Мазмұны кіріспе коммерциялық банктердің депозит саясаты депозит және депозит саясаты туралы жалпы түсінік Депозит түрлері елімізде депозит нарығының даму тарихы



бет7/8
Дата13.07.2020
өлшемі127 Kb.
#75149
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовая депозит
Курсовая депозит
ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жұмысымызда коммерциялық банктердің депозит және салымдар бойынша жүргізіп отырған саясатына тоқталдық. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты – Қазақстан Республикасы заңына сәйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайда-лану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету болып табылады. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және тұтынушыға қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді.

Қазіргі кезде банктердің тұтынушыларға ұсынып отырған салым мен депозит түрлері де әр түрлі. Кейбір коммерциялық банктер тұтынушылардың бос қаражаттарын депозиттерге тарту мақсатында салымдар бойынша тұрақты ұтыс ойындары өткізіп, сыйлыққа жеңіл автокөліктер тіпті қала орталығынан пәтер де ұсынып келеді. Баспасөз ақпарат құралдары арқылы жасап отырған жарнамаларының да мәні зор. Әсіресе, салым бойынша өткізілген ұтыс ойындарының жеңімпазын көрсетуі жарнаманы әсерлендіріп жібереді.

Депозит нарығында валютаның бағамдылығын жоғалтпау мақсатында есеп шоты 3 валютада (теңге, доллар,еуро) қатар жүргізіліп отыратын депозит түрі де пайда болды. Депозитке төленетін пайыз мөлшерлемесі мен сол банктің тұтынушыларға ұсынатын несие пайыз мөлшерлемесі ара қатынасы төмендеп келеді. Сайып келгенде бұның барлығы тұтынушылардың бос қаражаттарын депозитке тарту бойынша банктердің жүзеге асырып отырған саясаттарының жемісі болып табылады.

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Ал бұның нәтижесі ретінде нарықтық қордағы банктер арасындағы бәсекелестік күшейетінін күтуге болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет