Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені



Дата26.04.2023
өлшемі36,5 Kb.
#175517
Байланысты:
көбелек пен инелік Төребаева Г
ОШ СОР Геометрия 7кл каз, ОШ СОР Геометрия 7кл каз, ОШ СОР Геометрия 7кл каз, ОШ СОР Геометрия 7кл каз, родтар чек лист новый-1, Ж.Алуа, РГР 2 БД Ұлбике, Срсп 20 Болысбек Нурила, СРСП-20, 6 зертханалық жұмыс, 5

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені
№1 мектеп - лицей жанындағы
"Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі
Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы

Көбелек пен инелік


Мақсаты: балаларды көктем мезгіліндегі табиғаттағы өлі және тірі өзгерістермен таныстыру. Көбелек пен инелікпен таныстыру. Олардың айырмашылығын байқап айтып беруге үйрету. Жәндіктер әлеміндегі қызығушылықтарға сүйіспеншілікпен қарап, қорғауға тәрбиелеу. Жәндіктер арасындағы қандай ұқсастық және айырмашылық болатынын көрсетіп, білімдерін дамыту;
Көрнекіліктер: жәндіктер суреттері, көбелек пен инелік суреттері, дидактикалық ойындар, карточкалар.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық;



Іс - әрекет кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Жарқырап күн ашылды
Айналаға гүл шашылды!
Қайырлы күн, біз нәзік қыздармыз,
Қайырлы күн, біз ер жүрек ұлдармыз

- Балалар, сендер білесіңдер ме қазір жылдың қай мезгілі?


- Көктем екенін қайдан білдіңдер? Табиғаттағы көктемгі өзгерістерімен ерекшеліктері туралы айтып беріңдер?

- Жақсы, жарайсыңдар, көктем жайында көп білесіңдер екен ал сендер шалғынды жерге серуендегілерің келе ме?


- Олай болса біз көп гүлдер өсіп тұрған шалғынды жерге барамыз.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

- Көктем
- Қар еріп, күн жылына бастады, адамдар жеңіл киімдерін кие бастады, жылы жақтан құстар ұшып келді


- Иә


Іздену - ұйымдастырушылық - ізденістік



- Жұмбақ жасыру
1) Ағайынды жұмыскер,
Ерінбейді жұмысқа.
Үйі толы, бір әскер
Оның аты............................
2) Гүл үстінде әдемі,
Төрт жапырақ биледі.
Жұлып алайын деп едім,
Ұстатпай ұшып кетті.
3) Төрт қанаты бар,
Инедей денесі бар.
Үлкен бақырайған көзі бар,
Бұл не екен, кім табар?
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атайды?
- Жарайсыңдар. Біз саяхатқа жәндіктер әлеміне келдік. (табиғат бұрышына саяхат жасау)
(Тәрбиеші инелік пен көбелекпен таныстырады.)
Ұжымдық жұмыс:
- балалар, енді көктем мезгілін бірге құрастырайық. Алдарыңда тұрған суреттерді атын атап тақтаға жапсырамыз.

Слайдпен жұмыс. (Әңгімелеу)


Енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап»
Ойын шарты бойынша бірнеше жәндіктер арасынан тәрбиеші атаған жәндікті тауып, сипаттауы тиіс.

Ойын: «Не артық?»


Ойын шарты бойынша: карточкадағы жәндіктен артық затты шеңбермен қоршайды.
- жәндіктер, оның ішінде көбелек гүлдің балшырынымен қоректенеді, құмырсқа құрт жейді, инелік судың қасындағы масаларды жейді.
- Көбелек гүлдердің арасына немесе ұшып жасырынады. Инелік өте шапшаң, тез ұшып кетеді

- Құмырсқа

- Көбелек


- Инелік

- Жәндіктер
Балалар табиғат бұрышына саяхат жасап, жәндіктермен танысады.

Тапсырманы орындайды.





Рефлекциялық - түзетушілік

- Біз бүгін қайда бардық?
- Қандай жәндіктермен таныстық?
- Қандай ойындар ойнадық?

Балалар өздеріне ұнаған смайликтер бойынша оқу іс - әрекетінен алған әсерлерін қайталап көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:


Болуы керек: тақырып бойынша түсініктері болуы керек;
Білуі керек: жәндіктерден көбелек пен инеліктерді ажырата білуі керек;
Қолынан келуі: сұрақтарға жауап бере алуы керек;

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет