Мәдени тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы рәміздердің маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі233,44 Kb.
#122562
  1   2
Байланысты:
Мәдене мұра
11-15 АйданаБОӘ, Вопрос 161, Дәріс GCP, GLP, новый год 2023 (1), новый год 2023 (1), Жана жылда жаңарған мінез, osh sor fizika emn 10-klass kaz, КЛАССИФИКАЦИЯ ПОЧВ. ПГР


Мәдени - тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы 
рәміздердің маңыздылығы. 

Мемлекеттік рәміздер - кез келген елдің маңызды атрибуты, тарих пен 


мәдениеттің, егемендік пен тәуелсіздіктің, халық пен билік бірлігінің көрінісі. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев өз 
сөздерінде: "Мемлекеттік рәміздер - барлық уақытта және барлық халықтарда 
мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің ауқымды және шоғырланған бейнесі. Бізде керемет, 
идеялық бай Елтаңба, Ту және Гимн бар" деп айтқан еді. 
Елдің тәуелсіздігі мен өзіндік ерекшелігінің бір көрінісі ретінде саналатын 
мемлекеттік рәміздер рухани, саяси-адамгершілік салаларының дамуына септігін 
тигізеді және біртұтас мемлекеттің ұлттық нышаны, тірегі ретінде танылады. 
Мемлекеттік рәміздер саяси мәдениет пен халықтың мәні туралы ақпаратты 
қамтиды, қоғамның және өз Отанының патриот азаматының саяси санасының 
қалыптасуына әсер етеді. Осы тұста тағы да елбасымыздың сөздерін айтып кеткім 
келіп тұр: "Еліміздің қазіргі заманғы мемлекеттік және саяси рәміздері қазақ халқы 
мен республиканы мекендеген ұлт өкілдері үшін таптық, тоталитарлық қоғамның ескі, 
тозған атрибуттарын алмастыруды ғана білдірмейді. Бұл республиканың 
демократиялық және құқықтық мемлекет құруға, тұлғаның егемендігі қағидаттарына, 
оның этностық әр алуан халқының бірлігіне негізделген жаңа қоғам құруға түбегейлі 
бет бұруының айғағы", – деп Н.Ə. Назарбаев жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдау 
рәсімінде атап өткен еді. Мемлекеттік рәміздерді ресми бекітудің өзіндік саяси 
тарихы бар.
Елтаңбамызды, Туымызды жасауға, Əнұран музыкасы мен мәтінін жазуға 
еліміздің ең құрметті адамдары қатысты. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін 
шетелдік мамандар жоғары бағалағаны кездейсоқ емес. 
Əнұран — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Əнұрандардың 
революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да 
рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек. Мамандар 
Мемлекеттік әнұран әуенінің музыкалық жарасымын, жанға жайлы әсерлілігін және 
өзгеше оптимистік рухтағы өршілдігін бөле - жара атайды. Шәймерденов.Е.Ш. "ҚР 
Мемлекеттік Рәміздері" еңбегінде белгілі музыка білгірі Н.Кетегенованың пікірін 
көрсетеді: “ол асқақ та мағыналы дәстүрлі халықтың лиро-эпикалық интонацияларын 
бойына жиған туынды, сонымен бірге онда музыкаға қайрат пен салтанаттылық сипат 
беретін осы заманғы жаңа әуендер-динамикалық кварталық серпіндер де бар” 
 
деген 
пікірінде Əнұранның ұлт үшін, ұлт болашағы үшін және жастар рухын көтеруде 
қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, жарқын болашаққа деген сенімділік нышаны 
бола алатынын дәлелдейді. "Əнұран өзара ынтымақ пен келісім тәрізді аса маңызды 
жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген. Оның өнбойында қазақ елінің 
мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі идеялары анық та айшықты көрініс тапқан" 
деп "Елтаным" кітабында әнұранның абыройын асқақтатады. 


Осыдан 76 жыл бұрын, яғни 1943 жылы Қазақ Кеңес Социалистік 
Республикасының мемлекеттік әнұранын жазуға байқау жарияланған еді. Оның 
нәтижесінде соңғы нұсқа ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф 
Хамидилердің әуеніне жазылған Əбділда Тәжібаев, Қайым Мұқамедханов, Ғабит 
Мүсіреповтердің мәтіні қабылданды. Бірақ бұл авторлыққа байланысты бірнеше 
дерек бар. Кейбір деректерге сүйенсек, алғашқы әнұран мәтінінің толыққанды авторы 
Қайым Мұхамедханов екені айтылған. Қалған авторлар болса мәтін басындағы "ер 
қазақ" сөзін "біз қазақ"-қа ауыстырған.
 
1943 жылы Кеңес билігі одақтас реупубликалардың әрқайсы өз әнұраны болуы 
керек деген қаулы шығарған. Қайым Мұхамедханов ол кезде 27 жаста болған. 1945 
жылы жоғарыдағы мәтінді Кеңес биілігі мақұлдаған.
Тарихи мәліметтерде осы мәтінге ән жазған Мұқан Төлебаев әнұранның сөзін жазған 
Қайым Мұхамедхановпен бірге отырып ұзақ уақыт бойы әнұранды бір нақышқа 
келтіру үшін жұмыс істегені айтылады. Сөйтіп бұл әнұранның мәтіні 1943-1992 
жылдар аралығында Қазақ Кеңес Социалистік Республикасында шырқалды.

1992 жылы Кеңес Одағы күйрегеннен кейін тәуелсіз мемлекеттің азаттығы мен 


зайырлығын бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажет болды. Осыған орай 1992 
жылы еліміздің әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланған еді. Жалпы 
конкурсқа 750 жоба түскен екен. Сөйтіп байқаудың жеңімпазы деп Мұзафар Əлімбаев, 
Қадыр Мырза Əлі, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп 
жазған туындысы Қазақстан Республикасының әнұранының мәтіні деп таңдап 
алынған. Айта кетейік, 1992 жылы әнұранның тек мәтіні өзгерді, ал әнұран әні 
алғашқы күйінде қалды. 
 
"Халықтың қуаты бірлікте!" Қазақстан халқының тәуелсіздік алған алғашқы 
жылдары біздің әнұранымыз осылай шырқайды. Өлеңнің бірінші шумағы жаңадан 
егемендік алған Қазақстанның осы күнді аңсап жеткендігі, тәуелсіздікке жету 
жолында жалындап жанғанымызды сөзбенен, әуенменен жүрекке жеткізеді. Екінші 
шумағында Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін, барша ұлттың тату тәтті 
екенін айта отырып, бауырмал екенімізді жеткізеді. Бірлікке, татулыққа шақырады. 
Үшінші шумақта талай тағдырды бастан өткерген Қазақстанның болашаққа қарай 
нық қадам басқанын жырлайды. 
Eл Əнұранын өзгерту мәселесі оқтын-оқтын баспасөз беттерінен айтылып жүрді 
және 2001 жылы Парламент отырысында көтіріле бастады. Сол кездері сөзін Елбасы 
Н.Ə.Назарбаев жазған, сазын Б.Тілеухан шығарған "Елім менің" әнін ҚР Мемлекеттік 
Əнұраны етіп бекіту мәселесі көтереліп, тек Президенттің Парламентке жазған хаты 
әнді талқылауды тоқтатқан еді.
1992-2006 жылдардағы әнұран қазақ ұлты басынан кешкен сұм соғыстың
аштықтың, халықтың қиын қыстау кезеңдерге төтеп беруіне әсер еткен өзіндік 
туынды болғанымен, Қазақ елі Қазақстан болғалы халықтың рухын көтеретін, қиын 
күндердің артта екендігін білдіретін өзгеріс қажет болды. 
Алғашқы Əнұранының салтанат құрып тұрғанына қарамастан, республиканың 
жер-жерлерінде кез келген форум асқақ патриоттық сезіммен сөзін ақиық ақын 


Ж.Нәжімеденов жазған Ш.Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнін шабыттана 
шырқаумен аяқталып, ол Қазақстанда тұратын барлық халықтардың жалпыұлттық 
игілігіне әрі бейресми Əнұранына айнала бастады. Ендеше халықтың жүрегінен орын 
алған осы ән бүгін де республиканың Əнұраны болып заңдастырылды.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру үшін 2006 жылы жаңа 
мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен 
танымал "Менің Қазақстаным" патриоттық әні таңдап алынды.
Бұл ән 1956 жылы 25 қазанда жазылған. Əннің мәтінін ақын Жұмекен 
Нәжімеденов Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған. Өлең 
Қазақстанның миллиард пұт астық жинау қуанышына арналған секілді көрінгенімен, 
негізінен «ел, жер менікі» деген отаршылдыққа, үстемдік билікке қарсы туған 
шығарма. Қазақстанды бөлшектеуге, республиканың алты облысын Ресейге, 
Өзбекстанға беру туралы шешімге қарсылық ретінде, ел бірлігін, жер тұтастығын 
сақтауға шақырған ән. «Хрущевтің ұлтаралық саясатын» түсінген қазақ халқының 
патриоттары ата-бабаларының жерінің бірлігі мен тұтастығын сақтауға тырысты. 
Сондықтан «Менің Қазақстаным» әні жазылды — бұл қазақ халқының Хрущевтің 
ұлттық саясатына наразылық болды.
Оны шығарған кезде композитор Шәмші 
Қалдаяқов 25 жаста, ақын Жұмекен Нәжімеденов 21 жаста екен. 
Алайда бұл ән көпке дейін жарыққа шығып, орындалмайды. Себебі, "Менің 
Қазақстаным" деп ерекшеленіп, Одақтан "бөлініп тұрғанында" саяси мән бар деп әнде 
жарыққа шығаруға рұқсат бермеген. Соған қарамастан, Қазақстанның халық әртісі 
Жамал Омарова жоғарыдағылардың рұқсатына қарамай, Қазақ радиосы арқылы әнді 
орындап, халық арасына кеңінен таратып жіберді. Міне, "Менің Қазақстаным" әнінің 
шығу тарихы мен халық арасына таралуы осылай басталған еді.

Бұл әннің Қазақстан 


Республикасының әнұраны болуын Парламентке ұсынған Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру мақсатында және оның 
салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеген. 
Жастайынан өлең-сөздің мәнін ұғып өскен Нұрсұлтан Əбішұлы ән мәтінінің кейбір 
тұстарын заманға сай түлетіп, өз үлесін қосты. Яғни әннің түпнұсқасы өзгерді. 
Осылайша Қазақстан Парламенті 2006 жылдың 6 қаңтарында палаталардың бірлескен 
отырысында "Мемлекеттік рәміздер туралы" Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, 
еліміздің жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді. 
Тәуелсіз Қазақстан Əнұраны кешегі мен бүгінгіні сабақтастырып, ертеңге жол 
ашатындай. “Қанмен қол жеткізген егемендіктің құнын түсініп, кең-байтақ жер иесі 
“қазақ” деген ұлттық рухты жоғалтпай, бірлігіңе берік бол!” деген ата-баба өсиетінен 
сыр шертетіндей. Оның сырын тереңінен түсіну үшін тарихымен таныс болу, 
мазмұнына үңілу міндетті. 


Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның 
авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.
Елтаңбаны жасаудағы басты мағынасы елдің дәстүрі мен тарихынан сыр 
шертеді, ол әлемнің тұтастығы туралы, бейбітшілік жайлы және республикада тұрып 
жатқан халықтардың ынтымақтастығы туралы түсінік береді. «Қара шаңырақ 
символы» - елдің Елтаңбасының идеясы мен мағынасын осы сөздер дәл сипаттай алар 
еді.
Елтаңба пішінінің дөңгелек болуы кездейсоқ емес, себебі бұл пішінді 
көшпенділер ерекше бағалаған. Бұл өмірдің, мәңгіліктің белгісі. Кеңістігінде 
көптеген символдар біріккен дөңгелек біруақытта ғарыш пен еліміздің бірлігін 
бейнелейді. 
Елтаңбада бар 40-тан астам символдың өз атауы мен өзіндік мағынасы бар. 
Оның басты құраушы бөлшегінің бірі саналатын Шаңырақ - киіз үйдің жоғарғы 
күмбезі тәрізді бөлігі. Көшпенділер киіз үйдің ішінде жатып, түндікті түріп қойып, 
Шаңырақ арқылы аспандағы жұлдыздарды тамашалаған. Шаңырақ - кең түсінікте 
ғалам секілді әлем символы. Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасындағы 
шаңырақ бейнесі - елді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, 
біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық 
уықтарының сенімділігіне байланысты секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір 
азаматтың аман-есендігіне байланысты. Шаңырақ, қазақтардың түсінігінде үлкен 
символикалық мағынаға ие. «Шаңырағың биік болсын!» деп тілек айтқанда, 
барлық халықтың үйлер мен елдердің амандығын тілейді. Шаңырақтың пішіні 
дөңгелек. Дөңгелек ежелден ірілікті, татулықты және дүниенің үйлесімді 
тұтастығын білдіреді. Ежелгі түркі әліпбиінде Шаңырақтың дөңгелек болуы 
отбасы - ошақ қасын білдірген, осы жерден Отан ұғымы шыққан. Шаңырақ 
санскриттік чакра - Күннің шуақты шеңбері деген сөзден шыққан. Іс жүзіне 
келгенде, Шаңырақ дала сағаты - Күннің қозғалу жылдамдығының көрсеткіші 
болып табылады. Шаңырақтағы белгіге қарап қазақтар жыл мезгілдерін анықтаған. 
Шаңырақ - Елтаңба жүрегі - ошақ, әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің басты негізі 
- отбасыны бейнелейді. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі күн арайларын еске 
түсіретін оның уықтарына байланысты. Күн сәулесі секілді тараған, кереге мен 
шаңырақты жалғастырып тұрған 72 дана уық тәуелсіз елдің бірлігі мен тірлігін 
иықтаса көтеріп тұрған көп этнос өкілдерін танытып тұр. Және ол уықтар 
соншалықты бір-біріне ұқсағанмен әрқайсысының шаңырақ қаламдығында өзіне 
ғана тиісті орны бар. Кез келген уық кез келген жерге қадала да, орналаса да 
бермейді. Елтаңбаның жиегіндегі қанатты тұлпарлар барлық адамзаттың тек жерді 
ғана емес, сондай-ақ ғаламды меңгеру туралы арманы қанатпен байланысты 
бейнеленген. Қазақта «армансыз адам - қанатсыз құспен тең» деген мақал бар. Тек 
қазақтарда ғана емес, сондай-ақ көптеген халықтардың болашаққа самғау туралы, 
биіктерді бағындыру жайлы, алға қойған мақсаттарына жету туралы арманы 
қанатпен байланысты.


Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық 
элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, 
сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты 
халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін 
аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға 
ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын 
масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің 
материалдық игілігін танытады. Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің 
табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату 
үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін 
әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық 
композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар 
қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды 
типологиялық образ болып саналады. 
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты 
жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол 
адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға 
деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі 
қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен 
серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан 
тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық. 
Біздің Елтаңбадағы жарқыраған жұлдыздың суреті билікті, өмірде алға жетелейтін 
сәуле шұғылаларын білдіреді. Қазақстанның Елтаңбасындағы жұлдыз басқа 
белгілер мен символдардан жоғарыда тұр. Демек, тәуелсіз Қазақстан мәңгілік өмір 
сүреді. Біздің еліміздің жұлдызы бәрінен биік әрі жарық болып, барлық 
отандастарымыздың қаншама қиындықтар мен тағдыр тауқыметін бастан кешірген 
Қазақстанның демократиялық және игілікті жолын жарықтандыратын жолбасшы 
күшіне сенуін көрсетеді. 
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, 
әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес 
тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат 
тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
 
Мемлекеттік ту – егемендік пен біртұтастығымызды білдіретін негізгі ұлттық 
рәміздеріміздің бірі. 
1992 жылғы 6 маусымда мемлекеттік рәміздерді ресми түрде 
пайдалану салтанаты өткізілді. Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясы 
мен Жоғарғы Кеңестің ғимараты үстіне Мемлекеттік Ту тігіліп, Елтаңба орнатылды. 
Ал 1996 жылғы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар 
Жарлығы қабылданды. Мемлекеттік Тудың аспан тектес зеңгір көк түсті болуы 
кездейсоқ емес. Əйгілі Ансельм кестесі бойынша ол – адалдықтың, кіршіксіз 


тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк түс ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, 
бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға 
меңзейді. Аспанкөк түс – қазақтың ұлттық бояуының реңі. Ұлттың менталитеті, 
танымы, мәдениеті мен бұл түске деген айырықша ілтипаты осы ойға 
жетелейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның 
еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. 

1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік 


нышандарын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жоғарғы Кеңес 
Президиумының Қаулысы шықты. Соған сәйкес арнайы комиссия құрылып, оның 
құрамында С.Əбділдин, С.Зиманов, С.Əбдірахманов, Е.Шәймерденов және т.б. 
лауазым иелері болды. Сондай-ақ, Ту жобасына конкурс жарияланады. Оған 
көптеген шығармашылық өкілдері, талантты қыл қалам шеберлері, сазгерлер мен, 
ақындар қатысқан. Мысалы, Мемлекеттік Тудың конкурсына 600 адам қатысып, 
1200 жоба ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет