Махмұд Қашқари түркі халықтарының тұнғыш ұлы филологы



Pdf көрінісі
Дата09.12.2022
өлшемі382,81 Kb.
#162032
Байланысты:
Қалдаш Диана ТП-22-13к2 д
мәдениет глоссарий 2


Қалдаш Диана 
ТП-22-13к2 
Махмұд Қашқари – түркі халықтарының тұнғыш ұлы филологы
ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Оның 
толық аты-жөні: Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. 
Он бірінші ғасырда өмір сүрге ғалымның туған , қайтыс болған 
жылдары белгісіз.Қашғари Талас, Шу өзендерінің бойындағы 
Баасағұн,Барсхан кент-қалаларында болған. Махмұт Қашғари 
Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер 
Тоңғаның баласы Барсхан салдырған.Алғаш Қашқар қаласында, 
сосын Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв және Бағдат 
шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып үйренгені – түркі 
рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-
ғұрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашғари осы мақсатын жүзеге асыру 
үшін, бір жағы – Жетісу, Мауераннахр, Хорезм, ал екінші жағы- Еділ, 
Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекендеген 
ұлан –ғайыр өлкені аралап шығады. Сонын нәтижесінде қыруар көп 
тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап 
алады. Сөйтіп, «Түркі тілдерінің жинағы» өмірге келеді. Ол 
өзінің «Түркі тілдерінің жинағы» атты еңбегінің кіріспесінде былай 
деп жазады: «…Мен сол түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, 
ең әдемі әңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен, 
ежелгі асыл тайпаларынан уа соғыс ісінде мықты найзагерлерінен 
болғандығымнан, олардың шаһарлары мен сахарасын бастан –аяқ 
аралап шықтам Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, йағма, қырғыздардың 
сөздерін және (сөздерінің) қасиет, құпияларын анықтап шықтым, 
оларды пайдаландым. Мен бұл істерді осы тілдердегі әрбір 
кішігірім айырмашылықтарды парықтап білу үшін істедім.
Сонымен , олардың әрқайсысының тілі менің көңілімде ұялап, 
берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият реттеп, әбден тәртіпке 
келтіріп жүйелеп шықтым. Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уа 


таусылмас – түк естілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір 
Тәңірге сыйынып, осы кітапты тізіп шықтым да, оған «Диуани лұғат 
ат- түрік» — « Түрік тілдерінің сөздігі» деген ат бердім».
Араб-парсы 
тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. XI ғасырда «Диуани 
луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. 
Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді 
қолданбаған. Ғалым бұл кітапта Бағдад оқымыстысы Әбдірахман 
әл-Басридың (VIII ғ.) «Китабул айни» атты еңбегі негізінде түзген. 
Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. А. Абулфатхтың 1266 жылы жасаған 
көшірмесі 1915 жылы Ыстамбұл базарында ескі заттарды 
сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих 
кітапханасында сақтаулы тұр. 
3 томнан, 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми 
жүйеге түсірілген. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі 
халқының энциклопедиясы сияқты. Ол түркітану тарихында тұңғыш 


рет тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, диалектология 
ғылымының негізін салды. Түркі тайпаларының ерекшеліктерін 
сақтай отырып, тіл байлығын зерделеу, айтылу, жазылу, 
заңдылықтарын, қолдану аясына қатысты айырым белгілерін 
зерттеу ғалымның басты ұстанымы болды. Сөздерге түсінік беруде 
242 бәйіт пен 262 мақал-мәтелді пайдаланды. Ауыз әдебиетінің 
жоқтау («Алып Ер Тоңға өлді ме?»), айтыс («Жаз бен қыстың 
айтысы») үлгілерін де қамтыды. «Диуани лұғат ат- түрік» 1074 
жылы жазылған. Қазіргі түркі халақтарының бәріне ортақ мұра. Бұл 
сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне бірдей 
ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана 
қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа енген 
сөздер, мақалдар, өлең жолдары, т.б. түркі тілдерінің сөз тудыру
сөйлем құру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарынын 
өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді. 
«Диуани лұғат ат- түрік» — тіл білімінің ең басты салалары 
бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған еңбек. Көне 
түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек 
көрсетіп келеді. Мәселен, осы «Диуани лұғат ат- түрік»
табылғаннан кейін ғана «Құтты білік» дастанын оқу, аудару және 
транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателер түзетілді. 
М. Қашқаридің бұл сөздігі шын мәнінде энциклопедиялық 
туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, 
сондай-ақ со лкездегі ру-тайпалар мен халықтардын қоғамдық- 
экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет ғұрпына, салт-
санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты аса бағалы деректер 
берілген. 
М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрік» атты зерттеуі тек 
түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге ол 
ежелгі түркі тілдері мен мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып-білу 
үшін аса қажетті, теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып табылады. Біз


үшін ең маңыздысы- біздің жыл санауымыздың бұрынғы қадым 
замандарда жасаған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түрік
қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс-салт жырларының 
үлгілерін, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен афоризмдерді 
М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген. 
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны –Қарахан 
мемлекетінің саяси-әлеуметтік бағыт-бағдарын айқындайтын Ата 
заңы сипатында жазылған этикалық-дидактикалық сарындағы 
көркем туынды болса, Махмұт Қашқаридің «Түрік тілдерінің 
жинағы»-бүкіл 
түркі халықтарының тіл мәдениетіне ортақ тілтану энциклопедиясы 
еді. 
«Диуани лұғат ат- түріктің» көшірме қолжазбасы XX ғасырдың 
бас кезінде табылды. Бұл еңбектің автор қолымен жазылған
түпнұсқасы сақталмаған. М. Қашқари кітабы жазылғаннан кейін, 
араға екі жүз жылдай уақыт салып барып, автордың өз 
қолжазбасынан көшірілген бір нұсқасы қазір Стамбулдың Фатих 
кітапханасында сақтаулы тұр. Оны көшірген хуснихатшының аты-
Әбу Бәкір бин Абдулфотхат. 
«Диуани лұғат ат- түрік» 1915-1917 жылдары Стамбул 
қаласындағыАхмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде 
жарық көреді. Міне, Махмұт Қашқари еңбегін жан-жақты зерттеу, 
басқа тілдерге аудару ісі осы кезден бастап қолға алынды деуге 
болады. 
Белгілі шығыстанушы неміс ғалымы Броккельман бұл 
шығарманы неміс тіліне аударып, 1928 жылы Лейпциг каласында 
бастырып шығарады. Броккельман бұл еңбекті аудару кезінде 
шығармадағы жеке сөйлемдердің бәрін алфавит тәртібіне келтірді. 


Неміс ғалымы Фриц Хаммел осы сөздікте ұшырасатын мақал-
мәтелдерді неміс тіліне аударып, өз алдына жеке кітапша етіп 
бастырды. 
Көрнекті түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің 
тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 жылы Анкарада үш томдық кітап 
етіп шығарды. 
Махмұд Қашқаридің бұл еңбегін зерттеуге , оны баска тілдерге 
аударуга, оған тілдік және әдебиет тұрғысынан түсініктер жазуга 
кеңес ғалымдары қыруар үлес қосты. Мәселен, тілші – ғалым 
С.Муталлибов «Диуани лұғат ат- түрікті» өзбек тіліне аударып, оны 
1960-1963 жылдары Ташкенттегі «Фан» баспасынан үш кітап етіп 
шығарды. Ал көрнекті кеңес лингвист ғалымдарынан Н.А. 
Баскаков, А.Н. Кононов, А.К.Боровков, С.Муталлибов, В.Решетов 
т.б. осы сөздікке қатысты көптеген құнды зерттеулер жүргізді. 
Махмұд Қашқари қазақ тіліне аударған – А.Егеубай. 
Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның ерекше назар 
аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. Өйткені адам әлі 
өзін қоршаған табиғатқа толық тәуелді еді. Сондықтан да ол жанға 
жайлы, арқар-киігі асыр салған көктем көріністерін мақтады, ал 
қаһарлы, мейірімсіз қыс аязына ызаланып, оған арнап озіңше өлең 
шығарды. Алғашқы қауым адамдары шығарған өлең- жырларда 
табиғат көріністері «тірі жан» ретінде суреттейді. Мәселен, 
төмендегі бір өлеңде аспандағы бұлт «ыңырасып өреді», су 
«мөңіреп ағады». 
«Түркі тілдер жинағында» табиғат көріністеріне қатысты жыр 
жолдары көп. Мұнда «бұлттар ойнай бастағанын», «сай салаға су 
толғанын», «түрлі түсті бәйшешек өсіп шыққанын», «арқар-киік асы 
салғанын» бейнелейтін өлеңдер жиі ұшырайды. Мәселен, Еділ 
өзені жайында төмендегідей жыр жолдары бар: 
Жарқырап жұлдыз туғанда 


Ұйқыны серпіп қарадым: 
Бөлейді құстар думанға 
Тыныштық күйін даланың. 
Еділдің суы ағады,
Қаһарлы толқын тас ғажап. 
Сайларға су толады, 
Ойнайды су да ақ шабақ. 
Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі аңшылық болғаны 
жақсы мәлім. «Түркі тілдері жмнағында» халық ауыз әдебиетінің 
аңшылық жайындағы өлең-жырлары жиі ұшырайды. Бұл жырларда 
белгілі бір тайпа мүшелерінің аң аулау маусымына салтанатты 
түрде дайындалып жатқаны, аңшылыққа аттанар сәттегі қызу той-
думан, сондай-ақ қанжығасы қанды болып қайтқан ағшылардың 
ойын-сауығы бейнеленеді. Әрбір өлең сонында жастарды 
аңшалыққа үйрету қажеттігі айтылып отырады. Мәселен, мына бір 
өлең жолдарынан аң аулауға шығайын деп тұрған адамдардың 
сауық-сайран құрып 
жатқанын көреміз: 
…Жігіттерді жинайық, 
Жеміс теріп сыйлайық. 
Той қызығын тыймайық, 


Аңға шығып, құс салып. 
Төрт аяғын билетіп, 
Құр атқа басын үйретіп, 
Қырық кез құрық сүйретіп, 
Киіккетазы қосайық. 
Түлкіге қыран салғанда, 
Тазыны қосып арланға, 
Жеткендей мәз боп арманға. 
Ерлік жоқ, сірә, жігіттер, 
Осыдан асқан жалғанда! 
Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат- түрік» атты түркі 
сөздерінің жинағы арқылы бізге жеткен алғашқы қауым 
адамдарының еңбек жөніндегі өлең-жырлары сол сол дәуір 
адамдарының аңшылық, егіншілік және мал өсіру саласындағы
өмірін, еңбек процесін, тайпа мүшелерінің қауымдасқан тұрмыс-
тіршілігін бейнелейді. 
«Түрік тілдерінің жинағында ерлікті, батырлықты мадақтайтын 
өлең-жырлары көп. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамы 
үрейлі аңдармен арпалыста немесе тайпалар арасындағы соғыста 
ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен 
жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. Дәл осындай халық 
батырларының сом тұлғасын жасау – барлық халықтар эпосына тән 
құбылыс. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген шағын өлең 
жолдары қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрлі дастандары- 
батырлық жырларындағы сюжетті баяндау сарынын, батырларды 


таныстыру тәсілін, жекпе-жекке шақыру мәнерін, қазалы үйге ат 
шаптырып келу дәстүрін т.б. еріксіз еске түсіреді. 
М.Қашқари «Сөздігінде» ерлік тақырыбын жырлаған көлемді 
дастандардан ұзінділер көп. Солардың бірі – «Маңлақ елін 
алғанбыз» деген жыр үзіндісі болса керек. Небары 20 жолдан 
тұратын осы өлең үлкен шайқастан кейінгі жеңіс салтанатының 
дабылын қағып тұрғандай естіледі. Бұл жырдан жорық жанғырығы, 
жеңіс дабылы айқын сөзіліп түрған сияқты: 
Тұрмады бектер алдасып, 
Жекпе-жек шықты арбасып, 
Қылыштың жүзін қан басып, 
Қынабына қайта сыймайды. 
Домалап жаудың бастары, 
Иықтан түсіп қашқаны, 
Әлсіреп дұшпан сасқаны, 
Қылыштар қанға малынды. 
Аяғыма келіп жалынды. 
Сұрады жалғыз ғұмырды, 
Ұяттан өліп бүгілді. 
Тоқтатты мені осылай. 
Бұл жырдан ежелгі түркілердің міне-құлықын, әдет-ғұрпын аңғару 
қиын емес.Ежелгі түркілер жеңіске жеткенде өзі жеңіп отырған жау 
аттарының кекілін, жалын, құйрығын кесіп тастайтын болған. Бұл 
арқылы ежелгі жауды ұдайы мұқатып отырған. 


М. Қашқари «Сөздігінде» қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне 
мейлінше жақын тұрған жыр үзінділері бар. Бұлар көбінесе 
батырдың өліміне байланысты айтылатын жоқтау өлеңдер 
деуге болады. «Сөздікте» Тұран елінің әміршісі Алып Ер Тоңғаның 
қазасына байланысты айтылған ұзақ жоқтау бар. Бұл жоқтаудың 
басқа да ежелгі түркі поэзиясндағы жоқтаулардан ерекшелігі бар. 
Мұнда жоқтау басқа жоқтау өлеңдеріндегі сияқты қаза болған 
батырды іздеуден, сұраудан басталмайды. Өлең қайтыс болған 
батырдың бейнесін суреттеуден, оның елге жасаған жақсы істерін 
жіпке тізгендей етіп айтудан басталады: 
Жаудың отын өшірді, 
Дүниеден көшірді, 
Дұшпанның қаны жосылды, 
Шәйіт болды өзі, ер еді. 
Жақсы істерге бас болған, 
Дастарқанына ас толған, 
Жаураса ел ақпаннан, 
Дем беріп ылғи жебеді. 
Аямады елден ас-дәмді, 
Оғырақтар одан жасқанды, 
Көзінен жаудың жас тамды, 
Сол ерді ажал таңдады. 


Негізінен ислам дәуіріндегі жазба әдебиетте қалыптасып, қазақ 
ақын-жырауларының терме-толғауларында өзінің шарықтау 
шегіне жеткен дидактикалық-философиялық поэзияның қайнар-
бастаулары ежелгі түркі жырларында жатқан сияқты. М.Қашқари 
«Сөздігінен» дидактикалық-философиялық мазмұндағы жар 
үлгілерін жиі ұшыратамыз. Олар көбінесе замана жайлы, 
адамгершілік туралы, ақыл-парасат, білім хақында болып келеді. 
Мысалы: 
Таққа шығып тұрсаң да, тәңіріңді ұмытпа, 
Асып – тасқан көңілді, ақылыңмен шыбықта. 
Ұлық болса еліне ізгі болар ер кісі, 
Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі. 
Дәулетті адам байи түсер, сый да алар, жарлы бектер жәрдем 
көрмей қиналар. Сондай-ақ көне дәуір ақыны өз тыңдаушысын 
оқу-білімге, ақылды адамдардан үйренуге үндейді. Төмендегі жыр 
жолдарында осындай философиялық өсиет-уағыз айтады: 
Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, 
Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар. 
Қобалжығыш көңілдің ақылы да жоқ аса, 
Мылжыңы көп адамның аспаны да аласа. 


Көңіл толса, үйіңнің жарын жығар, 
Білікті адам айтпай- ақ жаныңды ұғар. 
Алтының мен күмісің болған сайын құнықпа, 
Қу нәпсіге табынып, тәңіріңді ұмытпа! 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет