«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет13/400
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#58815
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   400
Байланысты:
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Өз бетімен жеңдерін түру, сабынмен қолын жуу және беті-қолын құрғатып сүрту, тіс щеткасымен тісін тазалау, сабын, тіс пастасын қолдану, киімін суламау, сүлгіні белгілі орынға ілу, бет орамалмен мұрнын сүрту сияқты жеке бас тазалығының қарапайым дағдыларын қолдануға арналған ойындар мен жағдайлардың үлгісін құру.
Балаға іс-әрекеттерді орындауға (түймені түймелеу мен ағыту, шұлықты кию және т.б.) жеткілікті уақыт беру.
Баланы күнделікті өмірде құрбы-құрдастарына көмектесуге тарту.
Тамақтану кезінде үстел басындағы мінез-құлық мәдениетінің: қасық, шанышқы, арнайы пышақты қолдану, сулықпен аузын сүрту, тамақты аузын жауып, ұқыпты шайнау, нан қиқымын шашпай, сорпаны, шайды төгіп алмай ішу, тамақтан соң ауызды шаю үлгісін көрсету.
Баланың тамақ түрлерінен нені жақсы көретінін, нені ұнатпайтынын, ненің пайдалы және ненің зиян екендігін талқылау.
Баланы жаңа тағам түрлеріне біртіндеп үйрету.
Баланың нашар тәбетіне баса назар аудармау.
Құрбы-құрдастарының үстел басындағы мінез-құлқын мадақтап, үлгі ретінде көрсету.
Балаларға көкөністер мен жемістерді қалай және не үшін жуу керектігін түсіндіру.
Балалардың жеке басының гигиенасын сақтамауы жайлы көркем шығармалар оқу, талқылау, өзін қалай ұстау керектігі туралы ойларын ортаға салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   400




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет