Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыстың халқымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі алатын орнын ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының басты мынандай міндеттер қойылып отыр:
Жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа қазақ қоғамының тартылу себебін анықтау:
Бүкілресейлік мұсылман съездерінің өткізілуі және жеке мұсылман партиясы мен парламенттік фракциясының құрылуы секілді тарихи құбылыстардың мәнін түсіндіру;
Мемлекеттік думалардағы фракциясының қызметіне шолу жасау арқылы оның қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік мәселелерін көтерудегі ролін көрсету;