Мамұны Кіріспе Көлік құралдарының жалпы сипаттамасы, жіктелуі және түрлері; Негізгі бөлім Автомобиль көлігі; Теміржол көлігі; Су көлігі; Қорытынды бөлім Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Көлік



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі55,02 Kb.
#80666
1   2   3   4   5
Байланысты:
перевод с русского

Өзен көлігі – ішкі су жолдарында қатынайтын көлік түрі. Республика аумағында қазіргі жағдайда кеме қатынауға болатын 7-ге жуық су алабы бар. Қазақстан аумағындағы кеме қатынайтын өзендер тым әркелкі орналасқан. Республиканың шығыс жақ шетін бойлап Ертіс өзені ағады, ол республиканың ең қуатты су күретамыры. Қазақстанның батыс жағын Жайық (Орал) өзені кесіп өтеді, ал Оңтүстікте Сырдария өзенінде, Балқаш көлі мен оған құятын Іле, Қаратал өзендерінде, Солтүстікте Есіл өзенінде кеме қатынай алатын су жолдары жоқ. Қазақстанда кеме қатынайтын жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 5635 км; оның ішінде жоғары Ертіс телімі бойынша – 1715 км, Орал бойынша – 1164 км, Іле пайдалану телімі бойынша – 880 км, Балқаш бойынша – 978 км, Сырдария бойынша – 840 км, Есіл бойынша – 55 км. Қазақстан өзендерінің суы аз болуына байланысты оларды кеме қатынайтын жағдайда ұстау үшін жыл сайын бірнеше млн. теңге шығын жұмсалады. “Ракета” үлгісіндегі алғашқы кеме Ертісте 1962 жылғы су қатынасы маусымында пайда болды, ол Павлодар – Омбы желісінде жолаушылар тасымалдады. Бұдан кейінгі жылдары Ертістегі, сонан соң Оралдағы жолаушылар флоты “Ракета”, “Метеор”, “Белорусь” үлгісіндегі бірнеше кемелермен толықтырылды. Жүк айналымының көлемі бойынша өзен көлігі темір жол көлігі мен автомобиль көлігінен кейінгі үшінші орынды алады. Қазақстан өзендерінде 1963 жылдан бастап жүкті контейнерлерге және кеменің табанына тиеп тасымалдау дамыды. Бұлай тасымалдау жүктің сақталуын, ең бастысы, жүкті көліктің бір түрінен екіншісіне механизмді қолдана отырып, қолайлы түрде әрі арзан бағаға тиеуді қамтамасыз етеді. Ертіс, Орал, Сырдария, Іле өзендерінің бойымен жергілікті мәні бар жүктер тасымалданды. 1996 ж. Семейде, Павлодарда, Өскеменде, Оралда, Атырауда және Қапшағайда су жолдары мемлекеттік кәсіпорындары құрылды. Бағдарлама бойынша бұл қалалардағы өзен кемежайлары, барлық сүйреткі, жүк, жолаушы және май құю кемелері, төрт жолаушы вокзалы, Ертістегі он екі айлақ, Қапшағай бөгеніндегі екі айлақ аукционда сатылды. Елдің ішкі су ресурстарын кеме қатынасы үшін пайдалану тәртібі, кеме жүретін гидротехникасы құрылыстарды күту және іске жарату, жүкті, жолаушыларды тасымалдау шарттары, порттың, кеменің және оның экипажының мәртебесі айқындалған “Ішкі су көлігі туралы” ҚР заңының қабылдануы (2005) өзен көлігі қатынасының дамуына серпін берді. 2005 жылдан бастап Қазақстанның үш аймағында – Павлодар, Семей және Өскеменде өзен көлігі қатынасы жандана бастады. Түрлі себептермен, соның ішінде экономикалық және технологиялық себептермен 18 жыл бойына тоқтап тұрған ең арзан көлік осы жылы Ертіс өзенінде қайтадан қатынады. Өскемен шлюзі қалпына келтірілді, Ертіс кеме дәлізінің табаны тазартылды, 1978 ж. басталып, аяқсыз қалған Шүлбі шлюзінің құрылысы қайта қолға алынды, уақыт талабына сай келетін ең жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған қажетті инфрақұрылым құрылды. Сөйтіп, Қазақстанның шығысындағы аймақтық су дәлізінде Ресей мен Қытайдың айлақтарына өзен көлігі қатынасының ашылуы еліміздің Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін шығу мүмкіндігін туғызды. Қазіргі кезде үш ел арасындағы жүк тасымалының бірыңғай стандарттарын жасау және ілеспе заңи құжаттарды егжей-тегжейлі пысықтау жұмыстары жүргізілуде. 2005 ж. жалпы ішкі су жолдарымен 825,04 мың т жүк тасылды, мұның өзі 2004 жылмен салыстырғанда 144,2% көп. Жүк айналымы 89052,4 мың ткм, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 108,6% көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет