұқсайды. Бірақ оның мүмкіндіктері өте көп. Бұл мультимедиалық интерактивті өнім шығаратын орта. Ол жай ғана Web беттеріне арналған суреттер мен анимациялардан басқа,күрделі және сапасы жағынан жоғары бейне сапасы бар мультфильмдер жасауға мүмкіндік береді. Macromedia Flash-тың құрамында Action Script тілі бар. Бұл тіл Java Script программалау тілі негізінде құрылған, бірақ Action Script тілінің артықшылығы XML, HTML және т.б. Тілдермен жеңіл байланыс құра алады.
Macromedia Flash программасы Web-беттер құрамындағы элементтерді (графикалық бейне, дыбыс, диаграмма және т.б.) оңай бейнелейді.
Анимация жасауда программа әртүрлі растрлық бейнелерді векторлық форматқа айналдырып, әр кадрға сақтайды. Нәтижесінде анимация жадыдан аз орын алады. Яғни, ол комиьютердің ресурсын аз талап етеді және Internet-ке қосылғанда тез жүктеледі. Осындай артықшылықтары программаны программистер және аниматорлар арасында тез танымал етті.

Курстың мақсаты:


Осы қолданбалы курстың негізгі мақсаты: Macromedia Flash MX- Macromedia компаниясы өңдеген WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта. Векторлық графикаға бағытталған flash-бағдарламасының негізгі өңдеу құралы мультимедияның барлық негізгі элементтерін: қозғалыс , дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Flash MX бағдарламасының мынадай жұмыстарда:
1) сурет-сызба салу өнерінде;
2) Анимацияның әр түрлерін құруда;
3) Интерактивті анимация үшін басқару элементтерін (батырмалар, мәзір және т.б.) жасауда;
4) Жұмыс кезінде Action Script сценарийлер тілін кең пайдалануда;
5) Flash-фильмдерді, роликтерді құрастыруда;
6) WEB-парақтар мен презентациялар құруда пайдаланылады.
Flash-тің басқа графикалық сайттар құратын бағдарламалар пакеттерінен айырмашылығы:
• Векторлық графиканы және анимацияны қолдану;
• Осы бағдарламалық жабдықтамалардың ішінде программалау мүмкіндіктерін қолдану.
Пәнаралық кіріктіру: Математика, информатика.
Сабақтың жиілігі: 34 сағат
Оқушыларды бақылау және бағалау әдісі:
- Практикалық жұмыс

Қолданбалы курс


Тақырыбы: “Macromedia Flash – ортасында векторлық графика мен жұмыс”
Курстың тақырыптық- күнтізбелік жоспары

Р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі


Macromedia Flash - бағдарламасымен танысу
1 Кіріспе 1
2 Графика ұғымы 1
3 Компьютерлік графика, векторлық және растрлық графика 1
4 Анимация ұғымы 1
5 Macromedia Flash бағдарламасы. Macromedia Flash - ты іске қосу 1
6 Macromedia Flash терезесімен танысу 1
7 Мәзір ерекшеліктері. Жұмыс өрісі. 1
8 Құралдар тақтасы 1
9-10 Дыбыс . Мүмкіндіктерді демонстрациялау. 2
11 Macromedia Flash интерфейсінің элементтері 1
12 Сурет салу құралдарының қолданылуы. Қарапайым суреттер салу 1
13-14 Кадрлармен жұмыс 2
15-16 Flash филімдерін қолдану түрлері 2
17 Тор бетін құру 1
18-19 Flash филімін құрудағы реттілік 2
20 Редактрлеудің құрал-саймандар панелі 1
21 Жұмыс облысы 1
22-23 Web-сайттар үшін анимация құру 2
24-25 Кадрлық анимация 2
26-27 Flash MX-тe фильмдерді жариялау 2
28-29 Мәтінді құру және өңдеу 2
Практикалық бөлім
30 Лабораториялық жұмыс . №1 Мәтінмен жұмыс. Анимация жасау 1
31 Лабораториялық жұмыс . №1 батырмалар жасау. 1
32 Лабораториялық жұмыс . №2 анимация жасау 1
33 Лабораториялық жұмыс . №3 траекториямен қозғалту 1
34 Жыл бойы өткенді қайталау 1

Күтілетін нәтиже


Оқушылар жетістігі:
 Оқушылар ақпараттық мәдеиетін қалыптастырады;
 Оқушылар компьютерлік графика жөнінде толық мағлұмат жинақтайды
 Мұғалім мен оқушы арасында бірлік одағы қалыптасады
 Алгоритмдік ойлау қабілетін дамытады;
 Информатика ғылымына деген танымдық қызығушылығын арттырады;
 Оқушылар кәсіптік бағдар алады;

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Компьютерлік графика оқулығы. Алматы 2007 120 б. авторы: А. Е. Сағымбаева 30 сабақ “Жаңа информациялық технологиялар” (8 сабақ, 111 бет )
2. Информатика негіздері журналы. 2006 № 6
3. 8 сынып информатика оқулығы. Автор: Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева
4. Информатика негіздері журналы. 2008 № 2
5. Информатика негіздері журналы. 2009 № 2
6. Компьютерлік графика оқулығы. Алматы 2007 120 б. авторы: А. Е. Сағымбаева
7. 30 сабақ “Жаңа информациялық технологиялар” (8 сабақ, 111 бет )
8. Литтлджон Бинджер. “Macromedia Flash MX 2004”, 2004, издательство “ BHV.
9. Р. Гардиан. “Мультимедия и коммуникация”, 1998 г., Киев, “КГУ-Диалог-Наука”.
10. Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Macromedia Flash 6» — Издательство «Питер» 2000 г.
11. Шафрин Ю. А., Основы компьютерной технологии. – М. АБФ.1997 г.
12. Журналы «Компьютера» за 1999-2000 г.г.
13. HTML: справочник. Под ред. Ю.Колесникова. — СПб: Питер, 2000
Каталог: uploads -> doc -> 0010
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0010 -> Сабақтың тақырыбы: Аппақ қыс. Төлеген Айбергенов. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақын Т. Айбергенов өмірі м
0010 -> Сабақтың тақырыбы г дыбысы мен әрпі. Жалпы мақсаттар
0010 -> Сабақ: Ас- адамның арқауы. Мектеп: Ново-Троицк орта мектебі Күні
0010 -> Сабақтың тақырыбы: Мұқтар Мағауин «Бір атаның балалары»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет