Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы



Дата07.09.2023
өлшемі20,56 Kb.
#180412
Байланысты:
Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы
!1-СОР Алгебра 8 классс каз

Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы


Биыл қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш қайраткері, ақын, публицист Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толды.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мағжан төрт жасында мектеп табалдырығын аттап, ерте хат таниды.
Оқуға ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға жібереді. Медреседе Мағжан шығыс тілдерін үйренеді, сол кезеңде ақындық таланты да ашылады.
Жас ақын білімін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медресені бітіргеннен кейін Мағжан Омбыдағы оқытушылар семинариясын да алтын медальмен бітіреді.
Мағжан Жұмабаев – елдің болашағы жолында күрескен Алаш қайраткері. Ақын өзінің рухты шығармаларымен халықты жігерлендіріп, өнер-білімге шақырды, елді татулыққа үндеді.
Кеңес одағы кезінде Мағжан Жұмабаев қуғынға ұшырап, солақай саясаттың құрбаны болды.
Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын зерттеуге мүмкіндік туды.
Мағжан шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ойшыл ақын халыққа білім беру мәселелері туралы жазды, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға, аударма саласына да айрықша мән берді. Мағжанның «Педагогика» атты кітабы және бастауыш сыныпқа арналған «Сауатты бол» атты оқулығы басылып шыққан.
Ақын Гете мен Гейненің, Лермонтов пен Блоктың өлеңдерін, М. Горький мен Д. Мамин-Сибиряктің әңгімелерін және басқа да ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Ел тарихын терең білген Мағжан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» поэмаларын, жастардың рухын көтеретін «Мен жастарға сенемін!» өлеңін жазған.
Ұлы тұлғаның өлшеусіз еңбегін бағалап, мол мұрасын зерделеу – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет