«Мәңгілік Ел» стратегиясы және «Рухани жаңғыру» жобасы Қазақстанның тарихи дамуының жаңа бағыттары



Дата09.05.2020
өлшемі69.06 Kb.

1

«Мәңгілік Ел» стратегиясы және «Рухани жаңғыру» жобасы Қазақстанның тарихи дамуының жаңа бағыттары.

2

Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік бірегейлігі мен қоғамдық сананы жаңғыртудың басты бағыттары.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.

Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда.

Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.

Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.

Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.

Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.

Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.

«Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», - деді ол.

Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Елбасының «Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ»,- деуі шешімді пікір.

Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.

Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анықтап беріп отыр. Соның бірі латын әліпбиіне көшу. Бұл орайда, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдайтын боламыз.

 «Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру керек.

ЕЛІМІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҚАНДАЙ БАҒЫТТАРЫН МАҢЫЗДЫ Мемлекет басшысы ең алдымен жастарда болашақ қазақстандықтың мынандай қасиеттерін тәрбиелеу туралы айтады:

– Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу және мәдени ашықтық арқылы бәсекеге қабілеттілік.

– Прагматизм және рационализм.

– Ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтау.

– Білім мен білім берудің салтанат құруы.

– Дамудың революциялық емес эволюциялық жолын ұстану.

– Сананың ашықтығы.

Бұл жастар мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таяу 10-20 жылдағы практикалық бағдарлары.

Жаһандық бәсеке барған сайын қатаң бола түсуде. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі әрбір адамның бәсекеге қабілеттілігінен басталады. Бұл фактор қазір минералдық ресурстардың болуынан маңыздырақ бола түсуде.

Қазіргі заманғы, ашық әлемде әрбір адам еңбек нарығындағы, әртүрлі салалардағы бәсекеге дайын болуға тиіс. Тұлғалық және кәсіби қасиеттерді дамыту табыстың жалғыз факторына айналуда.

Прагматизм, біріншіден, бұл айқын өмірлік мақсаттар мен уәждердің болуы. Екіншіден, бұл осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды сауатты басқару. Прагматизм ақылсыз ысыраптар мен мағынасыз әрекеттерді болдырмайды. Ол өзінің денсаулығына, біліміне, өзін-өзі дамытуға салымды көздейді. Үшіншіден, прагматизм заттарға шынайы өмірлік көзқарасты көздейді, бұл адамды популизмнен және радикалдық идеологиядан еркін етуге мүмкіндік береді. Өмірге прагматикалық көзқарас – бұл әлеуметтік ауруларға қарсы егу.

Реализм қате жібермеуге, ал прагматизм - нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұлттық бірегейлікті сақтау жаһандық мінез-құлық дәстүрлерінде басқаға сіңіп жоғалып кетпеу үшін принципті түрде маңызды.

Дамудың барлық сәтті мысалдары әмбебап әлемдік тәжірибе мен өз дәстүрлерінің үйлестірілуіне негізделген.Сонымен қатар ұлттық бірегейлікті, рухани мәдениет байлығын бұған қатысы бар көне стереотиптерден және көзқарастардан бөліп алған жөн.

Технологиялық және экономикалық өзгерістер таяу болашақта әдеттегі өмір салтын өзгертетін болады. Тұтастай салалар нарықтағы қажеттілігін жоғалтады, жойылатын кәсіптер тізбесі кеңейе түседі. Мұндай жағдайда тығырықтан шығудың жалғыз жолы қызмет саласын ауыстыру болып табылады. Бұл жаңа дағдылар мен шеберлікті жылдам игеруге, жаңа талаптарға бейімделуге қабілетті жоғары білімді адамға оңай.

Білімнің салтанат құруы білімді жинауды ғана емес, сонымен бірге өз бетінше білім алу мен өзін-өзі дамытуға қабілетін дамытуды білдіреді. Бұл тіпті ең белгісіз жағдайларда да келешегін сақтауға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибе революциялардың барлығы сілкіністермен және апаттармен қатар жүретінін, бірақ бұл ретте орасан шығындарға қарамастан күткен нәтижеге әкелмейтінін көрсетіп отыр. Әлемдік тәжірибе де, өз тарихи тәжірибеміз де осыны көрсетеді. Революция прогресс сияқты көрінгенімен, іс жүзінде ұлтты артқа лақтырады.

Эволюция жүйелі дамуды білдіреді. Бұл өзгерістерді қоғамның талап ететінін, және қоғамның оған дайын екенін білдіреді.

Басқа елдер сияқты Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа берік интеграцияланған. Біздің экономикамыз жаһандық нарықтардың ажырамас бір бөлігіне айналды. Біздегі болып жатқан барлық процестер қалай болғанда да «үлкен әлеммен» байланысты. Мұны түсіну сананың ашықтығын білдіреді.

Өзін «үлкен әлемнің» бір бөлігі ретінде сезіне отырып қана еліміз басқалардан гөрі неғұрлым құнды нәрселерді жалғастыруға көңіл бөледі және тиісінше өз орнын иеленеді.

Қоғамдық сана жаһандық ынтымақтастық үшін ашық болуға тиіс, себебі әлемдік даму шексіз мүмкіндіктерге, капиталға, идеялар мен ресурстарға ие. Оларды өзіміздің дамуымыз және еліміздің көркеюі үшін дұрыс пайдалану қажет.

Мемлекет басшысы таяу жылдарда күн тәртібінде болатын алты нақты жобаны белгілеп берді. Оларды іске асырудың басталуы жаңғыру процесін іске қосады. Қоғамдық сананы жаңғырту «локомотивтерінің» қатарында мыналар тұр:

– қазақ тілін латын қарпіне кезең-кезеңімен көшіру жобасы;

– «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы;

– «Туған жер» жобасы;

– «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы;

– «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы;



– «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет