Математика 5-сынып Түсінік хат 5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика»


«Геометрия» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі



бет14/16
Дата19.09.2023
өлшемі49,81 Kb.
#181469
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Математика 5-сынып Т сінік хат 5-6-сыныптарда о ытылатын «Матема
Математика 5-сынып Т сінік хат 5-6-сыныптарда о ытылатын «Матема
«Геометрия» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
11-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 72 сағатты құрайды;


11 сынып. Алгебра жəне анализ бастамалары (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Түсінік хат
Ұзақ мерзімді жоспар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 34 тармағына сәйкес; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен ( соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықпен енгізілген )бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты, «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы) бекітілген оқу басылымдары негізінде құрылған
11-сыныпта оқытудың міндеттері:
1) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару, туындыны табу, практикалық есептерде туындыны қолдану біліктігін пысықтау;
2) функциялар графиктерін салу, график бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графигін түрлендіру біліктігін жетілдіру;
3) алғашқы функция, интеграл, п-ші дəрежелі түбір, рационал жəне иррационал көрсеткішті дəреже, логарифм ұғымдарын қалыптастыру;
4) геометриялық жəне физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану біліктігін қалыптастыру;
5) құрамында п-ші дəрежелі түбір, рационал жəне иррационал көрсеткішті дəреже, логарифмы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктігін қалыптастыру;
6) иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;
7) теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін тиянақтау;
8) параметрі бар теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру;
9) теңдеулер, теңсіздіктер жəне олардың жүйелерін шығаруда функциялардың графиктерін қолдану, алгебра жəне анализ бастамалары курсының əртүрлі тарауларынан есептер шығаруда алгебралық түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер аппараттарын қолдану біліктігін жетілдіру;
10) шартты ықтималдықты табу, ықтималдықтарды қосу жəне көбейту теоремаларын қолдану, дискретті кездейсоқ оқиғаны жəне оның таралу заңдылығын, кездейсоқ оқиғаның сандық сипаттамалары мен таңдау əдісінің элементтерін табу біліктігін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет