Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет21/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0
Боранбаева Акмарал 039ТФП
26. «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
89. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
90. Оқыту ұзақтығы:
1) интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша қайта даярлау циклдерінде – 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
91. «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Формулярлық жүйе. Дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалану»;
«Медицина мекемелерінде клиникалық фармакология қызметін ұйымдастыру және қалыптастыру»;
«Фармакоэпидемиология және фармакоэкономика. Медицина мекемелерінде фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық зерттеу жүргізудің қағидаттары»;
«Дәлелді медицина мәселелері және тиімді фармакологиялық терапия»;
«Дәрі-дәрмектерді клиникалық зерттеу»;
«Дәрі-дәрмектердің қолданылуын бағалау және медикаментті терапияның клиникалық-фармакологиялық сараптамасы»;
«Микробқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектердің клиникалық фармакологиясы»;
«Ас қорыту ағзалары ауруларының тиімді фармакотерапиясы»;
«Тыныс алу ағзалары ауруларының тиімді фармакотерапиясы»;
«Жүрек-қан тамыр ауруларының тиімді фармакотерапиясы»;
«Ревматизм ауруларының тиімді фармакотерапиясы»;
«Неврологиядағы тиімді фармакотерапия»;
«Акушериялық және гинекологиялық практикадағы тиімді фармакотерапия»;
«Хирургиялық практикадағы микробқа қарсы тиімді терапия. Антибиотикті профилактика»;
«Нефрология мен урологиядағы тиімді фармакотерапия»;
«Трансплантологиядағы тиiмдi фармакотерапиясы»
«Онкологиядағы тиiмдi фармакотерапиясы»
«Гепатологиядағы тиiмдi фармакотерапиясы»
«Тиісті клиникалық практика (GCP)»
«Балалардың дәрі-дәрмек қолдану ерекшеліктері»;
«Фармакологиялық қадағалау»;
«Емделуші мектептерінде оқытудың клиникалық-фармакологиялық аспектілері, өзін-өзі емдеу мәселелері».
27. «Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
92. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
93. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы практика дәрігері» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
94. «Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Инемен емдеу негіздері»
«Рефлексті терапия / Ағзалардың белгілері/»
«Рефлексті терапия /Ғажайып меридиандар/»
«Сырқаттың рефлексті терапиясы»
«Неврологиядағы рефлексті терапия»
«Ішкі аурулар клиникасындағы рефлексті терапия»
«Жүрек-қантамыр және өкпе жүйесі ауруларын емдеу және диагностикалаудағы дәстүрлі әдістер»
«Зәр шығару - жыныс жүйелері мен асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеу және диагностикалаудағы дәстүрлі әдістер»
«Акушерия мен гинекологиядағы емдеудің дәстүрлі әдістері»
«Остеопатия медицина мен мануалды терапия негіздері»
«Краниосакральды мануалды терапия»
«Висцеральды мануалды терапия»
«Омыртқаның мойын бөлігі мен қолдардың мануалды терапиясы»
«Омыртқаның бел бөлігі мен аяқтардың мануалды терапиясы»
«Балалық шақтағы остеопатиялық медицина және мануалды терапия»
«Акушерия мен гинекологиядағы остеопатиялы медицина және мануалды терапия»
«Бас ауруын мануалды-остеопатиялы емдеу және диагностикалау»
«Ішқұрылыстың ауруын мануалды-остеопатиялы емдеу және диагностикалау»
«Медициналық массаж негіздері»
«Су-джок терапиясының негіздері»
«Фитотерапия негіздері»
«Гирудотерапия негіздері»
«Гомеопатия негіздері»
«Апитерапия негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет