Математика оқу жоспары 2019-2020 оқу жылы 4-сынып Мазмұны



бет111/146
Дата08.02.2022
өлшемі3,63 Mb.
#98162
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146
Байланысты:
9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован

«Шабандоз және жылқылар».

Интербелсенді оқытудың тәсілі. Ұжымдық оқытудың формасы. Авторы – А.Каменский. Сынып екі топқа бөлінеді: «шабандоздар» және «жылқылар». Бір топқа сұрақтар жазылған карточкалар берілсе, екінші топқа дұрыс жауаптар жазылған карточкалар беріледі. Әр «шабандоз» өз


«жылқысын» табу керек. Бұл ойынды жаңа тақырып өту сабағындада қолдануға болады. Ең жағымсыз жағы – оқушылардың барлығы бір мезгілде сыныпты аралап жүру қажет. Бұл мінез- құлық мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасқанын талап етеді.














Оқушылар бөлімдері бірдей екі бөлшектің арасында алымы артық бөлшек артық болады, алымы кем бөлшек кем болады деген тұжырымға келу керек. Бөлім бір бүтін мән
қанша бөлікке бөлінгенін көрсетеді, ал алым қанша бөлік алынғанын көрсетеді.













Демек, бөлімдері бірдей бөлшекті салыстыру үшін олардың алымдарын салыстыру қажет. Алымы үлкенірек бөлшек алымы кіші бөлшектен үлкен болады.
(Т.) Оқушылар бірінші тапсырмаға қайта оралып келесі тұжырымға келеді: бірінші топтағы бөлшектердің алымдары бірдей, ал бөлімдері өсу ретімен берілген, яғни, бөлшектер кему ретімен берілген.
Екінші топтағы бөлшектердің бөлімдері бердей, ал алымдары кему ретімен берілген, яғни, бөлшектер де кему ретімен берілген.














Тақырыпты меңгергеннен кейін, шифрланған сөздер жазылған кестені ұсынуға болады.
Бөлшектерді өсу ретімен орналастырып «оқушыла » деген сөзді құрастырады.
Бөлшектерді кему ретімен орналастырып оқушылар
«жарайсың!» сөзін оқи алады.













Тақырыпты бекіту үшін жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар карточкаларда берілген әртүрлі тапсырмаларды орындайды: бөлшектерді салыстыру, бөлшектерді кему ретімен орналастырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет