Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения


Секция аҚмола облысы шоҚылы-ЖазыҚ аймағы ЖағДайынДа



Pdf көрінісі
бет2/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
Секция
аҚмола облысы шоҚылы-ЖазыҚ аймағы ЖағДайынДа 
бастапҚы тҰҚым шаРуашылығынДа РҰҚсат етілген ЖазДыҚ 
биДай соРттаРының ӨнімДілігі 
Кусаинова М.Е., аға ғылыми қызметкері
Айдарбекова Т. Ж., ғылыми қызметкері
«Көкшетау тәжірибелік - өндірістік шаруашылығы» ЖШС, Көкшетау қ.
Қазақстанда егіс алқаптарын ұлғайту мүмкіндігі бар, алайда климаттық жағдайлар 
өндірістің орнықтылығын және өсімдік шаруашылығын дамытудың тұрақтылығын 
қамтамасыз ету үшін жаздық бидайдың бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру 
қажеттілігін негіздейді [1].
Қазақстанның егін шаруашылығы қазіргі уақытта тұрақты өнімділікпен сипаттала-
ды және өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды қолдаудың мемлекеттік шарала-
рына қарамастан, дәнді дақылдар өндірісі басым. Ең жоғары және ең төмен өнімділік 
арасындағы алшақтық 10 есеге дейін жетеді, ал егіс құрылымындағы рентабельді емес 
дақылдардың үлесі 70% - дан асады. Бұл жағдай табиғи-климаттық факторлар ретінде, 
өңірлік маманданудың болмауына, отандық және шетелдік сорттардың төзімділігінің 
төменділігіне байланысты [2,3].
Мамандардың бағалауы бойынша тұқым шаруашылығында дұрыс агротехника 
мен ұйымдастыру болған жағдайда 20% өнімділікті арттыруды қамтамасыз ете алады, 
бұл Ақмола облысының ауқымында қосымша 200 мың тоннадан астам жаздық бидай 
астығын құрайды. Алайда, қазіргі уақытта тұқым шаруашылығы жүйесінің көптеген бу-
ындары тиімді жұмыс істемейді.
Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырағы мен табиғи-климаттық жағдайлары 
осы құнды дақылды өсіруге қолайлы. Жоғарыда айтылғандарға байланысты өнімділіктің 
өсуін, экологиялық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаздық бидайдың 
бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру өзекті мәселелердің бірі болып табыла-
ды.
«Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» ЖШС базасында жаздық 
бидайдың алғашқы тұқым шаруашылығын дамыту үшін аудандастырылған сорттар бой-
ынша зерттеу жүргізілді. А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік 
орталығы селекциясының жаздық бидайдың аудандастырылған сорттарын өндіріске 
енгізу, тұқымға пайдалану сұраныстың күрт өсуіне әкеледі. 
Зерттеудің нысаны бастапқы тұқым шаруашылығы көшеттіктерінде жаздық бидайдың 
рұқсат етілген және жаңа сорттарын пайдалану болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: А.И. Бараев атындағы АШҒӨО селекциясының жаздық 
бидайдың себуге рұқсат етілген жаңа сорттарының бастапқы тұқым шаруашылығын
ұйымдастыру.
Зерттеу нәтижелері. 2019 жылы бастапқы тұқым шаруашылығында дәнді дақылдардың 
2 сорты бойынша зерттеу жалғастырылды [4,5]. Ақмола облысы жағдайында «Көкшетау 
тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» ЖШС-ң 100 га танабына А. И. Бараев атындағы 
астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы селекциясының жаздық жұмсақ би-
дай сорттары Тәуелсіздік 20 (орташа ерте мерзімде пісетін сорт) және Асыл Сапа (орта-
ша мерзімде пісетін сорт) 22 мамырда себілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет