Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет5/28
Дата06.02.2022
өлшемі3,25 Mb.
#38417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Жер ресурстары

Қызылорда облысының жалпы жер қоры 24035,9 мың гектарды құрайды. Олардың ішінен 2205,4 га Қарағанды облысы ұзақ мерзімді пайдалануға берген, 771,4 мың га жерді Байқоңыр кешені үшін және Арал ауданының аумағында Сарышаған сынақ полигоны үшін Ресей Федерациясынан жалға алынған. Жалпы жер қорының құрамында 12947,9 мың га – ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлер, немесе облыстың жалпы жер ауданының 13,5%-ы. Қызылорда облысының топырақ- өсімдік жабыны шөл дала аймағына жатады. Суару жүйесін қосқанда, жердің жалпы ауданынан Сардария өз. жайылмасында - 25%, жартылай шөл дала аймағында- 20%, шөл дала аймағында 55% орналасқан. Жылулық және күндік ресурстар бойынша Қызылорда облысының жағдайдары көптеген дақылдарды өсіру үшін қолайлы, бірақ жауын- шашынның аз болуы салдарынан жер игеру тек суаруға негізделеді.


Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м.)
облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі;
оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан;
батысында – Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар.
Сырдарияның сол жақ жағалауында – Жаңадария мен Қуаңдария өзендірінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде – құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін).
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; Для защиты от паводков вдоль берегов реки построены дамбы; в 1956 на реке Сырдарья сооружена Кзыл-Ординская плотина; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді.
Жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар (Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т,б.); Көпек және Терескен көлдерінде — емдік қасиетке ие батпақтары бар. Қызылорда облысының шегінде солтүстік-шығысында Сарысу өзенінің сағасы кіреді.
Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан; яғни қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз өсімдіктер сорты; құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғылдар, теріскен, бұйырғандар, жусандармен бекіген.
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады.



Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет