Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Теориялық талдау және қорыту әдістері



бет22/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Бар елде ана алана, БА дарламасы емдік дене шыны тыру ж не массаж
Теориялық талдау және қорыту әдістері. Кезкелген зерттеу әдеби мәліметтерді оқып-білу, талдау мен қорытудан басталады. Бұл үшін зерттеуші библиографиямен танысады және өзі талдап шығуы тиіс әдеби түпнұсқаларды іріктеп алады, оларды нақты мәселелер бойынша жүйелейді, содан соң әр мәселе ішінде материалдарды әртүрге бөледі. Библиографияны іріктеген соң оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба жұмыстар жүргізу және оларды талдау әдістемесін ойластыру керек. Әдеби мәліметтерді талдау және қорыту теориялық, сондай-ақ эксперименттік зерттеуде де қолданылады. Теориялық зерттеуде бұл әдіс бірден-бір әдіс болуы мүмкін, оның көмегімен, мәселен нақты тарихи жағдайларға байланысты белгілі бір қағидалар, көзқарастар қалайша дамығандығын аңғаруға болады. Эксперименттік зерттеулер жасау үшін қандай мәселелер зерттелініп қойғандығын, олардың әдебиетте қандай дәрежеде баяндалғандығын және олардың қайсысының эксперименттік тексеруді талап ететіндігін анықтау керек. Дене тәрбиесі теориясы үшін маңызды көптеген мәліметтерді мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері құрастырған әртүрлі құжаттарды талдау кезінде табуға болады. Осындай құжаттарды талдау нәтижесінде табылған мәліметтер жұмыс жорамалы ретінде пайдаланыла алады. Фактілер жинау үшін сауалнамалар мен сұрақ-жауап парақтары пайдалануы мүмкін. Сауалнамадағы сұрақтар «иә» немесе «жоқ» деген қысқа жауап аларлықтай етіліп қойылады. Сұрақ-жауап парағында жауаптар жайылыңқы түрде беріледі мысалы, тәрбиешінің жасы, жұмысы, еңбек өтілі, білімі, дене жаттықтыру сабақтары үшін жасалған жағдай сипаттамасы, т.б. Біріншісінде де, екіншісінде де жауап жазба түрінде болуы тиіс. Сауалнамалар мен сұрақ-жауап парақтары көбіне, зерттеу жұмысының бастапқы кезінде қолданылады және олар көмекші мәнге ие болады. Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдынала жасалған жоспар бойынша жиналуы да мүмкін. Сұрақтар еркін түрде қойылып, татымды жауап алынуына ықпалы тиюі керек. Мысалы, тәрбиеші баладан: «Дұрыс тұра білесің бе? Қалай тұру керек екенін көрсетші. Ал енді қалайша дұрыс тұруға болатынын айтшы», -деп сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   202




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет