Математика 4-сынып 2015-2016 оку жылы



бет4/5
Дата02.07.2020
өлшемі61,5 Kb.
#74756
1   2   3   4   5
Байланысты:
олимпиада есептері бастауыш

Математика 3-сынып

1.Екі санның қосындысы 111 - ге тең. Екі қосылғыштың біреуі екіншісінен 2 есе көп. Ол қандай сан?

2.10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?

3. Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым?

4. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

5. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша?

6. 30 Марғұлан үш күнде жүз конверт сатып алды. Осы үш күннің бірінде ол кем дегенде отыз төрт конверт алғанын дәләлдеңдер.

7. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз..

8. 17. Бір жәшік алманың салмағы 25 кг. Жарты жәшік алма сатылған соң, жәшікті өлшесе 15 кг көрсетіп тұр. Ал бос жәшіктің салмағы неше кг болғаны?

9. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін.

10.Дөңгелек бойында он бес бала тұр. Әрбір қыздың оңжағында бір ұл тұр.Ұлдардың жартысының оң жағында бір ұлдантұр, ал қалған ұлдардың жартысының оң жағында бір қыздан тұр. Неше қыз? Неше ұл бар?

11.Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді. Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз.

12.Әріптердің орнына цифрлар қой. 69вв:а=2авв

13.Мұғалім оқушыларға 415327 және 8373 сандарының көбейтіндісін табуды берді. Жәнібек есепті бірінші орындап, жауабы 328363624 деді. -Бұл қате, -деді Әлішер -Неге, сен әлі шығарған жоқсын ғой, -деп Жәнібек ашуланды. -Сонда да оның қате екенін көріп тұрмын, -деді Әлішер. Кімдікі дұрыс?


14.Отбасыда төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары: Жәнібек, Райхан, Салтанат, Жанат. Қыздардың біреуі бала-бақшаға барады. Жәнібектен үлкен, Райханның жасына Жанаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат кім? Қыз ба, ұлма?

15.Әділ тақтаға екі сан жазды. Мейрамбек олардың қосындасын қасына жазды. Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны бес болса, Жәнібек тапқан қосынды нешеге тең?

16. Дүкенде 4 әр түрлі қасық, 5 әр түрлі кесе, 3 әр түрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1 тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады?

17.Сөреде 5 кітап тұр. Жинақ – бір немес бірнеше кітаптардан тұра алатын болса, кітаптарды неше тәсілмен жинақтарға бөлуге болады?

18. 1000 санын бір түрлі сегіз цифр арқылы өрнектей аласыңба?

19. Түлкібазарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты: - 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады. - 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады. Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?

20. Әріптердің орнына цифрлар қой: ав*ав=сав





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет