Магистратура



бет28/33
Дата03.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72132
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Алматы қаласы жастарының демонтративті тұтынуы

Байғазы

Байғазы — қазақ дәстүрінде алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді [68].

Бағазы ұғымының біздің зерттеу пәнімізбен байланысы жаңадан сатып алынған жансыз затты (біздің жағдайда тауар) басқасына көрсету арқылы ақшалай не басқа түрлі сыйлық алу. Көңіл аударатын тіркес «көрсету арқылы». Ұлттық кітапхана базасын қарастыру барынсында «байғазы» сөзіне ұмытылып бара жатқан қазақтың салт-дәстүрлері анықтамасы жиі берілді. Байғазы дәстүрі мен демонстративті тұтынудың арасындағы байланыс заттың басқаларына мақсатты түрде көрсетілуі болса, айырмашылығы – мақсаттың мәнінде. Байғазы иеленген жаңа дүниесін туысқандарына көрсету арқылы қуанышпен бөлісу болса, демонстративті тұтынуда басқаларының қызығын ояту, мәртебесін көрсету т.б. қажеттіліктерін өтеу мақсатында тауарды иеленумен бөлісу, жария қылу.

Респонденттердің байғазы алу тәжірибесі бойынша көрсеткіштер келесі суреттер көрсетілген:



Сурет 29  Респонденттердің «Сіз өзіңіздің жаңадан алған заттарыңызғы туысқандардан немесе басқаларда байғазы алып көрдіңіз бе?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
Суретте көрсетілгендей, сұралған жастардың 49,2%-ы бұрын-соңды жаңадан алған дүниесіне туысқандарынан немесе басқа да адамдардан байғазы ретінде сыйлық алған. Ал 50,8%-ы ешқашан байғазы алып көрмеген (Сурет 29).

Сонымен қатар сұрау барысында респонденттердің тәжірибелік көрсеткіштеріне қарамастан, олардың басқа адамдардың дүниесінің жаңалануына қарай байғазы беруге дайындығын анықтап көрдік. Нәтижесінде 50,8%-ы басқа адамдардың жаңа заттарды иелениуіне байланысты байғазы беруге дайын екендігін көрсетті, ал 13,2%-ы барлығына бірдей сыйлық беруге дайын еместігін айтса, 1,6%-ы тек қана кішкентай болдарға ғана бере алатынын айтты, ал қалған 31%-ы баcқа адамдардың жаңа тауар сатып алуына ешқандайда көңіл аудармайтындығын және ол үшін байғазы беруге дайын еместігін келтірді және 1,6%-ы берген жағдайда да беретін заттай не ақшалай сыйлығы туралы көбірек мазаланды, олардың пікірінше, байғазының құны көп болмаса басқалардың қуанышымен әрдайым бөлісуге болады (Сурет 30).




Сурет 30  Респонденттердің «Басқа адамдардың жаңа заттарды иелениуіне байланысты байғазы беруге дайынсыз ба?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
Ал ендігі кезекте респонденттердің байғазы алу тәжірибесі мен олардың болашақта басқа адамдарға байғазы беру таңдауы арасындағы корреляциялық талдау бойынша көрсеткіштерге назар аударайық. Бұл айнымалылардың байланысу нәтижесінде байғазы алып көрген жастардың оны беруге дайындары – 73,2%, ал 6,9%-ы басқалардың жаңа дүниесі үшін байғазы беруге ниетті емес екенін көрсетті. Сонымен қатар 13,4%-ы жауап беруге қиналса, 3,3%-ы беретін сыйлығына байланысты шешім қабылдайтынын айтты. Ал байғазы алу тәжірибесі болмаған жастардың басым көпшілігі (54,3%) бермеймін десе, 29,1%-ы байғазы беруге дайындығын көрсетті. 13%-ы жауап беруге қиналды, қалған 3,5%-ы бағазыны тек кішкентай балаларға ғана беруге дайындығын көрсеткен болатын (Кесте - 9).
Кесте 9  Қиылысу кестесі. Сіз өзіңіздің жаңадан алған заттарыңызғы туысқандардан немесе басқаларда байғазы алып көрдіңіз бе?* Басқа адамдардың жаңа заттарды иелениуіне байланысты байғазы беруге дайынсыз ба?* айнымалылары








Басқа адамдардың жаңа заттарды иелениуіне байланысты байғазы беруге дайынсыз ба?

Барлығы







Иә

Жоқ

Жауап беруге қиналамын

Егер кішкентай балдар болса ғана

Барлығына емес

Не беруіме байланысты







иә

180

17

33

0

8

8

246

Кесте 9 жалғасы

Сіз өзіңіздің жаңадан алған заттарыңызғы туысқандардан немесе басқаларда байғазы алып көрдіңіз бе?




73,2%

6,9%

13,4%

0,0%

3,3%

3,3%

100,0%

жоқ

74

138

33

9

0

0

254

29,1%

54,3%

13,0%

3,5%

0,0%

0,0%

100,0%

Барлығы

254

155

66

9

8

8

500

50,8%

31,0%

13,2%

1,8%

1,6%

1,6%

100,0%

Бұл дәстүрдің орындалу шарты бойынша алынған жаңа тауарды басқаларына (көп жағдайда алыс-жақын туысқандар) көрсету арқылы заттай немесе қаржылай сыйлық алу. Бұл алушының тарапынан болатын іштей мақсат. Ал беруші тарапынан қарайтын болсақ, бұл үрдіс адамгершілік сипатта ғана, алыс не жақын туысқанын қуанту, көңілін көтеру мақсатында жүзеге асырылатын жағдай. Яғни қазақ халқының мәдениетіндегі бұл дәстүр жаңалықты (жаңа сатып алынған не басқа жолмен иеленген зат) басқаларға көрсетудегі түпкі мақсатқа тіреледі. Егер де іштеу мақсат жалпы тілмен айтқанда «мақтану», «сол арқылы пайда көріп қалу», «басқаның көзін қызықтыру» сияқты сипатта болса онда бұл біздің зерттеу пәнімізге дәлме-дәл келіп түседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет