Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Тербелмелер, әткеншектер, карусельдер



бет144/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Бар елде ана алана, БА дарламасы емдік дене шыны тыру ж не массаж
Тербелмелер, әткеншектер, карусельдер. Жаттығулардың бұл түрлері сезім мүшелері аппаратын дамытады, қызбалықты бәсеңдетеді, бұлшық еттерді нығайтады, дене қасиетін жетілдіреді, шапшаңдық тұрақтылығын, батылдықты дамытады. Балабақшада тербелмелер, әткеншектер, карусельдер болуы қажет және барлық балаларға оларды пайдалануды үйрету керек. Әуелі тербелу, теңселу ережелерін балаларға жасап көрсету және түсіндіру, қажет болған жағдайда тікелей көмектесу, ал одан кейін көбірек дербестік беру керек, бірақ белгіленген ережелерді, қауіпсіздік шараларын, т.б. сақталуын бақылау қажет.
Жүзу-спорт түрі. Спорттық жүзуден жарыстар хауыздарда 50-1500 метрге, ал табиғи суларда әртүрлі қашықтықта өткізіледі. Жүзудің түрлері: құлаштап, шалқалап, брасс, батерфляй, қырындап, т.б. Жүзумен тұрақты шұғылданғанда бұлшық еттер үйлесімді дамиды, жүйке жүйесі нығаяды, тыныс және қан айналысы органдарының жұмысы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Жүзу жүрек қан тамырлары мен жүйке жүйесінің, омыртқалардың сырқатына ем ретінде де қолданылады. Алғашқы жүзу хауыздары Римде салынған. 1515 жылы жүзуден алғаш жарыс ұйымдастырылды. Қазан революциясынан кейін 1918 жылы жүзуден жарыс ұйымдастырылды. 1920 жылы Петербургте жүзуден «Дельфин» қоғамы құрылды. Қазақстан жүзгіштері жүзу жарыстарына 1946 жылдан қатысып келеді. 1948 жылы Алматыдағы М.Горький паркінде республикада тұңғыш рет ашық хауыз, 1959 жылы Қарағандыда жабық хауыз жасалды. Қазіргі таңда Қазақстанда жүзуге айрықша көңіл бөлінген. Спорт мектебінде, арнайы спорттық-сауықтыру кешендерінде, білім беру, емдеу-сауықтыру мекемелерінде, моншаларда хауыздар жасалып халық игілігі үшін қызмет атқаруда.
Жүзу (суда жылжу) бала организміне жан-жақты ықпал жасайтын циклді қимыл. Балаларда табанның, қол басының, саусақтардың, мойынның бұлшық еттері дамиды. Мұның өзі тұлғаның дұрыс қалыптасуын сақтауға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге үйрету әдістемесін Т.И.Осокина талдап жасаған. Жаттығуды көлбеу қалыпта орындау кезінде дененің салмағы омыртқа мен табанға түспейді, мұның өзі тұлға мен табанда кемістікті болдырмауға көмектеседі, егер мұндай кемістік баланың бойында пайда болса, оны емдейді. Жүзу кезінде жүрек-қан тамыр, тыныс алу, сүйек жүйелері нығаяды, организмді шынықтыру, терморегуляция жүзеге асады, зат алмасу, ішкі органдардың жұмысы жақсарады. Жүзу ептілікті, жылдамдықты, тепе-теңдікті, қимыл үйлесімін сақтауды, күшті, төзімділікті дамытады. Балалардың моральдық-ерік қасиеті қалыптасады және жағымды эмоциясы пайда болады. Ашық хауызда шомылу, жүзу кезінде су, күн, ауа балаларға өте пайдалы әсер етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге мынадай әдістермен үйретуге болады: қолды судан шығармай етпеттеп кроль әдісімен жүзу, қолды судан шығара етпеттеп кроль әдісімен жүзу, шалқалап кроль әдісімен жүзу. Балалар жүзуді біршама тез игереді. Оларда ересектерге қарағанда, тері асты май қабаты көбірек дамыған, осының арқасында олар суда жақсы қалқиды. Бірақ мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде жүзуге үйретуді ұйымдастыру қиын, сондықтан тәрбиешілер жүзуге дайындауды ғана жүзеге асырады. Сонымен бірге өз балаларын көрсетілген әдістерге үйрете алатын ата-аналармен жұмыс жүргізіледі. Балаларды жүзуге үйрету балаларды суға, суда жүзуге және (жерде және суда) дайындық жаттығуларын орындауға үйретуден басталады. Балалар жерде қолдар мен аяқтардың қимыл үйлесімін игерген кезде, резина ойыншыққа жел толтырып суға жіберуді пайдалана отырып, жердегі игерген қимылдарды суда игеруге болады. Бұдан кейін балалар суда қалқып тұруға және көмектесу арқылы жүзуге, ал одан соң өз бетінше жүзуге үйретіледі. Ересек адам үйрету процесінде үнемі баланың көңіл күйін бақылап жүреді.
Бағдарламада 3-4 жастағылар үшін суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау; 4-5 жастағыларға суға түсу және бату, судың ішінде ойнау, судың ішінде отырып аяқты жоғары көтеріп, төмен түсіріп қимылдар жасау, судың түбінде (аяқты көлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу, иекке, көзге дейін суға батырып отыру, судан секіру, суға бетін батыру, суға басын батырып отыру, өз еркімен жүзуге талпыну; 5-6 жаста судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары, төмен), судың түбінде қолын алға, артқа сермеп жүру (аяғын көлденеңінен созып), иекке, көзге дейін суға батырып отыру, суға бетті түгел батырып, суға үрлеу, суға басын батырып отыру, хауыздың қабырғасын екі аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау, арқамен және кеудемен сырғанап, суға демін жіберу, баланың өзіне ыңғайлы кез келген тәсілімен жүзу, гидроаэробика-ернеуде тұрып суда бұрылыс жасап секіру және басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   202




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет