Механика зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар 1 бөлім



бет129/135
Дата28.01.2018
өлшемі12,41 Mb.
#34338
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   135
Қондырғыны бейнелеп түсіндіру

Осы жұмыста гироскоп ретінде 6-суретте көрсетілгендей (10) осіне қаптамаға енгізілген салмақты болат махавик (9) орнатылған асинхронды электроқозғағыштың (7) роторы қолданылады. Қозғалтқыштың қарама-қарсы жағындағы статорда бөліктері бар (11) стержень және стерженнің бойымен қозғала алатын (12) қарсы салмақ орнатылған. Қозғалтқыш (8) тіркеу кронштейнге орнатылған. Қозғалтқыш осы тіреу кронштейнге қатысты горизонталь ось бойынша шектелген бұрылыс ала алды. Ал тіреу кронштейн гироскоппен бірге, (1) негізге бекітілген, (2) вертикалды колонкаға орнатылған. Негіз биіктіктері реттелетін аяқтармен жабдықталған.



Гироскоп вертикаль осі бойынша да айнала алады. Осы мақсатта гироскоптың вертикаль осі тіреу подшипниктеріне (5) бекітілген.

Маховик пен вертикаль ось, бірге жарық көзі және гироскоптың вертикаль осі бойынша θ бұрылу бұрышын, ω айналу жылдамдығын өлшеу үшін (4) және (6) фотоэлементтер болып қызмет ететін, периферия бойынша бірқалыпты кесілген жерлері бар арнайы дискілермен жабдықталған. Фотоэлектрлік датчиктерінен электр сигналдары өлшеу және басқару (15) блогына келіп түседі.

Блоктың (15) алдыңғы панелінде келесі басқару элементтері мен тіркеуіш приборлар орналасқан:

W1 (сеть) – желісті ажыратқыш клавиша. Оның көмегімен кернеу көзін қосып, ажырату жүзеге асырылады;

W2 (сброс) – жаңа өлшеулерге мүмкіндік беретін, блок сұлбасындағы сигналдарды өлшеумен генерациясын жоятын клавиша;

W3 (стоп) – есеп процесінің соңына сигналдың генерациясын жоятын клавиша;



Р1 – жылдамдық реттеуші – потенциометр тұтқасы. Оны оңға бұрғанда электрқозғағыш іске қосылады, ал бұрауды ары қарай жалғастырғанда ротордың айналым саны өзгереді;

Р2 – тахометр шкаласы – ротордың ν айн/мин* айналым санын өлшеу үшін қолданылатын прибордың шкаласы;

Р3 – гироскоптың вертикаль ось бойынша бұрылу бұрышының градустық көрсетушісі;

Р4 – секундомер шкаласы, онымен өлшенетін уақат диапазоны1 – 99,999с.



W1 клавишасының басылған кезіндегі желістің қосылуы Р3 және Р4, құралдарының ноль цифрын көрсетіп тұрған индикаторларының және фотоэлектрлік датчиктердің шамдарының жануымен тіркеледі.
Қауіпсіздік техникасы
Жұмыс кезінде кернеуі 250В-тан аспайтын құрылғыларға тағайындалған қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау керек.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   135




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет