Мектептегі информатика сабақтарының қауіпсіздік ережелері



Дата07.02.2022
өлшемі51,64 Kb.
#86791
түріСабақ
Байланысты:
практика 21.10.20


Мектептегі информатика сабақтарының
қауіпсіздік ережелері,
санитарлық талаптары
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
  • Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
  • ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.

ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
  • Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
  • Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
  • Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
  • ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.
  • Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
  • Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.
  • Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды.
  • Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  • Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болмайды.
  • Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болады.
  • Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады.
  • Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  • Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болмайды.
  • Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды.
  • Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болмайды.
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болады.
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болады.
  • Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады.
  • Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды.
  • Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады.
  • Компьютер сыныбына кірерде бір- біріңді есікте итермелеуге болады.
  • Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болмайды .
  • Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды.
  • Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады.
  • Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды.
  • Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болады.
  • Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет