Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


 Заманауи мектептің оқу-тәрбие процесінде көпмәдениетті тұлғаны



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата07.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#86096
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
3.3 Заманауи мектептің оқу-тәрбие процесінде көпмәдениетті тұлғаны
калыптастыру
Мемлекет басшысының 2012
жылғы 27
қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі 2012 жылғы 29
маусымдағы № 873 Қаулысымен «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту
процесінің
тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі
үлгілік кешенді


60
жоспарды» бекітті. Кешенді құжатта патриотизмді, мораль мен парасаттылық
нормаларын, 
этносаралық
және
қоғамдық
келісімді, 
заңға
мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын
қалыптастыруды жас ұрпақтың санасында еліктеуге үлгі ретінде табысты
қазақстандық адамның бейнесін жасау көзделген [5].
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы
тәрбие жұмысының келесі басым бағыттарын бөліп көрсетуге болады.
Азаматтық-патриоттық тәрбие
Отанымыздың тағдыры үшін жауапты
Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын; әр оқушыда белсенді азаматтық
позициясын; қазақстандық демократиялық қоғамда азаматтық құқықтар мен
міндеттердің тұтас кешенін белсенді, жауапкершілікпен және тиімді іске
асыруға жауапты даярлық пен қабілеттіліктің жиынтығын; өз білімі мен білігін
практикада саналы қолдануды қалыптастыруы және дамытуы тиіс.
Мектептің
оқу-тәрбие 
процесі 
білім 
алушыларда 
патриоттық
құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты, белсенді азаматтық ұстанымды
іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру, Отанды, Қазақстанның мәдениетін,
тарихын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік
рәміздерді білуді насихаттау және елдің жетістіктері үшін жауапкершілік пен
мақтаныш сезімін дамыту арқылы патриоттық сананы қалыптастыруы керек.
Рухани-адамгершілік тәрбие
адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар,
адамгершілік және этикалық
құндылықтар, нормалар мен
қасиеттер
қалыптасуын, діни құндылықтарды игеруді, оқушыларды ана тілін, мемлекеттік
тіл – қазақ тілін, төл мәдениетін, басқа ұлттардың да мәдениетін, дәстүрлері
мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеуді болжайды. Білім
алушыларда дәстүрлі көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған
әлемнің көптүрлілігін, қарама-қайшылығы мен күрделілігін таныту, адам
өмірінің құндылықтарын және әр адамның ерекшелігін түсіну, өз өміріне
ұқыпты қарауға тәрбиелеу көзделеді.
Ақыл-ой тәрбиесі
білім алушылардың стандартты емес шешім қабылдау
қабілетін, тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытумен, ойлау қабілетін, оқу-
танымдық қызметінің функционалдық сауаттылықты меңгеру процесінде
ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.
Еңбек және кәсіби тәрбие
еңбекке жоғары құндылық ретінде дұрыс
қатынас орнатуды тәрбиелейді, технология пәндерінің тәрбиелік әлеуетін іске
асыруды, шығармашылық
еңбекке деген
қажеттілікті дамытуды, еңбек
мәдениетін тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Эстетикалық тәрбие
білім алушыларында көркемдік-эстетикалық сана,
эстетикалық талғам және сезім, көркем-эстетикалық қажеттіліктер мен қабілет
қалыптастыруды көздейді.
Экологиялық тәрбие
ғаламдық экологиялық дүниетану мен табиғатты
қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды, оқушы жастардың
экологиялық мәдениетін, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел
табиғатына деген құрмет пен қастерлеу қатынасын тәрбиелеуді болжайды.


61
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
балалар мен
жастарда
өз денсаулығына жауапкершілік
қатынас орнату дағдысына
негізделген, кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және
психикалық
орнықтылықты
қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің
қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы
білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде
қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.
Құқықтық тәрбие
тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігі мен
мінез-құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын және заңды білетін ғана
емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азаматты, оның ішкі
еркіндігі мен өзіндік қасиетін тәрбиелеуге бағытталады.
Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын
күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспардың басты міндеттерінің бірі ретінде
жалпы 
адамзаттық 
қасиеттердің
негізінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет