Мейірбикелік көмекті жоспарлау



бет8/28
Дата12.12.2021
өлшемі85,43 Kb.
#99704
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Мейірб кезең-1
КАП-каз, КАП-каз, КАП-каз

















Тақырыбы : Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кезіндегі медбикелік үрдіс



Мақсаты:Студенттерге эндокринді жүйе қызметінің бұзылуы кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруды жетік білу

Оқыту нәтижесі:Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

Қант диабеті — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

Белгілері ; АҚҚ көтерілуі, пиодермия, фурункулез, тері беткейінің құрғақтығы мен ылғалдығы, шөлдеу, ашқарақтыұ,полифагия, жыныс ағзаларындағы қышыну, табан терісінің трофикалық және сезімталдығының бұзылысы, салмағының азайуы ,кіші дәретіннің жиілеп көп бөлінуі,шаршағыш келеді,қол аяғы ұйып жансызданады ,көз көруінің нашарлауы.

Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.

Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сгіпео — бөлемін не­месе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкі бөлініс бездері және олардың гормондары (В. Резен, 1984).

Ішкі бөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік без­дері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет