Мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру


Ұжымның қалыптасу шарттары



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі47,54 Kb.
#97173
1   2   3   4
Байланысты:
33 пед 17.11

Ұжымның қалыптасу шарттары. Ұжымды ойдағыдай
қалыптастырудың шарттары мыналар:

  • балалардың ұжымдық іс – әрекеті;

  • бірге қуануы мен қайғыруы;

  • балалар бақшасы қызметкерлерінің ынтымақтастығы;

Бірлесіп әрекет ету балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі шарты және құралы. Балаларды ортақ мақсатқа біріктіріп, еңбек нәтижелері ортақ жұмысы ретінде бағаланса олар өздерін ұжым екендерін ұғынады. Қуыршақ театырын көру, мерекелік ертеңгіліктерге қатысу, қызықты ертегілер тыңдау, бірігіп ән салу терең эмоциялық сезім тудырады.
Балалар ұжымы мен ұжымдық мінез – құлықтың қалыптасуында ересек адамдардың тату ұжымы болуы шарт. Мекеменің өмір тәртібін, қызметкерлердің қарым – қатынасын балалар күнде көріп отырады. Ұжымдағы үлкендердің сыйластығы, құрмет көрсетуі, жолдасы үшін қуану, оған көмектесуге дайын тұру, өз ісін жауапкершілікпен орындау – балалар ұжымында мінез – құлық нормасына айналады.
Ұжымдық қарым – қатынас тәрбиелеу. Балада қарым – қатынас жасау қажеттілігі ерте, өмірдің алғашқы жылының аяқ кезінде пайда болады. Тәрбиеші балалар қарым – қатынасын ұйымдастыра отырып, бірін – бір жақсы көруге негіз болатын өзара қарым – қатынасты жолға қояды. Балалардың ойындағы алғашқы бірлестігін қоладайды, мадақтайды: «Арман мен Жанар ынтымақты ойнап отыр».
Мектепке дейінгі ұйымға келген алғашқы кездері баланың отбасында бойға сіңген менмендік күшті болады: өзін жоғары ұстайды, басқаларға көніл аудармайды, елегісі келмейді, ойыншықтарды өзі ғана иеленгісі келеді, бәрін: «менікі» - деп, ұнаған ойыншықтарды тартып алады, тәрбиешінің назарын өзіне аударғасы келеді, т.б. Мұндай жағдайдың болмауы үшін төзімділікпен жұмыс жүргізіп, баланың психикасының өзгеруіне ықпал ету керек, бала құрбыларына көңіл аударып, ойыншықтарын бөлісе бастайды, онда бірлесіп ойнауға тілек пайда болады.
Тәрбиеші балаларды құрбыларымен сәлемдесуге, жаңадан келген баланың сәлеміне жауап қайыруға үйретеді, ауырып қалған балаға хат жазуды, суреттер жіберуді, телефон соғуды жәнет.б. ұсынады. Балалар бақшасында ұзақ уақыт болмаған баланың келуіне қуанышты кездесу ұйымдастырады, оған ерекше көңіл бөледі.
Естияр балалар бірлестіктері тұрақты, олар бірге ойнайды, бірге еңбек етеді: балалар жихазды немесе бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртеді, ойыншықтарды жинастырады, т.б.
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың туылған күнін мерекелеу олардың өзара қарым- қатысына жағымды әсер етеді.
Тәрбиеші балаларда бір- біріне деген құрмет, сыйластық тәрбиелеу үшін күнделікті өмірдің, тұрмыстықтық іс- әрекеттің кез келген мүмкіндіктерін пайдаланады. Балаларды көп күттіруге болмайтындығын түсіндіре отырып, жуыну және киіну кездерінде жылдамдықты талап етеді, киінуде және шешінуде балаларды көмек сұрауға және көмектесуге тәрбиелейді.
Педагог 5-6 жастағы балалардың өзара қарым қатынасы күрделі болғандықтан іс- әрекет ұйымдастыруға жағдай туғызады, оларды таласты және даулы мәселелерді әділ шеше білуге, ұжым пікірмен санаса білуге бағыттайды. Бұған балалардың оқу кезіндегі іс- әрекеттері көмектеседі: олар жолдасын тыңдауға, көрші отырыған балаға кедергі жасамауға, көмек көрсетуге, қолынан келетін жұмысты өзі істеуге, оқу сағаттарында жауап беруге тиіс.
Сәбилер тобындаауланы жинау, қардан темпешіктер тұрғызу, ойыншықтар жасау, серуенге шығу үшін киінуге көмектесу сияқты тапсырмалар орындау сәбилерді мейірімділікке, қамқорлық жасауға тәрбиелейді. Ересек топтың балалары өз ауласында сәбилерді қабылдап, оларға қуыршақ театрын көрсетеді, олардың қатысуымен көңілді ойындар ұйымдастырады.
Ұжымда өзін қалай ұстауға, жақсы жолдас болуға тәрбиелеу үшін тәрбиеші әдеби шығармалар пайдаланады: әңгімелер, өлеңдер оқиды, әндер айтқызады, суреттер көрсетеді.
Мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелік ертеңгіліктер, көңілді кештер, оларға дайындық, мерекенің өтуін күту балаларды ынтымақтастыққа тәрбиелеп, көпшіл, қонақжай болуға итермелейді. Ұйым қызметкерлерінің мерекелерді өткізуге қатысуы балаларды қуанышқа бөлейді.
Әдебиет: Андабекова С.Мектепке дейінгі педагогика, 2012


Үйге тапсырма: мінез-құлық тәртіптілікке тәрбиелеу баяндама

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет