Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет22/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Іштей  қанша  қысылып,  қиналсам  да  өмірі  өнімнен  белгі  білінген  емес. 

Өзімнің  дүрдік  ерін,  жалпақ  бет,  шойын  қаралығымнан  өмір  бойы  осыдан 

өзге тапқан пайдам да жоқ. 

Тағы да еден тықылдады. Тізеден келетін юбкадан шыққан түп-түзу екі сирақ 

киіктің  лағындай  қаздаңдап,  қасыма  және  тақай  берді.  Үстіне  киген  ақ 

кофтасы  ақ  мамықтай  үлпілдеген  қаз  кеуде,  қызыл  ерін  ақ  құба  қыз 

жымиғаны  жаныңды  майдай  ерітіп,  иіліп  келіп  қолын  берді.  Одан  соң  қос 

бұрымы  жер  сызған,  биік  өкше  етігінің  аттағанынан  аялдағаны  көп,  балдай 

шұбатылып,  жібектей  ширатылған  сұрша  қыз  екі  аттам  жерге  буыны 

құрығандай  былқ-сылқ  етіп  әрең  жетіп,  қарлығаш  қанат  қасын  кере, 

қаймыжықтай жұқа еріндерін жай ғана жыбырлатып, кер маралдай керіліп, 

ол  қолын  созды.  Оның  артынан  жасында  балалар  үйінде  тәрбие  алып 

өскендерін  таныта  шаштарын  иықтарына  түсіре  қидырып,  сол  әдемі  қолаң 

шаштарын  жаурындарын  жаба  жайып  жіберулерінің  өзі  жігіттің  жүрегін 

бірден бүлк еткізетін қыр мұрын қыпша бел, бірі нәзік, бірі толықша екі қыз 

әдемі ақ тістерін жарқырата көрсетіп, бірінен соң бірі амандасты. 

Қойшы,  не  керек  сөйтіп  мен  қыздардың  жұп-жұмсақ,  ып-ыстық  қолдарын 

ауыртып алмайын деп еппен ұстап, бірінің соңынан  бірін қыса бердім, қыса 

бердім.  Олардың  қолдарын  алып  жатып,  ақырын  ұрланып  жүздеріне, 

көздеріне  қараймын.  Уыздай  уылжыған,  алмадай  албыраған,  бүйректей 

бұлтиған,  мамықтай  үлпілдеген,үлбіреген  беттерді,  қарақаттай  мөлдіреген 

қап-қара  көздерді,  жүрекке  жебедей  атылған  «Катюшаның»  оғына  ұқсас 

ұзын кірпіктерді, жаңа туған жіңішке айдай немесе егіншінің қол орағындай 

иілген сүйкімді қастарды бірінен соң бірін көріп, елтіп, елжіреп, панорамалы 

кинода  отырғандай  басым  айналып,  жығылып  кете  жаздап  тұрдым.  Сол 

қолыммен  партадан  қапсыра  мықтап  ұстап  алмаған  болсам,  сол  сәтте  гүрс 

етіп құлап кетуім де ықтимал еді. 




26 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет