Мамандық таңдау- өміріңнің кірпішін дұрыс қалау Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет7/15
Дата28.03.2022
өлшемі58,63 Kb.
#137040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Сымбат тірбие сағаттары
-1222687496 (1), -1222687496 (1), -1222687496 (1), Философия 1, 5-ші билет, 3болым статистика
ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді
1-оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2-оқушы:
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3 оқушы: 9-бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы.
Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
3-оқушы:11 бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
4-оқушы 12 бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
5-оқушы 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
6-оқушы 30 бап Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
7 – оқушы 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек (оқушылар өз міндеттерін айтады)
ІҮ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Оқушы: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Оқушы: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Оқушы: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Оқушы: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Оқушы: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Оқушы: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Оқушы: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Оқушы: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Оқушы: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» — деп өкініп жүр ме.?
Оқушы: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

  1. Құрметті ата-аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.

Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?

  1. Учаскелік полиция инспекторына: Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
Кездесу кешіміздің бүгінгі қонағы Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Пошатаев Заңғар ағайымыз келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.

  1. Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?

  2. Қылмыстық кодекс дегеніміз не?

  3. Қылмыстың белгілері қандай?

  4. Кәмелетке толмағандар қандай жағдайларда жауапқа тартылады?

  5. Ауданымызда жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз.

  6. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?

  7. Мектеп оқушыларына қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Мектеп психологы Досжанова Бақытгүл апайға мынадай сұрақтар қойсақ

  1. Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?

  2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?

  3. Сыныбымыздағы мінез-құлқын қалай бағамдар едіңіз? Оның кейбір іс- әрекеттерінен ауытқушылық байқалмай ма?

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қойшығұлова Қанат апайымызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.

  1. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?

  2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?

ҮІ. Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

  1. Біреуге ор қазба … (өзің түсесің)

  2. Заңның құрығы … (бәрінен ұзын)

  3. Ұрлық түбі … (қорлық)

  4. Өтірікшінің құрығы…(бір-ақ тұтам)

  5. Тура биде … (туған жоқ)

  6. Туғанды биде … (иман жоқ)

  7. Қолыңмен істегенді … (мойныңмен

көтер)

  1. Тек жүрсең … (тоқ жүресің)

  2. Заңды сыйлаған … (еркін жүреді)



ҮІІ. Қорытынды
Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар басқосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, проблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек? Қысқа да тұжырымды ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар (оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)
Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.
Болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет