Мамай орта мектебі 2015-2016 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысының сараптамасы


Қайырымдылық акциясына жасалған стенд Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануы



бет2/2
Дата22.12.2021
өлшемі2,33 Mb.
#9684
1   2
Қайырымдылық акциясына жасалған стенд Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануы

Мектеп бойынша 1.02.-1.03. 2016 жыл аралығында «Сұлулық және денсаулық» айлығы жоспарланып өткізілді. «Сұлулық және денсаулық» айлық шеңберінде онкологиялық ауруларды алдын алу бойынша 1.02.-10.02. 2016 ж. аралығында онкүндіктің іс-шаралар жоспары бекітілді. Онкологиялық аурудың алдын алуға байланысты барлық сыныптарда сынып сағаттар өткізілді. Мектеп психологы Нуржанова К.С. 5-11 сынып оқушылармен денсаулыққа байланысты тренингтер өткізіп, кітапшалар таратты /22 оқушы/. Тәлімгер Кусаинова Г.Т. онкологиялық аурудың алдын-алуға арналған 5-11сынып оқушыларға «Салауатты өмір салты» тақырыбында баяндама оқыды /22 оқушы/.



Мектеп психологы 5-11сынып оқушылар арасында «Менің денсаулығым» атты тренингтер мен сауалнамалар өткізіп, ал Кусаинова Г.Т. 5-11 сынып оқушыларға «Салауатты өмір салты» тақырыбында баяндама оқыды /22 оқушы/. Барлық сыныптарда «Сұлулық пен денсаулық ережелері» тақырыбында сынып сағаттар өтті /1-11 сыныптар, 42 оқушы/ .

8-11 сынып оқушылар арасында «Спорт және денсаулық» спорттық сайысы ұйымдастырылды. Барлық сыныптар белсене қатысты /12 оқушы/ .

5-10 сынып оқушылар арасында мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырып өткізілді /18 оқушы/.

Бастауыш сынып оқушылар арасында «Спорт және біз» тақырыбында сурет сайысы өтті/ 16 оқушы/.

Біржанова М.О. 7-9 сынып оқушылар арасында «Халықтық денсаулық рецепттері» туралы пікір-талас жүргізді /10 оқушы/.



Мамай орта мектебі бойынша жыныстық сипаттағы күш қолдау әрекеттеріне қарсы жұмыс жүргізілді. Мұғалімдер ұжымы арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

1. Өнегелі жыныс тәрбиесі жастардың жыныс денсаулығына деген, құқығына және оны қорғау туралы ақпараттар беру мақсатында 9-11 сынып оқушылар арасында «Халықтың жастық-жыныстық құрамы» тақырыбында сынып сағаттар /10 оқушы/

2. Мектеп психологы Нуржанова К.С. өзін сыйлайтын мінез-құлық қалыптастыру және денсаулығын бағалай білетін болуды түсініктіру мақсатында 8-11-сынып оқушылар арасында «Рухани таза болсаң, денең де таза болады» атты тренингтер мен сауалнамалар жүргізілді /12 оқушы/.



3. «Қыз-елдің көркі» атты 7-11 сыныптардың қыздар арасында баяндама оқылды /5 оқушы /. Баяндаманы оқыған Кусаинова Г.Т.

Мектеп бойынша тұмаудың алдын –алуға арналған іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Мектептің денсаулық бұрышы стендте тұмау туралы ақпарат ілінді. Барлық сыныптарда «Тұмауға қарсы тұралық» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізілді. 5-8 сынып оқушылары «Тұмау - жұқпалы вирустық ауруы» тақырыбында диктант жазды/12 оқушы/.



24.02.-1.03.2016 ж аралығында тәртіпбұзудың алдын-алуға байланысты іс-шаралар жоспарын бекітіліп, таныстырылды.

Сынып жетекшілер 5-11 сынып оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша әңгіме жүргізді/22 оқушы/.

Мұғалімдердің ұйымдастыруымен «Жасөспірім және көше» рейдтік жұмыстар жүргізілді. 



Әр сыныптың сынып жетекшілері ата-аналармен кездесіп, әңгіме жүргізді.
Мектеп психологы Нуржанова К.С. 7-10 сынып оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша дөңгелек үстел өткізді/11 оқушы/. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мектеп бойынша «Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері» атты тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарланып өткізілді.



Мектеп фойесінде «Мемлекеттік рәміздер-биік мерейіміз» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда «Рәміздерім мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді /40 оқушы/.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікпен қарау мақсатында «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты концерт ұйымдастырылып өткізілді. Концертте 5-11 сынып оқушылары тәуелсіздік туралы, Отан туралы тақпақ пен өлеңдер, әндер орындады. 5-6 сыныптар «Желтоқсан желі» әнін орындаса, 7 мен 8 сыныптар «Егемен ел» әнін орындады. 9-сынып оқушылары «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. Ал 10-11 сынып оқушылары «Қазақтың тойы бітпесін» атты әнін ортаға салды. Барлық сыныптар белсенді қатысты.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты банер жасалынып, 1-4 сынып оқушылар арасында «Ел рәміздері-ел рухы» сайыс ұйымдастырылып өткізілді /16 оқушы/.


25 ақпан 2016 жылы «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» атты көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқау ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монтаждан басталды.

Оқушылар «Егемен елім» әнін орындап, Қалмұрат Ердаулет «Қазақ» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. «Отан туралы» өлеңді Кеңшілік А., «Төрт Ана» өлеңін Қалмұрат М. 5-сынып оқушылары мәнерлеп оқыды. 11-сынып оқушысы Қалмұрат Ердаулет Республикалық Мақатаев оқуларына белсене қатысқан үшін алғыс хатымен марапатталды.



Мамай орта мектебі бойынша террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, таныстырылды. Ата-аналар жиналысында «Терроризм мен экстремизге жол ЖОҚ!» баяндама оқылды /20 ата-ана/. Баяндамада айтылған мәселелер талқыланып, сұрақтар қойылды. Кейін ата-аналармен оқушылар арасында террористік актілерді болдырмау жөніндегі сауалнама жүргізілді / 20 ата-ана, 12 оқушы /. Сынып жетекшілер барлық сыныптар оқушыларына террористік актілерді болдырмау жөнінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды/39 оқушы/.

4-сыныпта бастауышпен қоштасу «Қош бол, бастауыш мектеп!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар ұстаздарға, мектепке арналған өлең, тақпақ пен әндер айтты. Сонымен қоса көріністер көрсетіп, би биледі.



Мектеп оқушылары ҚР-ның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Бақытты жұлдыз астында!» атты аудандық көңілділер мен тапқыштар клубының байқауына қатысып, «Таң қалмаңыз» тобы аттанып белсене қатысқан үшін мақтау қағазымен марапатталды. Мектебіміздің «Сұңқар» тобы аудандық жас жол инспекторларлар сайысына қатысып, «Лучшая песня» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. Аудандық «Жас Ұлан» сайысында «Военно-спортивная эстафета» номинациясы бойынша оқушылар ІІІ орын иеленді.



Мамай орта мектебінің салтанатты жиын 25 мамыр сағат 1000-де басталды. Салтанатты жиынға барлық мектеп оқушылары /39+3 оқушы/, ұстаздары /15 ұстаз/, ата-аналар, ауыл әкімі Біржанов Марат Жексембайұлы және ауыл ардагерлері қатысты. Жиын салтанатты түрде әнұран орындап, ту енгізуден басталды. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Біржанов Дулат Бөлесұлына берілді. Жас түлектерді ауыл әкімі және жиын қонақтары құттықтады. Оқу ісінің меңгерушісі Рамазанова Самал Төлешқызы оқу жылының қорытындысымен таныстырып, мектеп директоры мадақтамалар мен алғыс хаттар табыс етті. Негізгі мектеп бітіруші түлектер құттықтау сөздерін айтып, ән орындады. 11-сынып түлектерін кішкентай бүлдіршіндер 1-сынып оқушылары, түлектердің ата-аналары, сынып жетекшілері құттықтады. Сөз кезегі 11-сынып оқушыларына беріліп, түлектер ұстаздарға, ата-аналарына деген алғыстарын білдірді. Жас түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Қоңырау соғу рәсімі 11-сынып оқушысы Саябекова Мадина мен 1-сынып оқушысы Ермек Ескендірге берілді. Жиын барысында 0-сынып оқушысы Ермұрат Айниса «Туған өлкем» әнін орындады. Салтанатты жиын 11-сынып түлектерінің мектеп қабырғасындағы соңғы сабағымен жалғасты. Барлық жиынға қатысушылар жақсы қөңіл күймен тарқады. Жиын 1130 аяқталды.


ТІМ: Мусабаева Г.Қ.



Мектеп директоры: Біржанов Д.Б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет