Мазмұны І. Кіріспе Ш. Айтматов шығармашылығы 2 ІІ. Негізгі бөлім


«Жанпида» романындағы мораль, дін мәселелері



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі152 Kb.
#92819
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дип.-Ш.Айтматов-шығармашылығы
Азоналды топырақ, Дип.-Ш.Айтматов-шығармашылығы
2.2. «Жанпида» романындағы мораль, дін мәселелері
Біз бұдан жазушының романды жазбас бұрын өз міндетін әбден анықтап алғанын көреміз. Мәселен, оның кітабына Мұхаммед пайғамбар азап тартып төртпақталып өлмегені үшін негізгі кейіпкер бола алмайды екен. Оған қарағанда Иса пайғамбардың тарихы арқылы жазушы бүгінгі кісі-қараларға үлгі-өнеге бола аларлық, нұсқалы соз айта алады-мыс. Бұған Мұхаммед пайғамбардың өмірі де, өнегесі де жарамайды-мыс. Оның үстіне мына сөзіне қарағанда, Ш.Айтматов өзінің наным-сенімі тұрғысынан емес, тек қана шығу тегі, қырғыз екендігі жағынан ғана мұсылман үмбетіне жатады, ал шын мәнінде ол құдайға сенбейтін атеист кісі. Қазақша айтқанда, ол екі дінге де жатпайтын битарап жан, бірақ оған исламнан гөрі христшілдік (Иса тортпақталып өлгендіктен!) өте жақын. Бұл жерде де жазушыны бар шынын айтып отыр деуге болмайды. Егер М.Булгаков Иса-Иешуа емес, Мұхаммед туралы жазса немесе С.Рушдидің "Эзәзілдің ән-жыры" дейтін романы орыс тілінде жазыла қалса, сөз жоқ, Ш.Айтматов 180°-қа айналып шыға келер еді. Бұл жердегі гәп жазушының әлдеқашан-ақ "кітабилыққа" ұрынып, тың, тосын тақырып таба алмай, бұрыннан бар жәйтті "шаң-тозаңын" қағып, тағы да бір "жаңалап" алсам, көрсетсем деген талабында ғана. Егер де ол бүгіндері жаппай христ дініне кіріп, шіркеуде қосылып ән салып жатқан қырғыз халқы туралы жазса, бұлайша күдік келтірмеуге де болар еді. Бірақ ол дьяконның баласы туралы кітап жазып отыр. Және де оны көптен бері "ұлттар мен ұлыстардың" мекен-жайына, бақ-талайын сынарлық "лабораториясына" айналған қасқа қазақтың кең даласына әкеп "сынап байқайды".


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет