Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу


Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу



бет7/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
1 Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу
1.1 Палуанның дене сапаларын жаттығу бойынша арттыру

Күресте дене сапаларының дамыту жолдары күрес спорт сабақтарында жүзеге асырылады. Яғни ол мектептерде сыныптан тыс күрес секцияларында, ал жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі сабақтарында кең дамытылады.


Палуанның спорттық шеберлігінің артуының күрес әдіс-айласын меңгерту жолдары: түрегеліп тұрып күресу, партерде күресу, жатып күресу, ұстап жату, қылқындыру, қол-аяғын созу т.б. әдіс айлалар жатқызылады.
Күрес әдіс-айласын орындау кезіндегі негізгі, шешуші қимылдар: аяқпен шалу, ілу, арқадан асыра лақтыру, «жамбас», кеудеден асыра лақтыру, т.б. әдістерде шешуші қимыл түрлері және осы әдістерді орындаудың әртүрлі варианттары бар. Ұстап жату, қол аяқты созу, қылқындыру әдістерін орындау ерекшеліктері. Күрделі және қарапайым әдістер. Әдістердің бір-бірімен биомеханикалық орындалу ерекшеліктері. Тіреу нүктесі, тіреу алаңы. Палуанның жалпы салмақ орталығы, оның әдіс орындау кезінде кеңістекте өзгеруі. Тепе-теңдікті сақтау. Сыртқы және ішкі күштер. Салмақтың түсу нүктелері. Аудару, аунау, сүйреу. Бұлшық ет күші оның бағыты мен мөлшерінің әдіс орындау кезіндегі өзгеруі кең байқалады.
Күрес спорт түрінде жаттығуға оқыту әдістемесі қажетті мақсаттардың жүйелілігін анықтап, оқытудың әдістемелері: айту-хабарлау-көрсету, проблемалық оқыту, жоспарлау негіздерін құрады [27].
Оқыту құралдары: қалыптасқан қарапайым техниканы қолдану арқылы.
Үйретудің әдістемесі – толығымен, бөлімдерге бөліп. Қателіктерді анықтау және түзету жолдары арқылы жүзеге асырылады. Күрес жаттығуларын оқыту кезінде тренажерлерды қолдану, әдістер таңдаудың жолдары, ерекшеліктері, биомеханика тұрғысынан талдау (тіреу нүктесі, тіреу алаңы, олардың әдіс орындау кезіндегі өзгеруі және т.б.), тепе-теңдіктен шығару жолдары (шалу, қағу, ілу, өңгеру т.б. әдістер арқылы), партерде және жатып күресу кезіндегі тепе- теңдік қимылдары және созу жаншу және ұстап жату жағдайларынан шығу жолдары кең қолданылады.
Күрес тәсілдеріне үйрету жолдары:
- қарсыласты кілемнен көтеру арқылы орындалатын әдістер түрі, оны орындаудың ерекшеліктері.
- түрегеліп және партерде тұрған палуанның тепе-теңдігін бұзу арқылы, әдіс орындау. Денеден, киімнен ұстау арқылы иін заңдылығын іске асыру жолдары.
- тіреу алаңы, және салмақтың түсу нүктелерін анықтау, шалу, ілу, қағу, жамбас, иықтан асыра лақтыру партерде және ұстап жату әдістерін орындау кезінде анықтау.
- түрегеліп тұрғанда партерде немесе жатып күрескенде денеден немесе киімнен ұстаған жерден құтылу әдістері.
Палуан дайындығын анықтау жолдары:
- палуан туралы хабар жинау, сұрау, бақылау, баспа материалдарын зарттеу, бейне таспа түсіру. Жарыстарды қадағалау т.б.
- палуанның жеке басы – оның жасы, спорттық разряды, спорттық көрсеткіштері, дене бітімі ерекшелігі, тегі, ұлты, дене дайындығы ерекшелігі, күресу ерекшелігі, әдіс-айланы меңгеру деңгейі, сүйікті әдіс- айлалар түрі, қорғаныс ерекшелігі, күресті жүргізу тәсілі ерекшедігі.
- мінезінің ерекшелігі, жүйке жүйесінің ерекшелігі.
- палуанның психологиялық дайындығы. Күш-жігер, мінез-құлықтың ерекшеліктері. Батылдық, жігерлік т.б. қасиеттерді арттыру жолдары. Жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Эмоция, оның күрес әсері.
Ұжымдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік т.б. қасиеттердің күреске әсері.
Батылдық, жігерлік қасиетті арттыру үшін қолданылатын жаттығулар түрлері.
Тәртіптілік пен жауапкершілікке әсер ететін жаттығулар.
Ұжымдық тәртіпке қажетті жаттығулар. Белгілі бір уақытта орындап үлгеруге қажетті жаттығулар.
Дене сапаларын күрес спорт түрі бойынша арттыру негізі. Күрес спорт түрлерінде күштілікті арттыру [28].
Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.
Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда болады:

  1. Жеңу тәртібінде бұлшық ет жиырылады.

  2. Көну тәртібінде бұлшық ет созылады.

  3. Қозғалмайтын (статастикалық) тәртіпте бұлшық еттің ұзындығы өзгермейді.

Күштілікке тәрбиелеу жаттығулары. Күшті дамытудың амалдары мен әдістері. Күшті дамыту үшін жоғары қарсылықты жаттығулары колданылады. Олар екі топқа бөлінеді: 1.Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт құралдарының салмағы, серігінің қарсы әрекеті сыртқы ортаның қарсылығы жатады. 2. Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (серіппеде тартылу, отырып-тұру, секіру т.б.).
Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш (жүктеме) өте көп болмауы керек. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет-қабілеттерін дамытудың негізі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отырған қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдылық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайларда төзімділікті арттыратын жаттығулардың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төмендегідей түрлерін орындау керек:
а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа етпеттен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет;
ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оның үстінде отырған оқушыларымен бірге көтеріп алып жүру), серіппелі спорт құралдарымен, батпан (гантель) көтерумен (алдымен салмағы 1-2 кг- дық, кейін 3 кг-дық батпан) жаттығу.
Күрес спорт түрлерінде жылдамдықты арттыру.
Жылдамдық дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:

  1. Қарапайым және күрделі қозғалыс жылдамдығы.

  2. Жалғыз қимыл жылдамдығы.

  3. Қимыл жиілігі.

Жылдамдықты өлшеу жолдары. Жылдамдықтың көрсеткіштері. Әдіс-айланы орындау жылдамдығы. Жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін арттыру жолдары үшін жылдамдықты дамытатын арнаулы дене жаттығулары. Бұлшық ет күшін дамыту үшін арнаулы дене жаттығуларының өте көп түрі қолданылады. Осылардың анағұрлым қолайлысы да, тартымдысы да мыналар: Белбеуді белдеріне іліп, бір орында тұрған атқарушы мен әріптес резеңке жіпті созып, аяқтарын серпе алға ұмтылады.
Старт адымы, әріптестер бірінің иығына бірі қолын тіреп, алға қарай еңкейе бір-біріне қарсы тұрады Гимнастика қабырғасын немесе ағаш дінін қолымен итеріп, бір орында жүгіру жаттығулары жатқызылады [29].
Күрес спорт түрлерінде ептілік арттыру.
Ептілікті дененің қасиеті ретінде қандайда бір күрес қозғалыс міндетін орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады. Мысалы, барынша жоғары күш жұмсау, аяқтан шалу, бір жамбасқа алу т.б. Мұндай тапсырмалар әр түрлі қимылдарда болуы мүмкін. Қозғалыс міндеттерінің күрделілігі көптеген себептермен анықталды. Көбіне бірдей уақытта бірінен соң бірі орындалған қимылдардың сәйкес келуін талап етеді (қимылдардың үйлесімділігі және талаптылығы), яғни қозғалыс қимылдарының үйлесімділік күрделілігі ептіліктің бірінші өлшеуіші болып табылады. Егер қозғалыс өзінің кеңістік, уақыт және күш сипаттамасына орай оған сай келетін болса, яғни ол дәл орындалса, қозғалыс міндеті орындалады.
Күрес спорт түрлерінде иілгіштік арттыру.
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін – иілгіштік дейміз. Иілгіштіктің өсуі буын құрылыстарына; бұлшық еттің, сіңірдің созымдылығына: көңіл-күйге (жоғары көңіл-күйде икемділік артады) бой қыздыруға; сыртқы температураға; тәулік уақытына, күш даму деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және техникасына байланысты. Сонымен, созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Икемділікі дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен рөл акарады. 20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысы қозғалыс амплудасы азаяды. Бәсең иілгіштікің кобеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас иілгіштікті жетілдірудің ең соңғы шегі. Қыз балалардың буындарындағы жылжымалылық, ер балаларға қарағанда 20 - 30 % көп, сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады.
Күрес спорт түрлерінде төзімділікті арттыру.
Адамның жұмысты ұзақ қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ете алу уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз.
Төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Төзімділікті дамытқанда үш негізгі міндетті орындаймыз:

  1. Тыныс алу деңгейін жоғары дамыту.

  2. Сол деңгейді ұзақ уақыт ұстау қабілеттілігін дамыту.

  3. Тыныс алу процестерін тез өрістетуді жоғары шамаға көтеру.

Қалыпты күшпен ұзақ уақыт орындалған циклді (жүгіру, ескек есу т.б.) және циклді (күрестегі лақтырулар т.б.) жаттығулар тыныс, жүрек-қан тамыры жүйелерінің өнімділігін арттырады, төзімділікті дамыту амалдары табылады, Төзімділікті дамыту үшін стандартты, үздіксіз және интервалды күш түсіру мен қатаң уақыт тәртібі жаттығулары қолданылады [30].
Стандартты үздіксіз жаттығулар әдісі. Жаттығуды орындау уақыты 10-нан 30 минөтке дейін, жүрек соғу жиілігі жұмыс кезінде минөтіне 150-170 рет. Осындай жаттығуларды орындау тәртібі жүректің соғу шамасын, тыныс алу деңгейін көтеруге көмектеседі. Бұл әдіс төзімділікті дамытудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады. Интервалды жаттығу әдісі. Бұл жаттықтыруды жүргізу, жүрек қызметінің мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған.
Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделілеу жаттығулар пайдаланылады. Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп-жазу, онша ауыр емес заттырды көтеру [31].
Дене тәрбиесінде пайданылатын жаттығулар адам организімне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді. Бұл әсер өте күрделі және әр түрлі болады, әрі ол оқушы денесінің барлық мүшелерін қамтиды. Адам денесінің барлық мүшелері өзара байланысты болғандықтан және сабақта әр түрлі жаттығулар өте көп қолданылатындықтан, организм жұмысқа тұтастай қатысады.
Денеге түсетін күшті (жүктемені) жаттығудан жаттығуға бірте-бірте өсіре берген жөн. Денедегі түсетін күшті, яғни жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйелі және дәйекті болуын мейілінше дұрыс сақтауы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажетті күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік т.б. қасиет-қабілеттерінің қалыптасуына белсенді түрда әсер етеді.
Денсаулықты нығайтуда, оқушылар организмінің жетілу, даму дәрежесін өсіруде жалпы дамыту жаттығуларының алатын орны ерекше. Жалпы дамыту жаттығулары әдетте дене тәрбиесі сабағының кіріспе бөлімінде, аз мөлшерде болса да, дене шынықтыру үзілістерінде, сабақ арасындағы үзілістер мен таңертеңгі гимнастикада т.б. реттерде қолданылады.12-13 жастағы балаларға лайықты жалпы дамыту жаттығуларының үлгісі мен жаттығулар тобы оқулықтың «Гимнастика» тарауында беріледі. Сол жаттығуларды өз беттеріңмен жаттыққанда, таңертеңгі гимнастикада пайдалануларыңа болады.
Дене сапаларын жетілдірудің негізгі мақсаты- дененің дамып-жетілуіне көмектесу, денсаулықты нығайту. Бұл маңызды міндеттерді жүзеге асыру төмендегі жағдайлардың орындалуын қажет етеді.
1. Оқушылардың сабақтағы қимыл-қозғалыс қызмет организмнің өсуі мен дамыуына көптеген тигізетіндей болуы қажет. Алайда, организмге шамадан тыс күш түсірілумеуі керек. Себебі үдемелі және ұзаққа созылатын, шамадан тыс күш жұмсауды қажет ететін жұмыс баланың дамуымен өсуін тежейді.
2. Сабақта және жаттығулар орындау кезінде қолданылатын дене жаттығулары адам организміне жан-жақты әсер ету керек, яғни тірек апараттарының дамуына, мүсіннің қалыптасуына, нерв жүйесін нығайтуға, өсіп келе жатқан организмнің тиісті қажеттіліктеріне сәйкес зат алмасуының жақсаруына көмектесуі қажет.
3. Оқулықта көрсетілген жаттығулардан тыс жалпы дамыту жаттығуларын таңдап, іріктегенде олар жас шамаларына, дұрыс өсіп-жетілулеріңе сәйкес келетін және жағымды әсер ететін болуын ескерген жөн.
Дұрыс іріктеп алынған дене жаттығулары, оларды жүйелі түрде пайдалану денсаулықты нығайтады, дененің дамуына көмектеседі [32].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет