Мазмұны. Кіріспе. I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері



бет5/22
Дата01.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#148573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
«іе» суффиксі қысқарған сөз ретінде де кездеседі. Мысалы; «yuppie» -«young urban professional», яғни «уир» қысқартылған сөзіне іе суффиксі жалғанып «жас маман» мағынасында келеді. Адамның сапасын, мамандығын білдіретін қызметі ретінде бұл суффиксі мына мысалды да көрсетуге болады, «smart cookie» - «ақылды қабілетті адам». Сөйлемде бұл сөз былай келуі мүмкін.
Peter does really well in school, he is a smart cookie. [A.S., 233 6]
«Питр мектепте өте жақсы оқиды, ол өте қабілетті бала».
Сленгтің басқа тілден енген суффикстері арқылы жасалуы. Ағылшын сленг сөздерінде басқа тілден енген суффикстер көптен кездеседі. Олар сленг сөздерін түрлендіріп оның қолданыс аясын кеңейтіп және сөздік қорды молайтуға өздерінің үлкен үлестерін қосады. Біз бұл бөлімде сленг сөздерінде кездесетін француз, латын, грек, испан, итальян тағы басқа тілден енген суффикстерді қарастырамыз. Біз бұл суффикстердің барлығын зерттей отырып сленгтің ең көп француз тілінен енген суффикстерімен жасалатындығын байқадық. Сонымен сленг Француз тілінен енген төмендегі суффикстері бойынша жасалады: «ее», «ese», «ville», «age» тағы басқа «ее» суффиксі зат есім ретінде қолданылып, көбінесе іс-әрекеттің объектісі не субъектісі ретінде қолданылады. Мысалы: «kissie « -стандартты тілде «kiss « -«сүю» яғни етістік ретінде келеді ал оған «ее» суффиксі жалғанса сленг ретінде, бетін сүйгізетін адам мағынасын иеленеді; сол сияқты «deceivee» - «deceive» стандартты тілде «алдау», етістік ретінде келеді, енді бұл сөзде «ее» суффиксі жалғанса «алданылатын адам» яғни ырықсыз етіспен келіп, сөздің семантикалық мағынасын өзгергенін байқаймыз; «telephonee» -«telephone» - баршамыз белгілі телефон яғни зат есім ретінде қолданылады, «ее» суффиксі жалғанса «телефон шалатын немесе телефон көтеретін адам» мағынасына ауысады; «meetee» - «meet» - кездесу болса «ее» суффиксы жалғанғандықтан «жиналыс» мағынасын иеленеді; «Flunk» «емтиханнан құлау» ал «flunkee» - «емтиханнан құлаған студентті» айтады. Жоғарыда көрсетілген мысалдардан байқағанымыз сленгтің мағынасына алғашқы түпкірігі стандартты тілдегі сөзбен мағыналас екендігін, тіпті сол стандартты тілдегі сөздің өзінен шығып, тек іс-әрекеттің объектісі ретінде мағынасының өзгеруін байқадық. Алайда бұл суффикспен жасалатын сленг сөздерінің барлығы түбірін стандартты тілдегі сөздерден бермейді. Бұған дәлел ретінде мына мысалдарды ұсынудан жөн көрдік. Мысалы: «етсее» - «жүргізуші» -(тамада) «peewee» - «кішкентай бала немесе бойы кішкентай адам» мағынасын береді.
«ее» суффиксімен тіркескен сленг сөздеріне мынадай мысалдар келтіруге болады:
Some meetings should be mercifully brief. A good way to handle the latter is to hold the meeting with everybody standing up. The meetees won't believe you at first. Then they get very uncomfortable and can hardly wait to get the meeting over with. [Times]
«Кейбір жиналыстар қысқа болуы абзал. Бұған жететін жақсы бір жол - жиналысты тұрып өткізу. Жиналысқа келгендер басында сізге сенбеуі мүмкін. Кейін олар өздерінің ыңғайын таппай, жиналыстың аяғына дейін қалуы екіталай болуы мүмкін».
Hardly any of the summer students are flunkees trying to catch up [Times].
«Жазғы сессиясының емтиханнынан құлап, группаластарын қуып жетуге тырысып жүрген студенттердің болуы екіталай».
Peter said that he was going to be the emcee at Uncle's party.
«Питр өзін көкесінің кешінде жүргізуші болайын дегенін айтты».
George told the peewee to get out of his way. [A.S, 178]
«Джордж кішкентай балаға оның жолынан ары тұруын айтты».
Peewee Reice was a famous baseball player, [the same 178]
«Кішкентай бойлы Рейс атақты баскетбол ойыншысы болған».
Келесі қарастырылатын Француз тілінен шыққан «ese» суффиксі стандартты және стандарттан тысқары лексикалық бірліктерде де қолданыла береді. Алайда тілдің бұл екі бөлігінде де бұл суффикске бірдей мағынаны бермейді. Олардың арасындағы айырмашылық төмендегідей. Ағылшын әдеби тілінде «ese» суффиксі сын есім не зат есім сөз табында келіп, адамның ұлтын, тілін білдіреді. Ал сленг ретінде бұл суффикске адамның не бір қоғамның сөйлеу манерасын, жазу стилін, мамандығын білдіріп, көбіне ұнатпағандықты және жақтыртпағандықты білдіреді. Мысалы: «Pentagonese» - «Пентагондықтардың тілі»; «journalese» «газеттің тілі» «scientese» «ғылыми стиль» «novelese» «көркем-әдеби тіл», «Madison Avenuese» «Амарикандықтардың жарнамасының және де БАҚ-ның тілі» «translator ese» «жаттыққан аудармашылардың тілі» «junglese» «қаңғыбастардың тілі» және тағы басқалар.
Француз тілінің зат есімі ретінде «ville» - қала дегенді білдіреді, ал ағылшын әдеби тілінде (американ вариатында) қала аттарынан, адамның тегінен кейін жалғанатын тіркес ретінде қосарланып келеді. Мысалы: «Louisville», «Nashville», «Jorkville», «Derbyville» және тағы сол сияқты. Ал сленг ретінде бұл суффиксі әңгімелесушінің белгілі бір жерге деген көзқарасын білдіртеді, ол жердің қандай екенін айқындайды және көбіне сынаушылық сипатта болады. Мысалы: «Dullsville» - деген сөзінде «dull» -дың өзі сын есім, іш пыстырарлық, жалықтырарлық деген мағынаны береді енді оған «ville» - суффиксі жалғанса ол «зеріктіретін жер» деген мағынаға ауысады. Осы сөздің синонимі ретінде «nowheresville» деген сөзін келтіруге болады. Мұнда «nowhere» - «ешқайда», «еш жерде» деген мағынада да «ville» - жалғанған кезде «қыдырып баратын жері жоқ, зеріктіретін жер» деп өзгереді; «Nadaville» - сөзінде «nada» - аспан тілінен «nothing» - яғни ештеңе дегенді білдіреді де, «nadaville» - болып «бос жер», «қызығы жоқ жер» мағынасын береді; «sleepsville» - «ұйқыдағы қала» «dreamsville» -армандағы қала».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет