Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет10/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

2. Тәрбиелік міндеттері, сурдопедагогиканың тәрбиелік міндеттері, есту қабілеті зақымдалған балалардың жалпы және жеке қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.

Сурдопедагогиканың негізгі тәрбиелік міндеттерінің ішінен келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:

  • есту қабілеті зақымдалған балалардың тұлғасының жан-жақты дамуы;

  • есту қабілеті зақымдалған балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасау, еститін адамдармен қарым-қатынас және бірге іс-әрекет жасауына дайындау, мәдени өмірге белсене қатысу;

  • этикалық ұғымдармен және принциптермен таныстыру процесінде адамгершілік сананы тәрбиелеу, жауапкершілікті нығайтуға тәрбиелеу;

  • есту қабілеті шектелген оқушылардың дене дамуына, жеке гигиена дағдыларын бекітуге, салауатты өмір сүруге, еңбексүйгіштікке, өзіндікке мінез-құлқын, өзін-өзі бақылау қабілеттіліктеріне тәрбиелеу;

  • естімейтін баланың гармониялық дамуы, басқа адамдарменен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету.

Сурдопедагогиканың практикалық міндеттер санына тек, білім беру және тәрбие беру міндеттері ғана кіріп қоймай, сонымен қатар коррекциялық-дамытушылық деп аталатын арнайы міндеттері бар. Арнайы міндеттері сурдопедагогиканың ерекше тәсілдерімен байланысты. Арнайы міндеттер, есту қабілетін жоғалту салдарын болдырмауға көмектеседі, естімейтін балалардың білім алуында жалпы бағытталу міндеттерінің орындалуын жеңілдетеді.

Сурдопедагогикалық жұмыстарда келесі арнайы міндеттер орындалады:

  • естуінің зақымдалуының құрылымын, сөйлеу тілінің даму деңгейі бойынша, естімейтін балалардың дифференцияциясы, есту қабілетін жоғалтудың уақытына және деңгейіне, естіп қабылдау қиыншылықтары бар әр бала үшін, білім берудің оптималді түрлерін анықтау, сурдопедагогикалық көмек берудің жекеленуі;

  • есту қабілеті жетіспейтін индивидтің өмір іс-әрекетін қалыптастыру, оның психикалық және әлеуметтік дамуының ауытқушылықтарын жеңу, ауызша сөйлеу тілін қабылдау және түсіну дағдыларын жетілдіру;

  • есту қабілеті төмендеген балалардың компенсаторлық мүмкіншіліктерін, оларға арнайы білім беру мекемелерін құру, оқу және практикалық іс-әрекет процесінде организмнің сақталған функцияларының мобилизациясын белсендендіру;

  • әлеуметтік қоршаған ортада естімейтін адамның зақымдалған байланыстарын қайта құру, еңбек қабілеттіліктерінің және жеке ерекшеліктерін есепке алып, еңбек реабилитациясының орындалуы, барлық есту қабілеті зақымдалған барлық жас тобындағы тұлғаларға барлығына бірдей ашық білім беру ортасын ұйымдастыру;

  • естімейтін және нашар еститін балалармен сауықтыру жұмыстарын өткізу, оларда дамудың екіншілік зақымдануының пайда болуын алдына алу, арнайы оқу мекемелерінде психологиялық климат құру, естімейтін оқушыларды өзін-өзі коррекциялауға бағытталған, тұрақты жұмысқа үйрету.

Сурдопедагогикалық практиканың талдауын қарастыратын, есту қабілеті зақымдалған оқушыларды оқыту және тәрбиелеу материалдарын жалпылауды қарастыратын негізгі топты теоретикалық міндеттер құрайды.

Сурдопедагогикада келесі теоретикалық міндеттердің түрлері анықталады:

  • естімейтін және нашар еститін балалардың ерекшеліктерін және заңдылықтарын зерттеу, естімейтін әр түрлі жастағы балалардың сөйлеу тілі және басқа психикалық функцияларды, ойлауының даму ерекшеліктерін көрсету, есту қабілетінің зақымдану салдарын ашып көрсету, осы бұзылыстардың дифференциалды диагностика ықпалдарын анықтау, есту қабілеті зақымдалған оқушылардың классификациясының құрылуы және анықталуын зерттеу;

  • есту қабілеті зақымдалған оқушылардың білім алуының мазмұнын және принциптерін, концепциясын құру, олардың білім алуын және тәрбиеленуінің ұйымдастырылу формасын жетілдіру, сурдопедагогикалық жұмыстың адекватты білім беру технологиясын құру, соның ішінде арнайы әдістер мен тәсілдер;

  • жалпы және арнайы педагогиканың түсінікті-категориялық аппаратының құрамының өзгеруін есепке ала отырып, сурдопедагогикалық терминологияларды жаңарту, гумманитарлық және жаратылыс ғылымдарымен пән аралық байланысты кеңейту негізінде, дефектологияның аралас салаларымен байланысын нығайту;

  • есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім берудің тарихи талдануы, есту қабілеті зақымдалған балаларға әр түрлі білім беру жүйесінің компаративті зерттеулерді өткізу, сурдопедагогиканың даму тарихының тенденцияларын көрсету, есту қабілеті зақымдалған адамдарға коррекциялық-педагогикалық жүйенің көмегін білім берудің дәстүрлі және альтернативті ықпалдарын есепке алып жетілдіру;

  • есту қабілеті зақымдалған балалардың білім алу сапасын бақылауын жетілдіру, оның нәтижелі түрде жоғарлату жолдарын анықтау, сурдопедагог кадрларын дайындау белсендіру, сурдопедагогикалық іс-әрекеттің гумманизацияландыруын қамтамасыз ету, есту қабілеті зақымдалған балалардың және адамдардың қазіргі әлеуметтік-мәдени шараларға сәйкес білім бағдарламаларын құру;

  • Білім беру мақсаты педагогикалық тәсілдерменен тығыз байланысты. Оқу процесінде мақсат және тәсілдердің өзара байланысын көрсете, М.Н.Скаткин «сабақтың педагогикалық мақсаттарының және міндеттерінің жан-жақтылығы көп түрлі тәсілдерді қолдануды талап етеді». Сурдопедагогиканың мақсат және міндеттері коррекциялық-педагогикалық жұмыстың әр түрлі әдіс және түрлерімен, әр түрлі тәсілдердің көмегімен орындалуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   146




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет