Мазм ұ н ы кіріспе Мәтін туралы түсінік Көркем мәтін табиғаты, ерекшелігі. Көркем мәтіннің зерттелуі мен талдау жолдары Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Көркем мәтіннің зерттелуі, талдау жолдары



бет3/5
Дата02.06.2020
өлшемі116,5 Kb.
#72042
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәтін реферат
Конспект
2 Көркем мәтіннің зерттелуі, талдау жолдары.

Мәтін ерте кезден бері сан түрлі ғылым салаларының зерттеу нысаны болған. О баста діни сакральдық (астарлы, құпия мәні бар) бертін келе, заң және әдеби мәтіндер ғалымдардың ерекше назарын аудартқан. ХІХ ғасырдың соңында этнологтардың ерекше шұғылданған саласы мәтін болды. Ең алғаш мәтін құрылымы туралы зерттеу орыс философы В.Я.Пропптың атымен байланысты. Кейінгі кезде пайда болған семиотика мен мәтін лингвистикасына ғылыми бағдар бергеносы В.Я.Пропптың 1928 жылы жарық көрген «Морфология сказки» деген еңбегі болды. Ондағы ертегі кейіпкерлері, тұрақты қайталанатын орнығ оқиғалары ағылшын, француз тілдеріне аударылып, ғылыми бестселлерге айналды. Әсіресе, француз семиологтары мен структуралистері К. Леви-Стросс, Р.Барт, Ц.Тодоров, А.Греймас т.б. Батыс еуропалық мәтін лингвистикасының қалыптасуына чех лингвистикалық мектебі негіз болды, олардың әсерінен 1960 жылдары Еуропада мәтін лингвистикасының негізі қалана бастады. П.Хартман, Р.Харвег, З.Шмид, В.Дресслер т.б. ғалымдардың еңбектерінде мәтін құрылымдық жағынан қарастырылды. Р.Харвегтің «таксономдық» әдісі пайда болды, яғни, мәтіннің басынан соңына дейін лексикалық бірліктердің орналасу ретіне талдау жасады. 1970 жылдың 2 жартысындаТ.Ван-Дейк мәтін терминінен дискурстық терминологияға көшіп, мәтінді статикалық қалыптан динамикалық қалыпқа айналдырып, өзгеше зерттеуді қолға алды. Осы тұста Богранд пен Дресслердің «Введение в лингвистику» монографиясы үлкен роль атқарды. А.М.Пешковскийдің: «...ірі синтаксистік термин ойластыру керек» деген сөзі Кеңестік тіл білімі мұндай тілдік объектіге ерекше қызығушылық арттыра бастады, кейіннен «күрделі фразалық тұтастық» (Л.А.Булаховский), «күрделі синтаксистік тұтастық» (Н.С.Поспелова) деген ойлар қалыптасты.

1950-60 жылдары мәтін құрылымы қолға алынды, оны зерттеушілер Н.Ю.Шведов, Т.Г.Винокур, Е.В.Падчуева т.б. ғалымдар болды. Бұл зерттеулерде абзац құрылымы, фразалық семантиканың мәтінге қатысы сияқты мәселелер көтерілді.

1970-80 жылдары мәтін лингвистикасын зерттеу қарқынды дамыды. И.Р.Гальперин, Б.М.Гаспаров, З.Я.Туряева және т.б.көптеген ғалымдар үлес қосып, біршама еңбектер жарық көрді. Бұл ғалымдардың еңбектерінде: мәтіндегі просодия, интонация, мәтін құрылымында көмекші сөздердің ерекше қолданылуы (маркерленген), мәтіндегі ұсақ тілдік бірліктердің жұмсалуы (фонема, морфема), мәтіннің жалпы құрылымы, мәтін референциясы, мәтіндер типологиясы деген салалары мәтін лингвистикасының дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосты. Мәтін лингвистикасы туралы зерттеулердің тұтас жиынтығы сияқты М.И.Откупщикованың «Синтаксис связанного текста» деген еңбегі де бар. Мұнда мәтін көлемі мен бірліктері, байланыс заңдылықтары, мәтіндегі сөйлем және оның актуальді мүшеленуі т.б. қарастырылды.

Қазақ тіл білімінің негізін салған А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтың ғылыми ойларынан мәтінтанудың әлемдік проблемалармен ұштасып жатқан пікірлері байқалады. Олардың зерттеу еңбектеріне аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлардың мәтіні арқау болып, дыбыс, сөз сөйлемдерден де күрделі құрылымдар бар екенін айтқан. Қазіргі қазақ тіл білімінде сол ғалымдардың ойлары ары қарай дамып, мәтінге қатысты біршама еңбектер жарық көрді. Мәселен мәтін түзуші тілдік бірліктердің ерекшеліктеріне қатысты: Е.Жанпейісовтың «Қазақ прозасының тілі» (1968), Р.Сыздықованың «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1970), Х.Кәрімовтың «Көркем әдебиет тілін зерттеудің мәселелері» (1986), Р.Сыздықова мен Б.Шалабаевтың «Көркем тексті лингвистикалық талдау» (1989), М.серғалиевтың «Көркем мәтіннің тілі» (1996), Б.Шалабай «Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері» (1997), Г.Смағұлова «Көркем мәтін лингвистикасы» (2010), А.С.Әділованың «Қабылдау стилистикасы» (2016) т.б.

Көркем әдебиет тілін, сонымен бірге көркем мәтін тілін зерттеудегі негізгі мақсат – көркем туындының бейнелі құрылымының өзіндік ерекшелігін ашу, көркем мазмұнды бейнелейтін тілдік құралдардың қызметін көрсету.  Ал олардың алғышарттарына мыналар жатады: көркем шығарманың мазмұн мен формасын (тілін) бірлікте алып зерттеу; көркем шығарманың өзара және басқа компоненттерімен байланыс, қарым-қатынасын ескеру; бейнеленетін мазмұнға автор қатынасын ескеру; шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ескеру; ғылыми дамудың жаңа бағыт-бағдарларына сүйену т.б.

Көркем шығарма тілін талдаудың ғылымда синтетикалық әдіс, құрылымдық және статистикалық әдіс түрлері белгілі. Бұл әдістердің бірін көп дәрежеде, бірін аз дәрежеде, бірін негізгі етіп, қалғандарын көмекші етіп – барлығын да қолдануға болады.

Көркем мәтінді зерттеудің, талдаудың әдістері мен ұстанымдарының, қырларының күрделілігі әрі әртүрлілігі және қажеттілігі әдебиеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Көркем әдебиетте өмір және басқа да өмір нысандары адамның көңіл-күй, сезімімен бірлікте алып қарастырылады. Сондықтан ондағы негізгі орталық тұлға – адам және оның күйініш-сүйініші болып табылады. Әдебиеттің өнер ретіндегі басты ерекшелігі, мәні де осында. Өнердегі эмоция, көңіл-күй ерекше мәнге ие. Мысалы, ғылыми шығармалардағы эмоционалдылық тікелей ғылыммен байланысты болып, оқырманын алға жетелеп отырғанмен, ол нақты ғылыми ұғымдардың, ақиқаттың табиғатына жат болып келеді. Ал өнердегі эмоция – шығармашылықтың ең бірінші элементі, ол шығарманың мазмұнымен біте қайнасып жатады. Көркем әдебиет өнері өмірді сезім арқылы танытып қана қоймайды, ол сол арқылы өз оқырманына эстетикалық ықпал етеді. Оның негізінде, сонымен бірге, көркем әдебиеттің әрі қоғамдық, әрі қатысымдық қызметі жатыр. Қатысымдық қызмет дегенде көркем шығарманың өз оқырманына бағытталуын, жанама түрде жүзеге асатын автор мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты, бір-біріне тигізетін ықпалды айтамыз. Осыған байланысты көркем мәтінді зерттеудің теориялық мәселелері туралы сөз қозғағанда, ондағы көркем образ бен көркем шығарманың гносеологиялық табиғатын, әдіснамалық негіздерін ескеру өте маңызды. «Өнер», «бейне» ұғымдары, оның эстетикалық мәні, танымдық бейне және оның типтері, ғылым мен өнердің айырмасы, ғылыми және көркем танымдағы интуитивтік бейнелер, «көркемдік модель» (ғаламның екінші модельдік жүйесін жасау), метафоралық ойлау және таным, «ақиқаттың концепциясы»  т.б. көркем мәтіннің гносеологиялық, эстетикалық табиғатына қатысты мәселелер оны зерттеудің негізіне қаланады.

Кез келген мәтін, соның ішінде көркем мәтін материалдық мәдениет нысаны бола тұрып, оны жасаушы автормен де, мәтіннің жазылған уақытымен, орнымен, жағдайымен де тікелей байланысты болады. Бұл ерекшелік көркем мәтіндерді талдауда экстралингвистикалық факторларды басшылыққа алуды талап етеді.

Көркем мәтін мазмұны жазылу ортасына, дәуірі мен уақытына, ұлттық-мәдени және түрлі діни, философиялық түсініктерге, шығарма авторының психологиясына, белгілі бір әдеби мектепке, бағытқа тәуелді болады. Мәтіннің денотаттық, референттік, ситуативтік қасиет-сапалары осыларға байланысты қалыптасады. Кез келген көркем мәтін шынайы өмірдің эстетикалық бейнесі секілді болады. Сол себепті көркем мәтінге тілдік жүйенің эстетикалық қызметі барысында қалыптасатын метаморфтық қасиет тән болып келеді. Ол әрі функционалды, әрі эстетикалық жүйе болып табылады.

Л.Г.Бабенко мен Ю.В.Казарин шынайы көркем мәтін келесі сапалардан тұратынын көрсетеді: антропоцентрлік, әлеуметтік, дилогтық, толыққандылық әрі бірізіділік, статикалық және динамикалық, әсерлілік, эстетикалық, бейнелілік және  түсіндіріліп-талдануы.

Е.А.Гончарованың ойынша, көркем мәтіннің антропоцентрлігі оған ұйытқы болған үш орталықтан көрінеді: автор – көркем шығарма иесі; кейіпкерлер; оқырман – «туындының жасалуына қатысушы жанама тұлғалар». Демек, көркем шығарманы жасаушы да адам, оның бейнелейтіні де адам және оның өмірі мен қоршаған ортасы, оны оқитын да адам, ол адамға арналып жазылады. Оның антропоцентрлігін осыдан-ақ көруге болады.

Көркем мәтіннің әлеуметтік қасиет-сапасы оның әлеуметтік қызметті жүзеге асыруымен байланысты түсіндіріледжі. М.М.Бахтиннің ойынша, кез келген әдеби туынды іштей әлеуметтік шартты болып құрылады. Онда шынайы өмірдің әлеуметтік сырлары беріледі. Сондай-ақ, көркем мәтін белгілі бір уақыттың, дәуірдің, әлеуметтік қоғамның туындысы болып табылады.

Көркем мәтіннің диалогтық қасиет-сапасын М.М.Бахтин оның мазмұнының тек бір ғана дәуірмен шектелмей, ашық, көпқабатты болып құрылуымен түсіндіреді. Шынайы мәтіннің мағынасы терең болып келеді, осының салдарынан қанша уақыт өтсе де өзінің өзектілігін жоғалтпайды.

Көркем мәтіннің толыққандылығы және бірізділігі (немесе қисындылығы) оның мазмұны арқылы да, пішіні арқылы да қалыптасады. Толыққандылық басты тақырып пен шағын тақырыптардың арасындағы байланыстан көрінеді.

Статикалық пен динамикалық мәтіннің зерттелу аспектісіне қарай анықталады. Егер мәтін сөйлеу әрекетінің жемісі ретінде қарастырылса, ол статикалық қырынан танылады. Ал егер ол жасалуы, қабылдануы, түсінілуі тұрғысынан қарастырылса, динамикалық қырынан қарастырылады.

Мәтін әсіресе құрылымдық-семантикалық талдауда статикалық тұрғыдан талданады. Ал психолингвистикалық, деривациялық, қатысымдық лингвистикалық тұрғыдан талдауда ол динамикалық қырынан талданады. Жалпы көркем мәтінді зерттеуде бұл екі аспектінің екеуін де назарға алған дұрыс.

Көркем мәтіннің әсерлілігі В.Г.Адмонидің зерттеулерінде терең қарастырылды. Оның ойынша, «көркем мәтін алғашқы жолдарды оқығаннан-ақ оқырманды баурап алатындай болып, оның қызығушылығын бірте-бірте күтпеген жерден күшейтуі керек... ». Сол кезде оқырман шығарма соңының қалай бітетініне құмарта түседі.

Көркем мәтіннің эстетикалылығы оның өзіне тән ерекшелігінен туындайды. Н.С.Болотнованың ойынша, эстетикалық қызметтен туындайтын  прагматизм  көркем мәтіннің эстетикалық әсерін күшейтеді; эстетикалық бағдарланған концептуалдық сапа – автордың шығармашылық дара тұлғасын, оның шынайы өмірге деген өзіндік қатынасын көрсетеді.

Бейнелілік – мәтіннің көркем бейнелер жүйесін айқын суреттей алуынан көрінеді.

Көркем мәтін мазмұнының тереңдігі және психологиялық, философиялық көпқабатты болып келуі және оның көркем шығарма болумен қатар, жеке автордың дүниетаным, табиғатымен бірге өрілуі оны түсіндірудің сан алуан жолдарын қалыптастырады.

Осы ерекшеліктеріне орай, аталған екі мәтін типтері құрылымы жағынан да бір-біріне ұқсамайды. Рационалды, яки байыпты ойлауға құрылған мәтіндер шынайы өмірдің шындығын тікелей сипаттауға құрылса, эмоционалды-логикалық құрылымдар шынайы өмір шындығын бейнелеуге қызмет етеді.



Көркемдік қабылдауды психологиялық тұрғыдан зерттеудің талабына сай келетін – көркем мәтінді «сатылап талдау»әдісі болып табылады. Неміс философы Н. Гартман көркем шығарманы «сатылап» талдай отыра, онда тілдік құрылым қабатын, кейіпкердің іс – әрекеті қабатын, характерлер қабатын және идеялық мазмұн қабатын көрсетеді. Поляк эстетигі Р.Ингарден де поэтикалық шығарманы сөздің дыбысталу қабатынан, сөздердің көптекістегі беретін мағынасы қабатынан, заттық қабаттан (шығармадығы көрсетілген заттық болмыс), «көріністер қабатынан», көркем мәтіндегі астарлы ой және сезімдік – элюционалдық көріністер қабатынан тұратынын көрсеткен. «Сатылап талдау» кезінде көркем шығарма көп сатылы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Жалпылай келе, көркем мәтіннің мынадай қабаттарын көрсетуге болады: 1) Табиғи тіл қабаты; 2) Суреттелетін фактілер қабаты; 3) Идеялық – мазмұндық қабат. Соңғы қабаттың ішіне автордың тарихи, дүниетанымдық, адамгершілік позициясы және қоршаған ортаны түсіну, сезіну ерекшелігі кіреді. Тәжірибесі аз немесе эстетикалық жағынан қалыптаспаған оқырмандар жалпы мазмұнның кейбір ғана қабаттарын алады да басқа – жоғарғы сатылы қабаттарға үңілмейді. Мұндай оқырмандардың қиялы мен елестету қабілеті жақсы дамыған болса, олар шығармадағы фактілер қабатын (кейіпкерлердің іс – әрекеттері, оларды байланыстырушы өмірлік қарым қатынастар мен сезімдер, т.с.с.) өте жақсы құрай алады. «Ассоциация қорының» молдығы және мазмұндылығы оқырманның өмір тәжірибесіне, жоғары мәдени дәрежесіне, гуманитарлық мәселелерге қызығушылығына және әр түрлі жазушылар шығармашылығындағы идеялық – көкемдік концепцияларынан хабардар болуына байланысты. Көркем мәтін дегеніміз – күрделі жүйе. Идеялық мазмұн жүйенің ең жоғарғы сатысы бола тұра, ол осы жүйенің әр сатысынан көрініс табады. Дегенмен, көкем шығарманың ең жоғарғы сатысын қабылдау кейде қиынға түседі. Автордың ұстанымын қабылдау фактілері қабатын түсінуден (мысалы, кейіпкерлердің қылықтарының, іс – әрекеттерінің мәнін түсіну) кейін оңайырақ та, стилистикалық, тілдік ерекшеліктерін түсінуден кейін қабылдау қиынырақ болып табылады. Соңғы кезде көркем мәтіннің құрылымы туралы эстетикалық түсініктер семиотика саласының бірқатар ұғымдарымен толыға түсті. Көркем шығарма тілін туынды, яғни негізгі емес модельдік жүйе ретінде қарастыру – эстетикалық қабылдау психологиясы үшін өнімді тәсіл. Көркем бейне – нақтылық пен жалпылықтың бірлігі. Дегенмен, адекватты эстетикалық қабылдау үшін тек мәтіннің негізінде нақты бейнелердің тууы жеткіліксіз. Олар оқырман түсінігінде көркемдік – идеялық мазмұнның бір қыры ретінде қалыптасуы қажет. Оқырман үшін ең қиыны – осы. Егер шығармадағы суреттелетін болмысты қабылдау оқырманда кейіпкермен бірге ойланып – сезінуді, оның бейнесі мен өз ойының үндесуі сезімін тудырса, оқырман мұны шығарманың идеялық мазмұны ретінде қабылдайды. Сондай – ақ туындының көркемділігінің көрсеткіші ретінде оқырмандардың көбі «жазылған дүниені түсінуді» санайды. Бірақ мұндай жағдайда шығарманың идеялық мазмұны оқырман үшін белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан, эстетикалық қабылдау үшін бейнеленген нәрсені айқын елестете алу жеткіліксіз. Осындай елестету әрқашан көркем елестету, яғни эстетикалық құндылықты көрсететін образдық жалпылау бола алмайды. Яғни, эстетикалық қабылдау үшін көркем шығармадағы құбылыстарды, болмысты елестету жеткіліксіз. Бұл – көркемдік елестету, көркемдік сезіну болуы тиіс. Яғни көркем мәтін қабаттарын ой желісінен өткізу үшін «өзіңде барды өзгеге ұсыну, өзгенің өнегесін бойға дарыту» ұстанымын дұрыс ұғынған жөн.

Көркем мәтіндегі ассоциативтік байланыстар әр жазушыда, ақында әр түрлі бейне туғызады. Көркем мәтін үшін заттық-ұғымдық түсініктердің өзі емес, заттың санадағы, қиялдағы көркем бейнесі маңызды.

Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Р. Сыздықова мен Б. Шалабай еңбектерінде де жан-жақты сараланған. Ғалымдар көркем мәтінді тілдік талдаудың жолы мен жүйесін айқындап, көркем мәтінді тілдік талдаудың грамматикалық талдаудан өзгеше екеніне басты мән береді. Шығармадағы экспрессивті-эмоционалдық жүк көтеріп тұрған сөздер, сөз оралым- дардың мағынасы, интонациясы, автордың сөз қолдану ерекшелігі ерекше ескерілуі қажет екенін айтады [11, 8].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет