Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско


Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы Кафедра общественного здравоохранения жалпы гигиена және экология курсымен с курсом общей гигиены и экологии



бет2/2
Дата18.06.2017
өлшемі431,22 Kb.
#19276
1   2

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы Кафедра общественного здравоохранения жалпы гигиена және экология курсымен с курсом общей гигиены и экологии


____________________________________________________________________________________


СИЛЛАБУС

(студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы)

Кафедра: қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы жалпы гигиена және экология курсымен


Жалпы гигиена – OG 2215 – пәні бойынша
5В 130200 – «Тіс емдеу» мамандығы үшін
Оқу сағаттарының көлемі ( 1 кредит): 45 сағат
Курс 2

Семестр 4




Алматы, 2015

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1. ЖОО аты: Қазақстан –Ресей медицина университеті
1.2 Кафедра: қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы жалпы гигиена және экология курсымен

1.3 Пән : Жалпы гигиена – OG 2215
1.4 Мамандығы: 5В 130200 – «Тіс емдеу»
1.5 Оқу сағаттарының көлемі ( 1 кредит): 45 сағат
1.6 Оқытудың курсы және семестрі: – 2 курс

4 семестр -«Тіс емдеу»



1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер



Тегі, аты-жөні

Ғылыми дәрежесі

Атқаратын қызметі

Ғылыми еңбектері

Оқитын курсы

1.

Рысқұлова А.Р.

м.ғ.к.

Кафедра меңгерушісі,

доцент


Гигиена және экологияның өзекті мәселелері. Арал өңірінің қоршаған орта экологиясы

Жалпы гигиена

2

Мирманова Р.Р.

-

Асс.

-

Жалпы гигиена

3

Тойболдин О.Б.

-

Асс.

-

Жалпы гигиена

4

Строева А.А.

-

Асс.

-

Жалпы гигиена


1.8 Байланыс ақпараттары: кафедраның орналасқан жері Төрекулова 71.

1.9 Мамандықтың саясаты:

студент кафедраның талаптарын орындау керек:

  • Сабаққа кешікпеу керек:

  • сабаққа және дәріске тек қана ақ халатпен жіберіледі;

  • себепсіз себептермен сабаққа кіргізілмейді

  • жіберілген сабақтарды оқытушымен белгіленген белгілі уақытта тапсыру;

  • оқу үрдістерінде белесенді қатысу;

  • машықтану сабақтарының барлық тапсырмаларын талаптарға сәйкес көркемделіп және орындалу керек;

  • СӨЖ бойынша тапсырмалар жеткілікті дәрежеде орындалып және оларды бекітілген мерзімде тапсыру;

  • Барлық аралық бақылауды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.


2. БАҒДАРЛАМА:

2.1 Кіріспе. Гигиена – медицинадағы аурудың алдын алу жөніндегі негізгі ғылым. Гигиенаның мақсаты – жеке бас адамның және ұжымға, популяцияларға, қоғамға бірлескен адамдардың да денсаулығын сақтау, нығайту және аурудың алдын алу болып табылады. Адамды қоршаған ортасын – тіршілік ортасы мен өндірістік іс-әрекет ортасын - қорғауға және сауықтыруға бағытталған, ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу жөніндегі шараларды дайындап және оны іс жүзіне енгізу арқылы гигиена өз мақсатының жүзеге асуына қол жеткізеді

Гигиенаның зерттейтін тақырыбы (нысаны) - іс жүзінде дені сау адамдар, олардың жеке басының, ұжымының, қоғамның денсаулықтары, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам ағзасына әсер ететін қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және психогендік (ақпараттық) факторлары.

Қазіргі кездегі гигиена көп салалы пән болып табылады, оның құрамына коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы, әлеуметтік гигиена, радиациялық гигиена, әскери гигиена және басқалар кіреді.
2.2 Пәнді оқытудың мақсаты: Медициналық қызметкерлерге, олардың келешектегі кәсіптік жұмыстарының барлық аспектілеріне қажетті аурудың алдын алу жөнінде ойлауын қалыптастыру.

Тек қана жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың біріншілік және екіншілік алдын алу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін ғана емес, сонымен қатар, дұрыс диагноз қою, ауруларды адекватты емдеу және қалпына келтіру, халықтың гигиеналық салауаттылығын арттыру үшін де қажетті гигиеналық білімдерінің негізін қалыптастыру.



2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. Адамның тіршілік жағдайлары мен өндірістік іс әрекетіндегі қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығы мен қоғам денсаулығына әсер ету сипаты және табиғаты жайлы түсінік беру;

  2. Аурудың алдын алу, дені сау адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиенаның білімдерін қолдану үйрету.

  3. Аурудың этиологиялық немесе қатерлі факторлары ретінде болу мүмкін қоршаған орта факторларының рөлін анықтауды және осыған сүйеніп дұрыс диагноз қоюды, дұрыс емдеуді, аурудың қайталануы мен асқынуының алдын алуды, сондай-ақ, науқастардың денсаулығын қайта қалпына келтіруді үйрету.

  4. Гигиеналық сұрақтар бойынша жаңа ақпарат табуды және оны нақтылы кәсіптік мәселелерді шешу үшін қолдануды үйрету.

  5. Халықтың гигиеналық сауаттылығын көтеру үшін гигиеналық білімді қолануды үйрету.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент білуі тиіс:

  1. Гигиенаның даму тарихын. Гигиена ғылымының негізін қалаушыларды. ҚР-н көрнекті ғалымдарын - гигиена мамандарын. Гигиеналық зерттеулердің әдістерін. Қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздерін.

  2. Ауаның гигиеналық маңызын. Ауа райы, климат және микроклимат жағдайларының, сонымен бірге атмосфералық ауаның және жабық бөлмелердегі ауасының табиғи және антропогендік химиялық және биологиялық ластануының адам ағзасына әсерімен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды.

  3. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су сапасы мен топырақтың санитарлық жағдайының рөлін және бұл аурулардың алдын алу жөніндегі гигиеналық шараларды.Қазақстанның табиғи және антропогенді биогеохимиляық провинциялары. Елді мекендерді санитарлық тазартуға бағытталған іс-шаралар негіздерін.

  4. Жеке және ұжымдық рационалды тамақтану ұйымдастырудың және оған медициналық бақылау жүргізудің гигиеналық негіздерін.

  5. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жағдайларының қоршаған орта факторларымен әрекеттесуінің гигиеналық мәселелерін. Жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салты негіздерін.

  6. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығындағы жұмыс үрдістері мен жұмыс ортасының ең көп таралған зиянды факторларының (физикалық, оның ішінде, иондаушы және иондаушы емес сәулеленулердің, химиялық, биологиялық, өндірістік шаңның) гигиеналық сипаттамасын. Өндірістегі кәсіптік патологиялардың, өндірістік жарақаттанулардың алдын алу және жалпы ауру-сырқауды төмендету жөніндегі шараларды.

  7. Елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздерін.

  8. Емдеу-алдын алу мекемелерінің орналасуына, жоспарлауына, жабдықталуына және абаттандыруына қойылатын гигиеналық талаптарды. Аурухана ішілік инфекцияларды алдын алу жөніндегі шараларды.

  9. Соғыс уақытында медициналық қызметке жүктелетін санитарлық-гигиеналық шаралардың мазмұнын, көлемі мен жүргізудің тәртібін.

Студент орындай алуы тиіс:

  1. Тұрғын және қоғамдық үйлердегі микроклимат параметрлеріне, ауа ортасының сапасына, желдетуіне, жылытуына, жарықтандыруына бақылау жүргізуді.

  2. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторының және топырақтың рөлін бағалауды және бұл аурулардың алдын алу жөнінде шаралар жүргізуді. Суды зарарсыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың дозасын есептеуді және зарарсыздандыру жүргізуді.

  3. Жеке адамның және халықтың ұйымдастырылған топтарының тамақтануының ұйымдастырылуын, құндылығын және қауіпсіздігін бағалауды және оларға медициналық бақылау жүргізуді.

  4. Кәсіптік зияндылықтардың (өндірістік шаңның, шудың, дірілдің, иондаушы және иондаушы емес сәулеленулердің) адам ағзасына әсер ету қауіпін бағалауды, қажетті алдын алу шараларын ұсынуды.

  5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дене дамуының жағдайына, күн тәртібінің және оқу-тәрбиелік үрдісінің ұйымдастырылуына, тұрған орындары мен оқыту жағдайларына медициналық бақылау жүргізуді.

  6. АІИ-ң алдын алудағы шараларды жүргізуді, аурулардың ауруханада болу жағдайына және аурухананың санитарлық режиміне бақылау жүргізуді.

  7. Әскерлерде - зертханада зерттеу үшін дайын тағам мен суға сынама алуды, тағамдық азықтарға санитарлық сараптама жүргізуді, сонымен қатар, оларға радиоактивті және уландыратын заттармен ластануы кезінде, полктың (бригаданың) медициналық кызметінің мүмкіншіліктеріне тиісті көлемде зерттеулер жүргізуді.

  8. Аурулардың, соның ішінде жұқпалы аурулардың, әскерлерде пайда болуының және таралуының қауіп-катер факторларын анықтауды және олардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды. Дала жағдайында суды зарарсыздандыруға және түссіздендіруге бақылау жүргізуді.

  9. Гигиена саласынан алған білімдерін халықтың әр түрлі контингенттеріне санитарлық ағарту жұмыс жүргізу үшін қолдануды.


2.5 Алдынғы реквизиттер: Қазақстан тарихы, философия, экология, молекулярлы биология және медициналық генетика, медициналық биофизика, биологиялық химия, неорганикалық және органикалық химия, информатика, қалыпты физиология, микробилогия.

2.5.Кейінгі реквизитттер: тіс ауруларының алдын алу, тіс протездерін даярлау технологиясы, терапевтік стоматология, ортопедиялық стоматология, хирургиялық стоматология, жас балалар стоматологиясы.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны

Келесі сұрақтарды оқу: гигиенаға кіріспе, жалпы гигиена негіздері, ауыз су және сумен қамтамасыз ету сапасын гигиеналық бағалау, атмосфералық ауа сапасын гигиеналық бағалау, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, халықтың тамақтану гигиенасы, емдеу-профилактикалық мекеме гигиенасы, тіс дәрегерлерінің еңбек гигиенасы.


2.7.Сабақтың тақырыптық жоспары: дәрістер, машықтану (семинарлық), зертханалық сабақтар және СӨЖ бойынша тапсырмалары (тақырыптар, өткізу түрлері және сағат саны).
2.7.1 Дәрістік сабақтардың тақырыптық жоспары

Рет



Дәріс тақырыптары

Сағат саны




Кредит 1




1

Кіріспе. Гигиена негізгі профилактикалық пән. Мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Гигиенаның даму тарихы

1

2

Атмосфералық ауаның гигиеналық мәселелері. Атмосфералық ауа ластануымен байланысты аурулардың алдын алу.

1

3

Су қоршаған ортаның негізгі факторы ретінде Суды пайдаланумен байланысты аурулардың, соның ішінде тіс-жақ жүйесінің ауруларының, алдын алу.

1

4

Өсіп келе жатқан балалар денсаулығына әсер ететін қоршаған орта факторлары. Гигиенаның балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтудағы мағызы.

1

5

Тамақтану денсаулық факторы ретінді. Рационалды тамақтанудың қазіргі заман аспектілері. Тамақтан улану және олардың алдын алу.

1




Барлығы

5


2.7.2. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары



Практикалық сабақтардың тақырыптары

Сағат саны

1

Таңдама әдіс. Статистикалық жиынтық, бақылау бірлігі, есептік белгілері. Статистикалық зерттеудің кезеңдері. Репрезентативті мәліметтер.

1

2

Статистикалық өлшемдер және салыстырмалы өлшемдер. Статистикалық кестелер. Статистикалық кестелерді құру ережелері. Статистикалық көрсеткіштерді графикалық бейнелеу.

1

3

Таралудың статистикалық көрсеткіштері. Таралу қатарлары. Вариациялық қатар. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамасы. Салыстырмалы жиілік және жиіліктің гистограммасы. Таралу полигоны.

1

4

Дисперсиялық талдау. Бірнеше орташалардың арасындағы айырмашылықты бағалау. Жалпы, факторлы және қалдық дисперсиялар. Бір факторлы дисперсиялық талдау.

1

5

Статистикалық гипотезаларды тексеру. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі гипотезаларды тексеру. Сенім аралықтары бойынша гипотезаларды тексеру.

1

6

Эпидемиологиялық зерттеулердегі статистикалық әдістер. Статистикалық талдау негіздерін қолданып эпедимеиологиялық көрсеткіштерді өңдеуге арналған есептерді шығару. Эпидемиологиялық көрсеткіштерді бағалау. аурушылдықты қауіп-өатер факторы бойынша талдау

1

7


Параметрлік және параметрлік емес критерийлерді қолдану. Екі дисперсияның айырмашылығын бағалау үшін Фишердің F критерий. Екі таңдаманы салыстыру: манна-Уитни критерийі. Спалы белгілерді талдау.

1

8

Сапалы және дискретті белгілері бойынша таралған популяциялардың біртектілігін тексеру. Орайластық кестелері. Орайластық кестелерін Хи-квадрат критериі бойынша талдау. Фишердің нақты критериі.

1

9

Стандарттау әдісі. Тікелей стандарттау әдісі. Тікелей емес стандарттау әдісі. Стандарттау кезеңдері.

1

10

Корреляциялық-регрессиялық талдау. регрессиялы талдаудың негізгі көрсеткіштері – регрессия коэффициенті, регрессия теңдеуі, регрессия сигмасы, регрессия шкаласы және олардың практикалық қолданылуы.

1




Барлығы

10


2.7.3.Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары

Рет №

СӨЖ тақырыптары

Орындалу түрі

Сағат саны

1-ші Кредит

1

Тіс дәрігерінің жұмыс қалпының биомеханикалық анализі.

Презентация дайындау.

2

2

Тіс техниктерінің жұмысындағы зиянды фактролар. Тіс-дәрігерінің еңбек гигиенасы.

Реферат дайындау.

2

3

Стоматологиялық рентген зерттеулеріндегі пациенттер мен медицина қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігін гигиеналық қамтамасыз ету.

Талдау жүргізу, дискуссия

2

4

Адам организмінің өміріне қамтамасыз ететін микроэлементтердің (темір, йод, селен, мырыш, марганец, фтор, кобальт) маңызы. Негізгі тамақтық заттар – организмге түсу көздері.

Графикалық бейнелеу, талдау.

1

5

Микробты этиологиялы тамақтан уланудың алдын алу.

Тапсырмалар дайындау, тапсырмаларды талдау, презентация.

1

6

Микробты емес этиолгиялы тамақтан уланудың алдын алу.

Презентация дайындау.

1

7

А, С және В топты витаминдермен адам организмінің және рационның қамтамасыз етілуін гигиеналық бағалау.

Презентация дайындау.

1

8

Стоматологиялық емханаларда аурухана ішілік инфекцияның алдын алу.

Презентация дайындау.

1

9

Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақтың құрамы және физикалық қасиеті.

Конспектілеу.

1

10

Топырақтың эпидемиологиялық маңызы. Топырақтың химиялық және радиоактивті ластануы.

Талқылау.

1

11

Елді мекенді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту мәселесі.

Талқылау, презентация.

1

12

Халыққа стоматологиялық көмек көрсету барысындағы туберкулез және басқа да қауіпті аурулардың алдын алудың гигиеналық негізі.

Реферат дайындау.

1




Барлығы:

15


2.7.4.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары.

Рет

ӨСӨЖ тақырыптары

Орындалу түрі

Сағат саны

1-ші Кредит

1

Негізгі өндірістік орта мен өндірістік процестердің гигиеналық сипаттамасы. Тіс дәрігерлері мен тіс техниктерінің кәсіптік ауруларының алдын алу.

Презентация дайындау, ситуациялық есептер дайындау.

1

2

Халық денсаулығын нығайтуда және тіс дәрігерлері мен тіс техниктерінің қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз етудегі емдеу профилактикалық мекемелерді жайластырудың гигиеналық маңызы.

Реферат дайындау, талдау әдістеріне сараптау жүргізу.

1

3

Иондаушы радиациямен байланысты гигиеналықө мәселелер.

Презентация дайындау.

1

4

Халықты ішкі және сыртқы сәулеленуден қорғау шаралары.

Презентация, реферат дайындау.

1

5

Қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері.

Тапсырмалар дайындау, тапсырмаларды талдау, презентация.

1

6

Бөлмелердегі ауаның сапасын гигиеналық бағалау

Презентация дайындау

1

7

Ауыз су сапасын санитарлық-гигиеналық бағалау.

Сұхбаттасу, реферат.

1

8

Тамақтан улану, олардың алдын алу.

Презентация дайындау

1




Аралық бақылау - I







2-ші Кредит

9

Тұрғындардың ұжымдық және жекелей тамақтануының құндылығына және ұйымдастырылуына медициналық бақылау жүргізу.

Тапсырмалар дайындау, тапсырмаларды талдау, презентация.

1

10

Мектепте балалардың дене тәрбиесі мен шынығуының гигиеналық негіздері. Оларды ұйымдастыруға дәрігерлік бақылау жүргізу.

Презентация дайындау

1

11

Еңбекке тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Жасөспірімдердің дәрігерлік-кәсіптік кеңесі.

Сұхбаттасу, реферат.

1

12

Өнеркәсіптік улар әсерінің жалпы заңдылықтары. Улылық дәрежесін және қауіптілігін бағалау.

Сұхбаттасу, реферат.

1

13

Өндірістік ортаның физикалық факторларының гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерін алдын алу.

Презентация дайындау, ситуациялық есептер дайындау.

1

14

Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасының негізгі аспектілері.

Презентация дайындау

1

15

Қазіргі әлеуметтік факторлармен байланысты денсаулық жағдайындағы бұзылыстардың алдын алуда жеке бас гигиенасының рөлі.

Презентация дайындау

1




Аралық бақылау - II










Барлығы:




15


2.8 Оқыту әдістері:

1. Жалпылама және мәселелі дәрістер оқу

2. Машықтану сабақтарын жүргізу:

Ауызша сұрау, сұхбат, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, іскерлік ойындар.



3.ОСӨЖ: ОСӨЖ студенттің аудиториядан тыс жұмысы, оны оқу сабақтарының жалпы кестесіне енбейтін жеке кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен орындайды. ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі мәселелері, үй тапсырмасын орындау, курстық жобаларды орындау, семестр жұмыстарын бақылау, есептер және туындаған сұрақтар бойынша СӨЖ тапсырмаларының басқа түрлері бойынша консультация өткізіледі, аралық бақылау өткізу.

4.СӨЖ: студенттердің оқу – әдістемелік жұмыс істеуі, шағын кейстер даярлау және қорғау, жағдаяттық тапсырмалар, іскерлік ойындар.
2.9 Студенттің білімін бағалау критерийлері мен ережелері

Ағымдық бақылау:



Машықтану сабақтары - ауызша сұрақ (әдістемелік нұсқаулар бойынша студент саббаққа дайын болу қажет)

- тестілеу жазбаша түрде вариант бойынша жүргізіледі

- ситуациялық есептерді жауаптарын тексеру жазбаша түрде жүргізіледі және оқытушыға тексеруге өткізідеді.
СӨЖ

Рефераттарды қорғау, баяндамалар, тақырыптар бойынша пікірлер, презентацияларды көрсету, экология бөліміне сәйкес келетін, оқылып жатқан тақырыпқа тестілік тапсырмаларды тексеру бір аптадан кеш емес.


Аралық бақылау: кредит бойынша коллоквиум тестілеу және ауызша сұрақ ретінде жүргізіледі.
Қорытынды бақылау: ағымдық және рубеждік бақылау нәтижелерін есепке ала отырып, электронды тестілеу, әңгімелесу және практикалық машықтарды көрсету енетін емтихан.

Білімдерін бағалау критерийлері мен ережелері

2.9. 1 Оқыту жетістіктерін бақылау жүйесі:

Ағымдық бақылау

  • Тәжірибелік сабақтар :

  • ауызша сұрау (әдістемелік нұсқау сұрақтары бойынша студент сабаққа дайын болуы міндетті);

  • вариант бойынша жазбаша немесе тест орталығында тестілеу;

  • өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалардың орындалуын жазбаша немесе ауызша түрде тексеру;

  • СӨЖ:

Рефераттарды, баяндамаларды қорғау, презентация көрсету, жағдайлық есептерді, тесттерді құрыстырылуын бағалау.

Рубеждік бақылау: жабық тесттер бойынша электронды тестілеу + ашық тесттер бойынша жазбаша тестілеу түрінде, немесе жабық тесттер бойынша электронды тестілеу + ауызша сұрау түрінде коллоквиум.

Қортынды бақылау: ағымдық және рубеждік бақылау нәтижелерін есепке ала отырып, электронды тестілеу, әңгімелесу және практикалық машықтарды көрсету енетін емтихан.

2.9. 2. Білім бақылаудың әр түрлі деңгейлерінде студент білімін бағалау

1. Ағымдық бақылау кезінде білімін бағалау (t1, t2) тәжірибелік сабақтарда, дәрістерде, СӨЖ-ді орындағанда іске асырылады

t 1= (ТC о.ш. + СӨЖ о.ш.) / 2

t 2 =(ТС о.ш. + СӨЖ ө.ш.) / 2, бұл жерде:

t 1 – 1-ші рубеждік бақылауға дейін ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа бағасы ( 1 кезең)

ТС о.ш. –дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа балы

СӨЖ о.ш. – СӨЖ-дің орташа балы

t 2 – 1-ші рубеждік бақылаудан 2-ші рубеждік бақылауға дейін жүргізілетін ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа бағасы ( 2 кезең)

2. Ағымдық бақылаудың 1-ші және 2-ші кезеңдеріндегі білімінің рейтінгі:

R1 = (t 1+ r1) / 2; R2 = (t 2 + r2) / 2,

бұл жерде:



R1 – 1-ші кезеңнің рейтингі, R2 – 2-ші кезеңнің рейтингі.

r 1 – 1-ші рубеждік бақылауда алынған баға, r 2 – 2-ші рубеждік бақылауда алынған баға

t 1-, t 2-нің анықтамасы жоғарыда келтірілген



3. 3-ші кезеңде емтихан тапсыруға жіберілу рейтингі (R жіб.) келесі формула бойынша есептеледі :

R жіб. = (R1 + R2) /2

Емтихан тапсыруға жіберілу рейтингі 50 балдан ( 50%) аз болмау керек.



4. 4 кезеңде ауызша және тестілеу түрінде емтихан( Е) жүргізіледі.

Тестілеу мен ауызша жауапқа ең көбі 50%-дан беріледі.



Е = (Тестілеу бағасы • 0,5) + (ауызша жауаптың бағасы • 0,5)

  1. Қорытынды баға - J - 5 кезеңде келесі формула бойынша анықталады:

J = ( R жіб. • 0,6) + (Е •0,4)

Қорытынды бағаның (J) максималды баллы 100-ге тен. R жіб.-нің максималды шамасы қорытынды бағаның 0,6 ( немесе 60 балл) құрайды, ал емтихан бағасының максималды шамасы – 0,4 ( немесе 40 балл) құрайды.



6. Білім бақылаудың әр түрлі деңгейлеріндегі білімді бағалаудың критерийлері мен шкалалары.

Білім бақылауның барлық түрінде білімді 100 балдық-100 %-дық жүйе бойынша бағалайды.



  1. кесте

Ағымдық білім бақылау жүргізу кезіндегі білімді бағалаудың критерийлері мен шкалалары( тәжірибелік сабақтар,дәрістер, СӨЖ, ОСӨЖ) *.







Бағалар




Орындалу критерий-лері

Өте жақсы

90-100 балл

Жақсы

75-89 балл



Қанағаттанар-лық

50-74 балла



Қанағатанар-лықсыз

0-49балл

1

Сабақтарға, дәрістерге қатысу

Міндетті түрде

Міндетті түрде

Міндетті түрде

Міндетті түрде

2

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтарға дайындық деңгейі

Бағдарлама-лық материал толық меңге-рілген, ешбір қателік жоқ,, өзіндік ойлау қабілетін көрсеткен

Бағдарлама-лық материал-дың меңгері-луі 75 % төмен емес, жауап беру барысында үлкен қателік жоқ

Бағдарламалық материалды меңгеріуі 50 % кем емес. Прин-ципиальды емес кемшіліктер немесе, студент оқытушының көмегімен тү-зеткен, принци-пиальды қате-ліктер жіберілген

Бағдарламалық материалдың жар-тысынан артығын игермеген, жауап берген кезде принципиалді қате жіберген.

3

Тақырыпты талқылауға қатысу

Белсенді

Белсенді

Сирек қатысады

Қатыспайды

4

Дұрыс орын-далған зерт-теулердің, СӨЖ–гі

сұрақтарға, тесттерге жауаптар

дың және т.б. саны


86- 100%

75-85%

60-74%

менее 60%

5


Тапсырманы өз бетімен орындалуы

Тапсырмалар-дың 90-100 % өз бетімен орындалуы

Тапсырмалар-дың 75-89 % өз бетімен орындалуы

Тапсырмалар-дың 50-74 % өз бетімен орындалуы

Тапсырмалардың 50%-дан аз саны-ның өз бетімен орындалуы

6

Тапсырманы орындау ба-рысындағы қателіктер мен кемші-ліктер сипаты

Студенттің өзі түзеткен принципиал-ды емес кемшіліктер


Студенттің өзі түзеткен принципиал-ды емес кемшіліктер немесе принципиал-ды қателіктер

Студенттің мұға-лім көмегімен түзетілген прин-ципиалды емес кемшіліктер немесе принци-пиалды қателіктер


Өрескел қателіктер

7

Тақырып сұрақтары бойынша өз бетімен дайындалуы және СӨЖ дайындау кезінде қолданылған әдебиеттер

Оқулықтар, оқу нұсқаулар, монография-лар, интернет-тен алынған

материалдар



Жалпы гигие-на және басқа гигиена пән-дері жөніндегі оқулықтар, интернеттен алынған мате-риалдар, мер-зімді басы-лымдар.

Оқытушы ұсынған жалпы гигиена және басқа гигиена пәндері жөнін-дегі оқулықтар

Оқытушы ұсынған жалпы гигиена жөніндегі оқулықтар

8

Қорытынды мен ұсыныс-тар құрастыру

Қорытынды-ны барлық мәліметтерді толық талдау негізнде өз бетімен жасаған, анық дәлелдеген.

Қорытынды-ны оқытушы-ның көмегі-мен барлық мәліметтерді толық талдау негізнде жаса-ған. Жеке сұ-рақтары дә-лелдеуді қа-жет етеді.

Материалды жүйеге келтіруді қиынсынды, мұғалим көмегін қажет етті.

Оқытушы көмегінсіз материалды жүйеге келтіре алмады

9

СӨЖ орындау барысы мен нәтижелерін жазбаша дайындау

Талапқа сай

Талапқа сай

Принципиалды емес кейбір кемшіліктері бар.

Дайындауы толық емес, қателіктері бар.

10

Дәріс конс-пектінің болуы мен бақылау сұрақтарына жауап беру

Конспектінің болуы мен бақылау сұрақтарына толық жауап беру

Конспектінің болуы мен бақылау сұрақтарына толық емес жауап беру

Конспектінің болуы және болмауы, бақылау сұрақтарына жауап бермеуі

Конспектінің болмауы, бақылау сұрақтарына жауап бермеуі. Дәрісте болмауы

Дәрісте, сабақта болмауы – 0 балл, СӨЖ болмауы – 0 балл, кешігу – минус 10 балл

*- бағалау кезіндегі бірінші дәрежелерге жататын критерийлер: № 2,4,5,6,8

- СӨЖ бағалау үшін 2, 4-9, 12 критерийлерді қолдану керек

- дәрістерді бағалау үшін 1, 10 критерийлерді қолдану керек



2-кесте

Рубеждік және қорытынды білім бақылау жүргізу кезіндегі білімді бағалаудың критерийлері мен шкалалары.

Салттық жүйе бойынша баға


Ауызша сұрау барысындағы бағалаудың критерийлері

Пайыздық қөлемі

(балл)

5

Бағдарламалық материалды меңгеру толық, ешқандай қате жіберілмеген, нақты ойлауы көрінеді.

86-100

4

Бағдарламалық материалдың меңгерілуі

75 %, төмен емес, жауапта принципиальды емес қателіктер немесе принципальды түрде жіберілген студенттің өзімен түзетілген қателер бар.

75-85

3

Бағдарламалық материалдың меңгерілуі 50 %-дан төмен емес, жауапта принципиальды емес қателіктер немесе принципальды түрде жіберілген, студенттің өзімен немесе оқытушының көмегімен түзетілген, қателер бар, сонымен бірге жауапты, сұрақтың мәнің түсінбей, береді.

50-74

2

Материалдың меңгерілуі 50%-дан төмен, жауапта принципальды түрде жіберілген қателер бар, жауапты, сұрақтың мәнің түсінбей, береді.

50% аз

3-кесте

Пән бойынша қойылатын қорытынды әріптік-балдық- рейтингті баға

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық көлемі %

Салттық жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық




С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қорытынды баға студенттің R жіб. мен қорытынды бақылау бойынша бағалары 50%-дан кем болмаған жағдайда ғана есептеледі.



2.10. Әдебиеттер

Орыс тілінде

Негізгі:

  1. Авдулова Т.П. Менеджмент: учебное пособие/ Авдулова Т.П. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2011. – 208с.

  2. Дорошенко Г.В., Литвинова Н.И., Пронина Н.А. Менеджмент в здравоохранении: учебное пособие. – М.: Форум, 2010. – 158с.

  3. Леонтьева И. Основы менеджмента и маркетинга: учебник/ Леонтьева И. – 2-е изд. – Астана: Фолиант, 2010. – 320с.

  4. Камынина Н.Н. Менеджмент и лидерство: учебник + СД/ Камынина Н.Н., Островская И.В., Пьяных А.В. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. – 528с.

  5. Рахимбаев А.Б. Менеджмент: учебное пособие. – Алматы: Юридическая литература, 2007. – 164с.

  6. Управление и экономика здравоохранения: учебное пособие/ ред. Вялков А.И. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. – 664с.

Қосымша:

  1. Менеджмент в здравоохранении / Петрова Н.Г., Вишняков Н.И. – М.: Медпресс – информ, 2009. – 256с.

  2. Стародубов В.И. Управление персоналом организации: учебник/ Стародубов В.И., Сидоров П.И., Коноплева И.А. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. – 1104с.

  3. Шумбалов Н.М. Менеджмент в здравоохранении: учебное пособие/ Шумбалов Н.М., Кенжебаева И. – Актобе, 2008. – 58с.

  4. Вялков А.И. Управление и экономика здравоохранения: учебное пособие/ Вялков А.И., Райзберг Б.А., Шиленко Ю.В. – 2-е изд., стереотип. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2004. – 328с.

  5. Артамонова Г.В., Богомолова Н.Д. «Менеджмент и маркетинг в здравоохранении. Психология управления», Часть 1-я.: Учебное пособие для студентов медицинских ВУЗов, под редакцией Царин Г.Н. – Кемеровская государственная медицинская академия Федерального агентства по здравоохранению и социальному развитию, 2006. – 122с.


Қазақ тіліндегі:

  1. Биғалиева Р.К. Менеджмент және денсаулық сақтауды ұйымдастыру: оқулық/ Биғалиева Р.К. – Алматы, 2010. – 226б.

  2. Шомбалов Н.М. Денсаулық сақтау менеджменті: оқулық/ Шомбалов Н.М., Кенжебаева И.Б. – Ақтөбе, 2009. – 64б.

  3. Менеджмент негіздері./ Ахметов К.Г., Сагындыков Е.Н., Байжумартов У.С., Жүнісов Ж.Ж. – Ақтобе – Орал, «А-Полиграфия», 2005. – 519б.

  4. Бердалиев К. Менеджмент. – Алматы: Экономика, 2005 – 240б.


2.11. Қосымша: Келісім хаттамалары


____________________________________________________________________________________

- б.



Каталог: download -> files
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Семинар сабақтары: 25 сағат Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы 30 сағат СӨЖ : 30 сағат
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей
files -> Департамент внутренних болезней


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет