МагистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы


Ландшафттардың негізгі геохимиялық және геофизикалық параметрлері



бет2/3
Дата10.09.2017
өлшемі0,75 Mb.
#31977
1   2   3

Ландшафттардың негізгі геохимиялық және геофизикалық параметрлері.

Ландшафттардың негізгі геохимиялық және геофизикалық параметрлері.А.И. Перельман мен Б.Б. Полынов бойынша геохимиялық ландшафттар үғымы. Субаквальды, аквальды, элювиальды және тарнсэлювиальды ланшафттарды ажырата білу мен картаға түсіру қағидалары. Ландшафттар геофизикасы. Стекстер,оларды ажырату мен картаға түсіру қағидалары, оларды танып білуәдестері.



Географиялық аудандастыру негіздері.

Географиялық аудан түсінігі оның географиялық парадигма ауысуы нәтижесінде өзгеруі. Аудан түсінігі. Аудандарды бөлу көрсеткіштері. Ареалдар, зоналар, аудандар, олардың ортақ қасиеттері мен өзіндік ерекшеліктері. Аудандар, территориялық комплекстер және геосистемалар. Аудан және географиялық өріс. Аудан және аймақ. Ауданның орталығы және шеткі бөлігі. Типологиялық және жеке аудандар. Аудандар иерархиясы. Аудандардың объективті және субъективті мәселелері. Аудандастыру – территорияны бөлу әдісі және үрдісі. Аудандастыру және аудан құрастыру, олардың қарым-қатынасы. Аудандастырудың мақсаты және оның аудандастырудың нәтижесіне тигізер әсері. Аудандастыру кеңістіктің дискреттік көрсеткіші. Аудндастыру мен территориялық дифференциация. Аудандастыру және таксономия.

Аудандастырудың негізгі қағидалары. «Жоғарыдан» және «төменнен» аудандастыру. Территориялық аудандастыруға қажетті мәліметтерді жинақтау проблемасы. Аудандастыру шекаралары. Аудандастырудағы сандық және сапалық әдістер. Берілген территорияның алып жатқан ауданына, аудандастыру масштабына, аудандастыру үшін қойылған мақсатқа байланысты аудандастыру қағидалары мен әдістерін іріктеу проблемалары.

Жеке аудандастыру (компоненттік, салалық) және жалпы аудандастыру (комплекстік, интегралдық).



Физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық аудандастыру. Физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық аудандастыру. Табиғи шаруашылық және экологиялық–экономикалық аудандастыру. Олардың қарым-қатынасы, ортақ қасиеттері мен жекеше ерекшеліктері. Географиялық аудандастыруды қолданбалы мақсатта пайдалану . Регионалдық талдау мен жүйелеуде географиялық аудандастырудың ғылыми бағыттар ішінен алатын орны. Географиялық аудандастырудың дамуы, физикалық-географиялық аудандастыру.

Әр заман ғылымдарының ғылыми еңбктеріндегі жер бетіндегі табиғи зоналар мен аудандастыру элементтері.

Көне заман ғылымдарының (Геродот, Эротосфен) ғылыми еңбктеріндегі жер бетіндегі табиғи зоналар мен аудандастыру элементтері. Жаңа заманда ғылыми ғылыми аудандастыруға қайта оралу. XIII ғасырдағы орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің (В.Н. Татищев, А.Н. Радищев) бүкіл елде табиғи аудандастыру жүргізу туралы тұжырымдамалары мен аудандастырудың практикалық жұмыс үшін қажеттілігі. XX ғ. соңы жылдарындағы Ресейдің Еуропалық бөлігінің таулы аймақтарындағы аудандастыру үлгісі. XIX ғасырдың басында аудандастыру үлгісін толықтыру, нақтылау.

Табиғи аудандастыру жұмысындағы француз мектебі XX ғ. екінші жартысында жалпы эмпирикалық аудандастыру үлгілерінен салалық (ботаникалық, зоогеографиялық, климаттық, геоморфологиялық) аудандарға көшу. В.В. Докучаевтың ғылыми еңбектері және олардың табиғи зоналар негізінде физикалық географиялық аудандастыруды дамытуы. Г.И. Танфильевтің П.И. Броуновтың, А.А. Крубердің ғылыми еңбектері. Л.С. Бергтің ландшафт туралы ілімі және оның Ресейдің Азия бөлігін зоналық бірліктерге жіктеудегі алғашқы алғашқы үлгісі; провинциялық қағиданың қалыптаса бастауы; қолданбалы мақсаттағы еңбектердің дамуы және XX ғ. басында алғашқы нақтылы физикалық географиялық аудандастыру үлгілерінің пайда болуы. АҚШ-та, Германия мен Англияда физикалық географиялық аудандастыруға деген қызығушылықтың қалыптасуы. 1905 ж. Дж. Гербетсонның бүкіл жер шарының құрлық бөлігінің физикалық географиялық аудандастыру үлгісі.

ТМД елдерінде 20-30 жылдары физикалық-географиялық аудандастыру жұмыстарының одан ары дамуы.

ТМД елдерінде 20-30 жылдары физикалық-географиялық аудандастыру жұмыстарының одан ары дамуы. 1947 жылғы СССР ғылым академиясының «Естественно-историческое райониование СССР» коммисиясы және С.Б. Сусловтың (1947). Ресейдің Азия бөлігінің физикалық географиялық аудандастыру үлгісі.

Алғаш рет зоналық және азональдық қағидаларын бірдей қолдану талпыныстары. 50-60 жылдардағы жоғары оқу орнының мамандары ауыл шаруашылықтық мақсаттағы физикалық географиялық жұмыстарын күшейтуі. Аудандастыру туралы пікір-таластар. Қолданбалы үлгілердің жасалуы, жаңа ізденіс әдістерінің енгізілуі.

Физикалық географиялық аудандастыру негізі.

Физикалық географиялық аудандастырудың маңызы мен мақсаты. Аудандастыру мен ландшафт туралы ілім. Әртүрлі деңгейдегі табиғи-территориялық комплекстер (геожүйелер). Геожүйелер–физиякалық географиялық аймақтар-физикалық географиялық аудандастыру нысаны.Аудандастырудың көп сатылы болуы. Ландшафттардың «тар» мағынадыға түсінігі, геожүйе және физикалық географиялық аудандастыру деңгейінің шегі, физикалық географиялық аймақ-жеке геожүйе. Аудандастыру мен ландшафттардағы типологиялық жіктеудің қарым-қатынасы. Комплекстік және салалық физикалық географиялық аудандастыру.

Физикалық географиялық аудандастырудың негізгі қағидалары. Физикалық географиялық аудандар мен ландшафттық қабықшаның региональдық дифференциациясы. Индуктивті және дедуктивті әдестер. Аудандастырудағы генетикалық қағида.

Әртүрлі деңгейдегі физикалық географиялық аймақтардың қалыптасуы мен ландшафттық қабықшаның региональдық жіктелуіне әсер етуші факторлар мен зандылықтар. Зоналық ендік. Секторлық, азональдық, таулардағы биіктікбелдеулер, тосқауылдық. Морфоструктуралық жіктелу. Зоналық және азональдық зандылықтардың қарым-қатынасы және олардың физикалық географиялық аудандастырудың теориялық негізін қалаудағы маңызы.



Физикалық географиялық аудандастыруың таксономиялық бірліктер жүйесі.

Таксономияды шешімін таппаған мәселелер. Таксономиялық бірліктердегі бір қатарлы және көп қатарлы жүйелер. Аудандағы зоналық бірліктер: белдеу, зона, подзона. Азональдық бірліктер: секторлар, елдер,облыстар. Ландшафттық округтер және нақтылы ландшафттар. Таулы аймақтарда физикалық географиялық аудандастыруды жүргізу ерекшеліктері.



Физикалық географилық аудандастыру әдестері.

Керекті мәліметтер: әдеби, картографиялық, статистикалық. Стационарлық сала аралық әдестердің қарым-қатынасы. Картографиялық, аэроғарыштық, палеогеографиялық, геохимиялық, геофизикалық, математикалық әдестерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері. Типологиялық ландшафттық карталар. Физикалық географиялық аймақтарды ажырату және олардың шекарасын жүргізу негізі. Жекелеген табиғи компоненттер бойынша салалық мәліметтерді пайдалану. Физикалық географиялық аудандастыру карталарын күрастыру және олардын жазбаша түсініктемесін беру.



Ғылыми және Қолданбалы максаттағы аудандастыру.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды ғылыми түрғыдан қамтамасыз ету жүмыстарында физикалық географиялық аудандастырудың алатан орны. Біртекті ғылыми ауданндастырудың табиғи ортаны салалық және комплекстік түрғыдан тиімді пайдалану жүмыстары үшін дүрыс пайдалану жолдары-территорияның ресурстық және экологиялық ахуалына баға беру, табиғи ортаның ресурстарын тиімді пайдалану мен оны жақсарту шаралары. Территорияның зерттелу деңгейіне, оның жер бедерінің пішінінің күрделілігінежәне қойылған мақсатқа байланысты аудандастырудың нақтылық деңгейін анықтау. Физикалық географиялық аймақтарға сипаттама беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді дүрыс тандай білу. Ұқсастық пен айырмашылық деңгейлеріне байланысты аймақтарды топтастыру. Қолданбалы мақсаттағы аудандастыру картасын күрастыру және жіктелген топтарға жазбаша сипаттама беру.

Қолданбалы мақсаттағы аудандастыру картасын күрастыру және жіктелген топтарға жазбаша сипаттама беру. Ландшафттық әдістердің жалпы ғылыми маңызы.


  1. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы

Кіріспе

Басқа ғылымдар сияқты экономикалык, әлеуметтік және саяси география өзінің негізгі зсрттеу әдісі ретінде - талдау және синтездеу әдістерін қолданады.

Экономикалык, әлеуметгік және саяси географиядағы талдап зерттеу пәннің қарастыратын ауқымы мен заңдылығына сай бөлшектенуіне алып келеді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы синтездеп зерттеу белгілі бір территориядағы барлық компоненттер мен факторлардың әрекеттесу ерекшелігін айқындау және интеграциялау жолымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, анализ және синтез бір-бірімен үйлеседі, яғни экономикалық-географиялық сипаттамалар "салалық" компоненттер мен факторларды, территориялық аудандарды (субрегион мен регион) айқындайды. Жеке қарастырылатын елдердің барлығы "Әлемнің экономикалык, әлеуметтік жоне саяси географиясы" пәнін оқып үйренуге бөлінген сағаттың көлемі мен оның мақсаттарындағы ерекшеліктермен анықталады.

Дүние жүзінің әрбір елін зерттегенде мынадай негізгі мәселелер қарастырылады:



  1. Географиялық орналасу жағдайы мен территориясының қалыптасу
    ерекшеліктері;

  2. Табиғи жағдайы мен ресурстарын шаруашылық тұрғысынан баға беру;

  3. Халықтар географиясының басты белгілері мен ерекшеліктері;

  4. Елдердің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы және
    олардың шаруашылығының басты салаларының сипаттамасы;

  5. Жекелеген экономикалық аудандардың сипаттамасы;

  6. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Жекелеген елдер мен аймақтардың халық шаруашылық салаларының дамуы, құрылымы және орналасуын ашып көрсететін шаруашылықтың құрылымдық көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлу кажет. Сондай құрылымдық көрсеткіштерге халықтың экономикалық белсенді бөлігінің салалық құрамы, жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ орысшасы ВНП) немесе жалпы ішкі табысының (ЖІТ орысшасы ВВП) құрылымы, елдің сыртқы сауда құрамы, халықтың жан басына шаққандағы өндіріс көрсеткіштері мысал болып табылады.

Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы типологиялық бағытта болуы кажет, яғни әр елдің жеке өзіне тән спецификалық ерекшелігіне сай жалпы сипаттама берілуі керек. Ол үшін елдің экономикалық географиясын зерттегенде материалдарды дұрыс таңдай алып, салыстыру әдісін кең түрде қолдану қажет. Тек қана елді елмен, ауданды ауданмен, саланы саламен салыстыру арқылы ғана зерттеп анықтағанда мемлекеттің, шаруашылықтың ерекшелігі анықталады.



Әлем шаруашылық географиясы. Әлем шаруашылығы - ғаламдық географиялық жүйе. Дүние жүзінің шаруашылығы: анықтамасы, негізгі ұғымдары және терминологиясы.

"Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтары, қарама-қайшылығы және оның салалық, инфрақұрылымдык, институционалды және кеңістіктік аспектілерінің әркелкілігі.



Дүние жүзі шаруашылығы теориясының пайда болуы мен дамуы.

Дүние жүзі шаруашылығы теориясының пайда болуы мен дамуы: Кондратьевтің ұзын толқындар теориясы, регуляционистік теория, модернизация және постмодернизация теориясы.



Дүние жүзі табиғат ресурстарының жалпы сипаттамасы.

Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүние жүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық потенциалдың ролі. Табиғи ресурстардың сарқылуы. Табиғат пайдалану саясаты.



Дүние жүзілік еңбек бөлінісі

Дүние жүзілік еңбек бөлінісі (ДЕБ) және оның алғышарттары: табиғи және коғамдық-тарихи. Қазіргі халықаралық еңбек бөлінісіндегі фундаменталды өзгерістер. ДЕБ - халықаралық тауар аластыру, қызмет көрсету және білімінің объективті негізі.



Дүние жүзінің шаруашылығының ғаламдану үрдісі.

Трансұлттық процестің дамуы. Трансұлттық кешен іс-әрекетінің ерекшелігі және онын дүниежүзі шаруашылығындағы ролі. Трансұлттық кешен құрылымының қарама-қайшылық сипаттамасы. Трансұлттық кешенінің әсерінен өндіріс күшінің орналасуындағы өзгерістер.

Өзекті және аймақтық интеграция, олардың айырмашылықтары. Техника, технология, ақпарат және қазіргі кездегі байланыс құралдарының маңызы, халықаралық экономикалық ұйымдар және мемлекеттердің аймақтық одағы. Интеграция әсерінен өндіріс күштерінің орналасуындағы өзгерістер.

Дүние жүзінің саяси картасы.

Дүние жүзінің картасының қалыптасу кезеңі мен қазіргі құрылымы. Дүниежүзілік экономикадағы мемлекеттердің негізгі типтері және олардың экономикалық бірлестіктері. Макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), оларды есептеу әдістері.



Дүние жүзі шаруашылығы салаларының географиясы

Дүние жүзі шарушылығы салаларының географиясы.

Шаруашылықтың бірінші, екінші, үшінші секторларының пайда болуының жалпы тарихи зандылықтары. Алдыңғы қатарлы елдердің ақпараттық қоғамға өтуі. Ғылымның дүние жүзілік өндіріс күшінің өсуіндегі рөлі. Дүние жүзіндегі ғылымның маңызды рөлі. Информатика, ғылыми зерттеулер және дүниежүзі шаруашылығы дамуының байланысы.

Әлем өнеркәсібінің географиясы

Өнеркәсіп - дүние жүзі шаруашылығының маңызды саласы, оның ЖҰӨ-нің құрылымындағы ерекше рөлі. Қазіргі экономикалык көрсеткіштер. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығының басқа салаларындағы маңызы және халық қажеттілігін қамтамасыз ету. Өнеркәсіптің өңдеу саласының маңызды рөлі. XIX және XX ғасырдағы ғылыми техникалық революциялардан (ҒТР) кейін болған әртүрлі кезеңдеріндегі құрылымдық қайта құру ерекшеліктері. Олардың өнімдерінің халық шаруашылығындағы маңызы.



Отын-энергетика кешені

Отынды өндіру, тасымалдау және қолдану ерекшеліктері. Оның FTP әсерінен даму ерешеліктері. Жалпы қорының құрылымы. Мұнай және газ өнеркәсібі - экологиялық таза және тиімді отын мен шикізат көзі. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясы. Көмір өнеркәсібі. Дүние жүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары Саланың географиясы. Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлері. Дүние жүзі электр энергетикасының географиясы. Дүние жүзілік энергия жүйелері.



Металлургия

Маңызды конструктивті материалдарды алу саласы. ҒТР-дің металлургияның құрылымдық өзгерістер мен өнімінің сапасын жақсартудағы өндіру мен шикізатты байытудағы экологиялық мәселелері. Өндірісті ұйымдастыру мсн оны орналастыру. Қара металлургия. Дүние жүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны тұтынушылар. Өнімді негізгі экспорттаушылар. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы рөлі. FTP-дің өндірілетін өнім құрамына әсері. Кейбір аймақтардың мамандануындағы өзгерістер. Сыртқы сауда ерекшеліктері.



Машина жасау өнеркәсібі

Оның FTP-дің жетістіктерін таратудағы негізгі маңызы. Дүние жүзі шаруашылығындағы манызды рөлі. Дүние жүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттайтын мемлекеттер типі.



Химия өнеркәсібі.

ҒТР-дің химия өнеркәсібі салаларының дамуына әсері, жаңа күрделі өнімдерді шығару. Жоғары технологиялық химикаттар мен полимер материалдар үлесінің жоғарылылығы. Әр түрлі типтегі елдердегі шаруашылықты химизациялау процесінің қазіргі кездегі ерекшеліктері. Сала дамуындағы экологиялық мәселелер. Сыртқы сауданың негізгі белгілері. Биоиндустрия - өнеркәсіптің жаңа саласы. Биоиндустрияның дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдеріндегі негізгі белгілері.



Жеңіл өнеркәсіп

Әр түрлі елдердегі оның құрамының ерекшелігі. Соңғы дайын өнімді өндірудің маңызы, саланың шикізат базасының түбегейлі өзгеруі. Дүниежүзінің маңызды өндірісінің географиясы. Сыртқы сауданың негізгі белгісі және оның негізгі бағыты.



Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы

Дүние жүзі ауыл шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері. Дүние жүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтері. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, құрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясы. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сыртқы саудасы. Мал шаруашылығы. Маңызы, түрлері, құрылымы, азық базасының әр түрлі елдердегі ерекшелігі. Дала өнімін экспорттаушылар.



Дүние жүзінің агроөндірістік кешені

Саланың халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі. Қолданатын шикізат құрамы. Дүние жүзі елдерінің тамақ өнімдерін өндіру және экспорттаудағы мамандануы.



Көліктік-коммуникациялық жүйе

Саланың шаруашылық дамуындағы рөлі. Дүние жүзілік және аймақтық транспорт жүйесі дамуының негізгі көрсеткіштері. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттары. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөлі. Ірі халықаралық магистральдар. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясы. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігі. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі

флоттарының географиясы. Дүние жүзінің аймақтық көлік жүйесінің сипаттамасы. Халықаралық коммуникациялық байланыс.

Халықаралық экономикалық байланыс

Дүние жүзілік экономикалық байланыстың (ДЭБ) экономикалық базасы. ДЭБ-тің типі мен формалары. Сыртқы сауда - ДЭБ-тін ең дамыған формасы, оның көлемі және түрлері. Еркін зоналар. Сауда блоктары. Сыртқы сауда. Еркін зоналар. Сауда блоктары. Сыртқы сауда географиясы.

Дүние жүзілік шаруашылық байланыстардың түрлері: сыртқы сауда, капитал миграциясы, технология трансфері, валюта - қаржы қатынасы, жұмыс күшінің миграциясы, өзекті экономикалық мәселелер.

Дүние жүзінің қаржы жүйесі

Оны реттеу мәселесі. Халықаралық төлем құралы. Қаржының ауысу формалары. Инвестиция, қаржылық көмек беру жағдайлары. Жеке ұлттық валюталардың қаржының дүниежүзілік нарқындағы жағдайы. Қаржыны экспорттаушы негізгі мемлекеттер.



Халықаралық қызмет көрсету саласы

Оның дүние жүзі экономикасындағы рөлі. Қызмет көрсету саласының географиясы.



Дүние жүзі шаруашылығының аймақтық құрылымы. ТМД елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы

Дүние жүзі шаруашылырының аймақтық құрылымы.

Дүние жүзінің маңызды экономикалық аймақтары: Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Батыс Азия, Шығыс Азия және т.б. Олардың пайда болуының тарихи ерекшеліктері. Аймақтар дамуыньң әркелкілігі.

ТМД елдерінің географиялық орналасуы, жер көлемі және шекаралары.

ТМД елдерінің табиғи ресурстары (табиғи жағдайлары және табиғи ресурстары). Қоршаған ортасының ластануы. Табиғи ресурстардың сарқылуы. ТМД аумағын сор басу мәселесі. ТМД халқы. Халықтың саны және ұдайы өсуі. Жұмыс нарығы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Халықтың миграциясы. Әлеуметтік құрамы. Білім деңгейі. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы. ТМД елдерінің шаруашылығы: аумақтық-құрылымдық ерекшеліктері. Маңызды өнеркәсіп салаларының сипаттамасы. Ауыл шаруашылық және агроөндірістік кешен. ТМД елдерінің агроөндірістік даму мәселелері және жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылықты (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы) аумақтық ұйымдастырудың негізгі үрдістері. Ауыл шаруашылығын аудандастыру. Ауыл шаруашылық аудандарының түрлері.

Инфрақұрылым. ТМД елдеріндегі оның даму деңгейі. Көліктің, халыққа қызмет көрсетуінің, сыртқы экономикалық байланыстарының, рекреациялық сферасының жалпы сипаттамасы. Экономикалық аудандастыру.

ТМД елдерінің аймактық сипаттамасы

Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық сипаттамасы. Украинаның экономикалық-географиялық сипаттамасы. Беларусьтің экономикалық-географиялық сипаттамасы. Молдованың экономикалық-географиялық сипаттамасы. Закавказье елдерінің (Әзірбайжан, Армения, Грузия) экономикалық-географиялық сипаттамасы. Орта Азия Республикаларының (Өзбекстан, Қырғыз, Тәжікстан, Түркменстан) экономикалық-географиялық сипаттамасы. ТМД елдерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық байланыстарының даму мәселелері.

Шет елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. Шетелдік Еуропа елдері

Еуропа елдерінің жалпы сипаттамасы

Еуропаның саяси картасы, оның екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзгеруі. Дүние жүзілік аренадағы Еуропа елдерінің орны. Еуропа елдерінде мемлекетті басқарудың түрлері, экономикалық даму деңгейі және даму жолдары бойынша топтастыру. Табиғат ресурстары, оларды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау. Экологиялық проблемалары. Халықтар географиясының ерекшеліктері, экономикасының құрылымы мен ұйымдастырылуының факторлары; өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының географиясы. Сыртқы экономикалық байланыстар, олардың мәні. Әскери және экономикалық блоктар. Халықаралық қатынастарды орнатудағы жаңа саяси көзқарастар. Еуропада өнеркәсіпті орналастырудың және дамытудың басты ерекшеліктері. Жалпы Еуропалық экономикалық кеңістік.



Германия Федеративтік Республикасы

Географиялық орны, территориясы, шекаралары. ГФР-дың мемлекеттік құрылысының негізгі сипаты. Табиғат ресурстары: тас көмір және коңыр көмір, мұнай, темір рудасы. Су және орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау. Халқы: халық саны мен тығыздығының соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы өзгеруі. Халқының миграциясы. Қала және ауыл халқы. Шаруашылығы: ГФР-дың дүниежүзілік рыноктағы орны. ГФР және "Ортақ рынок". Германия экономикасының салалық құрылымы, соғыстан кейін ілгері жылжуы және Германияның бөліну салдарынан туындаған байланыстар. Монополистік капитализмнің экономикасына шетел капиталының енуі. Шаруашылықтың салалық құрылымы. Жеңіл өнеркәсіпке қарағанда ауыр өнеркәсіптің басым болуы, машина жасаудың жетекші рөл алуы. Өнеркәсіптің негізгі салаларының қысқаша сипаттамасы. Негізгі өнеркәсіптік аудандар мен тораптар. Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, олардың орналасуы. Ауылшаруашылық аудандар. Транспорт жүйесінің қысқаша сипаттамасы. Арналар жүйесі. Теңіз және өзен порттары. Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүниежүзілік рынокта ГФР-дың бәсекеге түсуі. Тауарлық құрылымы мен сыртқы сауда географиясы. Ішкі айырмашылықтары.



Франция

Географиялық орны және шекаралары. Табиғи жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Ұлттық құрамы. Халық динамикасының ерекшеліктері. Иммиграция және шетелден келетін жұмыс күшінің маңызы. Париж гипертофиясы. Халықтың таптық, кәсіби және салалық құрамы. Саяси және мемлекеттік құрылымы. Даму ерекшеліктері. I-дүниежүзілік соғысқа дейін және соғыстан кейінгі Францияның экономикалық дамуы. ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамудың ерекшеліктері. Француз колониалдық империясының құлауы; Неоколониализм. Шаруашылығы. Монополизация, мемлекеттік - монополиялық капитализмнің рөлі және түрі; шетел капиталының мәні. Шаруашылық құрылымы. Францияның дүниежүзілік рыноктағы орны. Франция және «Ортақ рынок». Өнеркәсіп және оның ресурстары. Өнеркәсіп пен капиталдың шоғырлануы, монополизация. Маңызды болып саналатын ескі және жаңа салалар, олардың даму және орналасу ерекшеліктері. Басты өнеркәсіп аудандары мен орталықтары. Ауыл шаруашылығы. Аграрлық құрылымы. Ұсақ шаруа қожалықтарындағы дағдарыстары мен оның Франция экономикасының дамуына әсері. «Қараң калған» ауылдар. Ауыл шаруашылық өндірісінің әркелкілігі және оның себептері. Негізгі салалары мен олардың орналасуы. Ауыл шаруашылық аудандары. Көлігі. Көліктің жекелеген түрлерінің Францияның ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарындағы маңызы. Су көлігі. Басты порттар.

Сыртқы экономикалық байланыстар, олардың мемлекет үшін маңызы, сыртқы сауданың құрамы мен бағыты. Төлем балансы. Аудандары. Бөлінудің негізгі сипаты.

Ұлыбритания

Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның құрамы. "Достастық" - ұғымы. Ұлыбританияның географиялық орны, оның әр түрлі тарихи кезеңдердегі мәні. Табиғи жағдайлары мен ресурстары. Жер бедерінің, жағалауларының, климатының сипаттамасы. Минералдық ресурстар және оларды экономикалық тұрғыдан бағалау.

Халқы. Саны, өсімі, ұлттық құрамы. Нәсілдік проблемалар. Халықтың тығыздығы. Урбанизация - ірі қалалар және "қалалық облыстар" (конурбация), урбанизация проблемалары. Халықтың кәсібі және салалық құрамы. Таптық құрамы. Жұмысшы табы және "жұмыс аристократиясы". Финанстық буржуазия және лендлордтар. Ішкі саяси жағдайдың ушығу себептері. Мемлекеттік және саяси құрылыстың ерекшеліктері. Екі партиялық жүйе. Даму ерекшеліктері. Ұлыбритания - имперализм деңгейіне, өнеркәсіптік капитализм жолына түскен алғашқы мемлекет. Ұлыбританияның бұрыңғы және қазіргі кездегі дүниежүзілік капитализм жүйесіндегі орны. Британ империясының құлдырауы. "Достастық". Британ империализмінің ішкі және сыртқы жағдайларының ушығуы мен ұстанып отырған позициясының әлсіреуі. Шаруашылығы. Жалпы сипаттамасы. Капитализм мен монополизацияның дамуы деңгейінің биіктігі. Мемлекеттік-монополиялық капитализмнің сипаты. Мемлекет экономикасына сыртқы сауданың маңызды рөлі. Американ капиталының Ұлыбритания шаруашылығындағы орны. Британ экономикасының дағдарысы. Өнеркәсібі, оның энергетикалык және шикізат базалары. Солтүстік теңіздегі мұнай мен газ өндірудің мәні. Өнеркәсіптің дамуы және орналасу ерекшеліктері. Ескі және жаңа салалары арасындағы айырмашылықтар. ІІ-Дүние жүзілік соғыс пен содан кейінгі жылдардағы саясаттың өнеркәсіптің құрылымы мен орналасуына әсері. Өнеркәсіптің маңызды салаларының орналасуы. Өнеркәсіпті аудандары. Ауыл шаруашылығы. Жер иеліктері мен жерді пайдалану, лендлордтық ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері, капитализмнің даму деңгейі. Техникамен жабдықталуы. Азык-түлікпен қамтамасыз ететін шет елдерге Ұлыбританияның тәуелділігі. Көлігі. Теңіз көлігінің маңызы. Басты порттар. Ішкі көлік.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Ұлыбритания шаруашылығындағы сыртқы сауданың маңызы. Сыртқы сауданың құрамы мен бағыты. Капитал экспорты. II-Дүние жүзілік соғыстан кейінгі төлем балансының жетіспеушілігі. Ұлыбританияның АҚШ-қа қаржы экономикалық жағынан тәуелділігі. Аудандары. Аудандардың қалыптасу факторлары және аудандық бөлінісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет